Сайрамдық кәсіпкер 20 гектардан 50 тонна қияр өнімін алды

0
117

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар өркендетіп келеді. Биылғы жылы бірінші өнімге мал азықтық дақыл жоңышқа егіп, екінші өнімге тамшылатып суару әдісімен 5 гектар жерге қияр еккен.
Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаев биылғы маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Егілген голландиялық қияр сортын аудандағы консервіленген өнімдерді шығаратын кәсіпорын сатып алуда. Одан бөлек, өнім жергілікті сауда орындарында да саудаланып жатыр. Шаруашылықта өнім жинау уақытында 15-20 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады.

Қиярдың пайдасын және оны кімдерге жеу керектігін айтамыз. Қияр құрамының негізін су құрайды. Сонымен қатар, бұл көкөністе А, В, С, РР, Е, К дәрумендері мен кальций, фосфор, магний, темір, натрий, хром, хлор, марганец, никель, кремний және калий минералдары бар.

Қиярды кімдер жеу керек?

Оның құрамы үйлесімді және құрамында ағзаға қажетті жасұнық болғандықтан барлық адамға жеу ұсынылады. Бірақ әсіресе, ол мына адамдар тобына пайдалы:

– Қалқанша безі ауруы бар адамдар;

– Ісікке бейімді адамдар:

– Жүрек-қан тамырлар аурулары бар адамдар;

– Семіздікке бейімді адамдар.

Тұздалған және маринадталған қияр пайдалы ма?

Егер тұздалған және маринадталған қиярды мөлшермен жесе, оның зияны жоқ. Алайда мұндай өнімде тұз, дәмдеуіш және қышқыл өте көп болатындықтан, ішектер ауруы бар адамдарға жеу ұсынылмайды. Дүкеннің маринадталған қиярының құрамын сыртына қарап, нақты білу мүмкін емес. Сондықтан, оны өзіңіз үйден дайындаған жөн.

Қарапайым қиярды барлық адамға жеуге бола ма?

Қиярды асқазанында жоғары қышқылдылығы бар, асқазан және он екі елі ішек жарасы бар адамдарға жеуге тыйым салынады. Кей адамдарда қиярға аллергия болады. Егер қияр жеген соң жөтелу, түшкіру, теріге бөртпе шығу секілді белгілерді байқасаңыз, ол аллергия болуы әбден мүмкін.

Қиярды қалай таңдау керек?

– Қатты әрі орташа қиярға мән беріңіз;

– Қиярдың құйрығына қараңыз, ол серпінді болу керек;

– Егер қиярдың түк дәні болмаса, онда көптеген зиянды заттар бар болуы мүмкін;

– Сары дақтар да нитраттың көп мөлшерін білдіреді;

– Химикаттардың көп мөлшері қиярдың қабығына және екі ұшына жиналады. Сондықтан, оның қабығын ашып, екі ұшын кесіп тастаған жөн. Әрине, егер қиярды бақшада өзіңіз өсірсеңіз, онда қабығымен жеген пайдалырақ.

Leave a reply