Ақсукент ауылында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХVI сессиясының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері аудандық түрік этномәдени бірлестігінің және неміс этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Қазақстан халқының рухани- мәдени құндылықтарын сақтай отырып аудан аумағында тұрып жатқан 39-дан астам этнос өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын, бүгінде аудандық ҚХА жанында 8 этномәдени бірлестік пен 4 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылғанын және атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Жарыссөзге шыққан түрік этномәдени бірлестігінің көшбасшысы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Яша Чилингаров: Бабаларымыз ұрпақтарына ұлттық құндылықтар жетсін, тарихымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарға нассихаттауымыз қажет -деді.
Сондай-ақ неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александра Утвенко: Біздің спортсмендер туымызды көкке көтеріп, елімізді бүкіл әлемге танымал етіп жатыр. Шетелге барған жастар шетелде отырып, оюлы домбырамыздың қоңыр үнін тыңдатады, ұлтымыздың құндылығын, рухын көтереді.
Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әрқайсысын құрмет тұтуымыз қажет. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы – деді. Басқосу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел бірлігін нығайта түсу қажеттігіне айрықша мән берді.Президент әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек екенін атап өтті. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады.
“Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы бір бауырлас азаматтармыз”, – деді ол.
Тоқаев құқық қорғау органдары кез келген арандатушылықтың жолын кесетінін ескертті.
“Мемлекет заң аясында қатаң түрде этносаралық, тілдік және әлеуметтік сипаттағы барлық арандатушылықтың жолын кеседі. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және заңға сай әрекет етеді”, – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Мемлекетіміз егемендік пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің төртінші онжылдығына аяқ басты. Егемен Қазақстан Республикасының қара шаңырағында 130-дан астам ұлт пен ұлысты, 18 конфессия өкілдері өмір сүреді. Олардың ортақ мәмілеге келуі, бірлікте өмір сүруі ел ертеңі үшін аса маңызды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту басты мақсаттарының бірі болды. Барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға елдің негізгі заңы – Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ біздің елімізде діни сенім бостандығына кепілдік берілген және дін мемлекеттен бөлінген.
Еліміздегі барлық этностар өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын, ынтасын байқап, еліміз барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ұдайы қолдап отырады. Мемлекеттік саясат елімізде нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымда екендігін айта кеткен жөн. Яғни, еліміздегі барша ұлттың өкілдері теңдікте өмір сүріп жатыр деуге болады.
Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің 30 жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен тығыз байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ел дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуімен тікелей байланысты. Ал мұндай мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық үйлесімділік пен келісім.
Түркістан облысында 50-ден астам этнос пен этностық топ¬тардың өкілдері тұрады. Өңірде 11 этномәдени бірлестік бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты 31-сессиясында Қазақстанның дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесі туралы мемлекеттік тілде айту өте маңызды екенін және осы бағытта жұмыс істейтін БАҚ-қа қолдау көрсетілетінін баса айтқан болатын. Қазіргідей жылдам ақпараттар ағыны заманында ең алдымен азаматтық қоғамның этносаяси сауаттылығын арттыру аса маңызды. Бұл бағытта сіздердің, яғни бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің де қосар үлестеріңіз орасан зор.Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері береке-бірлікте өмір сүріп келеді.
2 миллионнан астам тұрғыны бар аймақта 50-ге тарта этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстық ассамблея құрамында 34 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық келісім мекемелері ел бірлігін нығайту, ортақ мақсатқа біріктіру жолында жемісті жұмыс істеп жатыр. Біз таптаурын және ескі тәсілдегі іс-шараларды тоқтатып, этносаралық қатынастар бойынша нақты әрі жүйелі жұмыстарға көштік. Қазақ тілін дамыту бағытында 10 жоба сәтті жүзеге асты.