САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Осы орайда Сайрам ауданында спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарды сондай-ақ, бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда.
Соның бірі Қарасу ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Аудан әкімі Арман Сабитов аталған құрылыс нысанында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады.
Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар. Екі қабаттан тұратын спорт кешенінің жалпы ауданы – 3,2 га.
Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың сәуір айында аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Қарасу ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді.