Thursday, November 21

САЙРАМ: ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ

0
6

«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің мәжіліс залында 25.04.2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын және Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының этнос жастарымен кездесуі өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі, Сайрам ауданының құрметті азаматы Әлібек Байназар, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Ақсукент бастауыш партия ұйымының төрағасы Құдайбенгенов Берік Тұрарұлы және этнос жастары қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиядағы айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Биылғы көктемде алапат су тасқыны оннан астам өңірлерде тұтас елді мекендерді жайпады. Дәл осы қиын-қыстау күндерде халқымыздың бекем бірлігі мен ынтымағы көрініс тапқанын Мемлекет басшысы айрықша атап өтті. Күрделі кезеңде тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсеткен барша Сайрамдықтар ҚХА-ның «Жүректен – жүрекке» ауқымды акциясы аясында Түркістан облыстық Ассамблеясы осы игі миссияның көшбасшысы болды. Түркістандық Ассамблея құны 150 миллион теңгеге жуық 630 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.
Тіл мәселесі мемлекет басшысының үнемі назарында. Мемлекеттік тілге деген көзқарас ерекше. Тіл татулық пен тыныштықтың негізі. Бұл татулық пен тыныштықты сақтау әрбіріміздің міндетіміз.
Аналар мен ақсақалдар кеңесінің қызметін пайдалана отырып, шешімі келмей отырған көп істерді оңынан шешуге болатынын да тілге тиек етті.
Жиында сөз алған Ә.Байназар: біздің алдымызда проблемалар жоқ емес, сол проблемаларды басу емес, солардың алдын алу мәселесіне көңіл бөлуді қолға алу керектігін де ескертті.
Аудандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.

Leave a reply