САЙРАМ: ЖАСТАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
6

Бірлескен жоспарға сәйкес, Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Манкент ауылында орналасқан №11 Манкент жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру, болашаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу, этнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуге Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Есалиев, ҚР Мәдениет қайраткері, Сайрам және Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы Темірбаев Сейдуалы Өмірәлиұлы, Сайрам ауданының білім бөлімнің әдіскері Құралай Мусаева, кәсіби медиатор Сайера Даванова, Сайрам аудандық жергілікті полиция бөлімінің ювеналды тобының инспекторы Бөлеген Төлеген қатысты.
Басқосуда сөз алған М.Есалиев: «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі», – дей келе жастарға сәттілік тіледі.
Бұдан соң өз пікірін білдірген Қ.Мусаева қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екенін атап өтті. Ол өз сөзінде құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқушылардың түнгі мезгілде көшеде, әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін баса айтты.
Кездесуді қорытындылай келе Базарбай Мамадиярұлы: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгі жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің болашағы. Болашағымыз ғұмырлы, салиқалы болуын қаласақ, жасөспірімдердің тәрбиесіне жіті көңіл бөлуіміз қажет», – деді.
Кездесу барысында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

Leave a reply