Сайрам: Ауыл шаруашылығында ілгерілеу бар

0
139

Сайрам аудандағы басты сала агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамуда. Соңғы 3 жылда 1,2 есеге артық өнім өндірілген. Ал, 2022 жылдың 10 айында 108 млрд теңгеден астам өнім өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артық өнім алынған. Облыс көлемінде ауданымыздың үлесі 11,4%-ды құрап, бүгінгі таңда 2 орынға тұрақтаған.

 

Жаңадан 103,3 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендірілсе, 10,4 га жерге жылыжайлар салынып, 35 га жерге қарқынды бау егілген. Биыл егіс көлемі 52,8 мың гектарға жеткізіліп, шаруалар тарапынан күздік бидай, арпа толығымен жиналып біткен.

Былтыр “Бір жерден бір жылда екі рет өнім алу” жобасы 280 гектарда жүзеге асырылса, биыл бұл көрсеткіш 306,2 гектарға жетті. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, ет өндірісі мен сүт өндірісі де арта түскен.

 

Сонымен қатар биыл агроөнеркәсіп кешенінде жалпы 75 жұмыс орнымен қамтылған 2,7 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылды. Атап айтсақ,

Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы»- диірмені. Жобаның құны 370 млн теңге. Онда өсімдік майын шығаратын цехті іске қосты. Оның құны 37 млн теңге. Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Юг Фуд» ЖШС-і – сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік, құны – 100,0 млн теңге) іске қосылды.  Ақсукент ауыл округіндегі “ЗӘУРЕ” ШҚ – 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасын (құны – 2232,9 млн теңге) іске асырды.

Осы іске қосылған жобалар ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артуына себеп болып, жыл қорытындысын 119,7 млрд теңгеге жеткізуді межелеп отырмыз.

          Ал енді осы саланың өзекті мәселесі – ағын су. Сондықтан аудан көлемінде суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамту барысындағы жұмыстар да жыл бойы тоқтамайды. Атап айтсақ, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан бүгінгі күнге дейін каналдар мен арықтардың жалпы 132 шақырымы тазаланды.

Сонымен қатар, келесі жылы Әсіл, Аламан, Төменгі Аққала, Сай-Манкент елді мекендеріндегі 5 каналды күрделі жөндеуден өткізуге құны 75 млн теңгені құрайтын ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу үшін облыстық басқармаға тапсырылған.

Leave a reply