САЙРАМ: МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

0
36
Сайрам ауданында су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар шығаратын зауыт жұмыс істейді. 1931 жылы іргесі қаланған машина жасау зауыты бүгінде жылына 100 насос шығаруда. Кәсіпорында 181 адам жұмыспен қамтылған. Жер көлемі – 5,6 гектар.
«ЮКМЗ» АҚ – Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі. Кәсіпорын 2000 жылы бұрынғы КСРО аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы машина жасау өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі ретінде танымал «Манкентсельмаш» ААҚ негізінде құрылған.
Кәсіпорын еліміздегі мал шаруашылығы фермалары мен шалғай жайылымдар үшін су көтергіш техника мен арнайы техниканы жалғыз жеткізуші болып табылады. Зауыт СНП-500/10 типті сорғы станцияларын шығаратын жетекші өндіріс орындарының бірі. Аталған сорғылар нарықта сұранысқа ие.
Өндіріс орны «Алматы – Термез» халықаралық тас жолының жанында орналасқан. Өз теміржолы және автомобиль кіреберіс жолдары бар.
Сонымен қатар, электрмен жабдықтауға арналған қосалқы станциялармен, ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су қабылдағыш алаңмен, дамыған кәріз желісі, механикалық жөндеу базасы, сапаны бақылау бөлімі мен зертхана, конструкторлық-технологиялық бөлімдермен жабдықталған.

Leave a reply