Пятница, 16 мая

САЙРАМ: ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

0
13
Баршаларыңызға белгілі, Ақсу ауылдық округі, Ақсу-2 елді мекенінде жаңа ықшам аудан салу жоспарланған. Аталған жобаның аудан үшін маңыздылығы мен оның іске асуы туралы бұдан алдын да ақпарат таратқан болатынбыз.
Осыған орай, аудан әкімі Арман Сабитов аталған аумаққа арнайы барып, болашақ құрылыс жүргізілетін орынмен танысып, бірқатар жобалық ұсыныстарды қарап шықты.
Жоспарға сайкес, жаңа мөлтек – заман талабына сай бой көтеріп, ең бастысы тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды көздейді. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлер, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, мәдениет пен спорт нысандары, демалыс және ойын алаңдары бой көтеретін болады. Сонымен қатар, көгалдандырылған аймақтар мен заманауи қоғамдық кеңістіктер де қарастырылған.
Аудан басшысы А.Сабитов жобаның маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл бастама болашақта елді мекеннің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жағдайын жақсартып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бүгінде тиісті құжаттамалар әзірленіп, алдағы уақытта жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Leave a reply