Сайрам ауданында жыл басынан бері 32,9 млрд теңгеге инвестиция тартылған

0
101

Сайрам ауданының экономикасына жыл басынан 32,9 млрд теңгеге инвестиция тартылса, оның 28,9 млрд теңгесі немесе 76% жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. Бюджеттік емес инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, соңғы жылдары 1,6 есеге артқан. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша облыс көлемінде аудан3 орында, үлесі 6,4%.

Көрсеткіштің өсімін қамтамасыз ету үшін экономика салаларына инвестиция тартып, нақты жобаларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындармен және кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізуді  жалғастыратын боламыз.

 

Сонымен қатар ауданда  ішкі саяси жағдай тұрақты. Өздеріңізге белгілі, белсенді түрде жұмыс істеп тұрған «Парасат» пікір талас клубының тәжірибесі облысқа таратылды. Қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба өз жемісін беруде. Биыл клуб мүшелері 3 рет бас қосқан.

Былтырғы жылы өз бастауын алған «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында өткізіліп жатқан онкүндік іс шаралары жалғасын табуда. Яғни, алдағы уақытта да жұмысымызға оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мемлекет басшысы халық пен билік арасын жақындата түсу керектігі туралы тапсырмасына сәйкес, үш ай сайын халықпен кездесу өткізіп, ауылдарды аралып, шаруалардың жағдайын көріп, көтерілген мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігіне қарай шешілуде.

Сонымен қатар, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде «Сайрам ауданы» парақшасы іске қосылып, ауданға қатысты тиісті ақпараттар күнделікті жариялануда. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында ашылған «Телеграмм ботт», «WhatsApp» желілері арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Өз тарапымнан «TURKISTAN» телеарнасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша тікелей эфирде кеңінен сұқбат берілсе, республика, облыс және ауданға белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ауданның тарихы, руханият пен мәдениетті көтеру, жастар тәрбиесі жайында кездесулер ұйымдастырылған.

Leave a reply