Сайрам ауданы жеке мектептерді салудан көш бастап тұр
Сайрам — ең ірі аудандардың бірі. Ауданының әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл жұмыстар жалғасады. Ауылды дамытуға басты басымдық беріледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жасаған сапарында облысты әрі қарай дамытуды тапсырды. Сонымен бірге, өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Анықтама бойынша Халықтың талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру; Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту; Балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту; Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие беру; Емдеу мекемесі жоқ ауылдарда алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету; Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру; Кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру; Жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерді заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алу; 2025 жылға дейін жолдарды 95% – ға жақсарту; 1 Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару және тағы да басқа.
Айқындаған міндеттер еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Жолдау өзегі – ел үшін еселі еңбек ету. Ендігі жерде әрқайсымыз Мемлекет басшысы жүктеген жауапкершіліктерді сезініп, барлық бастамаларды лайықты жүзеге асыруға міндеттіміз. Бүгінгі жүздесуде осыған дейін өздеріңіз көтерген бірнеше ұсыныстың орындалу барысын баяндаймын. Осыған дейін 15 маңызды мәселелер көтерілген екен, оның басым бөлігі шешімін тапты. Кейбір мәселелерді шешу уақытты талап етеді. Жалпы, айтылған мәселелердің барлығы міндетті түрде шешімін табатын болады. Жаңа ғана Ақсукент ауылындағы 1 200 орындық жаңа мектептің ашылуында болдым. Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан салынған он бесінші мектеп.
Басқаларға үлгі болып, жеке мектептерді салудан аудан көш бастап тұр. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Келер жылға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда (жалпы құны – 1,4 млрд. теңге., а.ж. облыстық бюджеттен 10 млн. теңге). Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. 3 Салынатын мектептер жаңа форматта болады. Пилоттық жоба Астанадан бастау алды. Нәтижесінде, түлектердің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал университеттеріне оқуға түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Жобаның шеңберінде, жоғарыда атап өткен мектептен бөлек, Манкент елді мекенінде, сондай-ақ Ақсу, Ақбұлақ ауылдарында 3 жаңа 600 орындық мектептердің құрылысы жоспарлануда. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 7 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда (жалпы 1,1 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде РБ/ҰҚ – 1,08 млрд.теңге, ЖБ – 25,1 млн. теңге).
Атап айтқанда Нұржанқорған елді мекенінде 300 орындық мектептің қосымша ғимаратының құрылысы және Қарамұрт, Қолкент, Ақсуабад елді мекендерінде 3 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өздеріңіз көріп отырғандай, жас өскелен ұрпақтарымыздың біліміне ерекше көңіл бөлудеміз. Еліміздің болашағы осы жастарымыздың қолында! — Бұдан бөлек, Ақбұлақ елді мекенінде жаңа мәдениет үйі құрылысы басталды. Жалпы құны 220 млн. теңгені құрайды. (а.ж. 100 млн. теңге. бөлінді). 2023 жылы нысан пайдалануға беріледі. 4 — Қарасу елді мекенінде жаңа спорт алаңшасының құрылыс жұмыстарына 200 млн. теңге қарастырылды (жалпы құны – 721 млн. теңге). Аталған нысан 2023 жылға өтпелі. — Қасымбек датқа елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде (а.ж. 82 млн.тг. бөлінді). 2023 жылы нысан пайдалануға беріледі. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 7 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, ал 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған.
Бұл бағытта Ақсуабад, Оймауыт, Ақарыс, Құтарыс, Қызылжар және Көлкент ауылдарын табиғи газбен қамту бойынша 4 жоба жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 5,1 млрд. теңгені құрайды. 2023 жылы нысандар пайдалануға беріледі деп күтілуде (а.ж. ұлттық қордан 1,4 млрд. теңге). Қарасу ауылдық округі Әйтеке би ауылындағы жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша 2 жоба басталды. Келесі жылы пайдалануға беріледі (жалпы құны – 518,6 млн. теңге., а.ж. республикалық бюджеттен 428,5 млн. теңге. бөлінді). Бұдан бөлек, 6 аудандық маңызы бар жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге бөлінді. Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 2022 жылы Сайрам ауданы бойынша 2,5 мың жұмыс орындарын ашу жоспарланды. 5 Қазіргі таңда бұл жоспар артығымен орындалып, 3 253 жаңа жұмыс орны ашылды (о.і. 173 тұрақты, 3 080 уақытша). «Еңбек» бағыты аясында аудан бойынша 9 айдың қорытындысымен 8,5 мыңға жуық адам (8 468) жұмыспен қамтылды (жоспар – 5 617). Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай бір мыңға жуық адам жұмысқа орналасты.
Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында, бүкіл қоғам болып жұмыла жұмыс атқару маңызды. Сайрам – ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Еліміз бойынша ет экспорттау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруден де үздіктер қатарында. Бұның бәрі – осындағы тұрғындардың бірлігі мен еңбегінің жемісі. Тату-тәтті әрі ынтымағы жарасқан елдің жеңісі. Біз осы бірліктен айнымай, Түркістан облысын дамытуға күш салуымыз керек. Аймақтағы өзекті мәселелерді ең алдымен әрине, жергілікті халық жақсы біледі.