Сайрам: Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді
Сайрам ауданында кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмыстары жақсы жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарлама аясында 175,0 млн теңгелік 2 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен құны 240,0 млн теңгелік 4 жоба қаржыландырылған, микрокредиттік ұйымдар арқылы 2494 адам 1,9 млрд теңгеге несиеленген.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты шешімдер мен тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бұл жастарға үлкен қолдау болып табылады, бүгінгі таңда жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 161 азаматқа мемлекеттік грант берілген.
Жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы, өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Ауданда ауыл шаруашылық бағытында кәсіпкерлік дамып жатыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты, салада 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 156,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 180,0 млрд теңгеге жеткізу межеленуде.