Thursday, November 21

САЙРАМ: ТҮРІ БАСҚА БОЛСА ДА ТІЛЕГІ БІР

0
25


Сайрам ауданының тұрғындарының назарына маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Түркістан облысында 2 миллионнан астам халық бар. Оның 49,2 пайызы (1 070 484) – әйелдер. Қазір облыстағы 6411 мемлекеттік қызметшінің 1590-ы немесе 24,4 пайызын нәзікжандылар құрайды. Оның ішінде 256-сы немесе 16 пайызы басшылық лауазымдарды атқарып отыр. Облыс көлемінде 155 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 48 мыңға жуығы – ханымдар.
Үкіметтік емес ұйымдар білім, балалар құқығын қорғау бағытында жемісті еңбек етуде. 2023 жылдың соңына дейін «Бестерек» жобасы аясында мектептердің 1200 педогог-психологы білімдерін арттырады. Мақсат – оқушыларға жаңа тәсілде психологиялық көмек көрсету.
Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдер арасында суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында белсенді жоба іске асуда. Жиын соңында Астана қаласында өтетін «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» тақырыбындағы Қазақстанның ХІ Азаматтық форумына Түркістан облысы атынан қатысатын делегаттар сайланды.
Діни, мәдени айырмашылықтарға қарамастан Қазақстанда этносаралық келісім сақталған. Бұл мақсатта Қазақстан халқының Ассамблеясы деген ұйым құрылып жұмыс жасап келеді. Әлемде аналогы жоқ ұйымның елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауға қосып жатқан үлесі шексіз.
Этносаралық қатынастардың қазақстандық моделі — мемлекет құрушы халық қазақтар, шоғырландырушы, үлестіруші ұлт -қазақтар. Басқа этностар қазақ халқының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай отырып, өз халқының дамуына үлес қосып, ортақ мемлекетіміздің кемел келешегі үшін бірлесіп, еңбек етуге мүмкіндік беру.
Бүгінгі таңда қазақтармен бірге көптеген ұлттық диаспоралардың өкілдері тұрады. Осыған байланысты этносаралық келісім мен дамудың оңтайлы моделі, былайша тұжырымдалады: Қазақстан — жаңа этникалық қауымдастық емес, әртүрлі ұлт азаматтарының бірлігі.
Қазақстанда қоғамдық келісімді қалыптастыру мәселесі елдің көпұлтты болмысымен түбегейлі тығыз байланысты. Ал өзіндік ерекше, көп бағытты және кейде өзара шектелетін мүдделері бар әр түрлі топтарды бір бүтінге біріктіру – өте күрделі міндет. Әдетте, бұл процесс ұлттық өзін-өзі тану жағдайындағы белгілі бір қиындықтармен, этно-ұлтшылдық сезімдердің мерзімді көріністерімен бірге жүреді.
Әмбебап механизм жоқ, оның арқасында белгілі бір идея негізінде азаматтық ұлт қалыптастыруға болар еді. Әр мемлекет өз мемлекетінің этникалық құрамына, тарихи -аумақтық ерекшеліктеріне, заңнамалық нормаларына, стратегиялық және идеологиялық принциптеріне назар аудара отырып, этнополитика мәселесін шешеді. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі шарты – әр түрлі этностардың мүдделерін үйлестіруді жүзеге асыру әлеуметтік тұтастықтың бұзылуына әкелмейді және ұлтаралық шиеленістің көрінуіне ықпал етпейді. Жалпы, ұлтаралық шиеленістің болуы әрқашан ашық қақтығыстарға әкелмейді, сондықтан бұл құбылыстың факторларын уақытында болжап, алдын алу қажет.
Қазақстанның теңдестірілген этносаралық саясаты демократияның тұжырымдамалық негіздерін құрайды. Бірақ демократия, біз білетіндей, басқаша. Бұл жағдайда қазақстандық демократия этносаралық қатынастардағы принциптерді бөлу парадигмасынан интеграциялық қатынастарды біріктіру принциптеріне айналды.
Біз тәуелсіз ел атанған соң бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі заңнамаға, мемлекеттік және азаматтық бастамаларға, сондай -ақ азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы сындарлы диалог негізінде қалай байып, дамығанын көрдік. Сонымен қатар, осы салыстырмалы қысқа уақыт ішінде, іс жүзінде, мүмкін болатын іске асыру тұрғысынан оларды шешуді және талдауды қажет ететін көптеген мәселелер жинақталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтық қоғам институттарына, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріне аса зор маңыз беріп отыр. Нәтижесінде жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау қаржысының көлемі арта түсуде.
Сонымен бірге облыстағы бірқатар үкіметтік емес ұйымдар шетелдік қорлардың гранттарын жеңіп, түрлі бағыттарда жұмыстарын жүргізуде. Осы жиынды пайдаланып, үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдағы аса өзекті проблемаларды бірге шешуге шақырамын. «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрайымы Инара Намазбаева жүргізіп отырды. Түркістан облыстық полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жетекшісі, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева ана мен бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Форумның күн тәртібінде отбасылық және гендерлік саясат мәселелері қаралды. Ұсыныстар беріліп, жоспарлар жасалды.
Этнос, диаспора, этносаралық қатынас – елдегі бірлік пен берекенің басты кілті. Қазақстанның этносаралық саясаттағы және қоғамдық келісімді дамытудағы саясаты көп елге үлгі болуда. Бұл әсіресе Орталық Азиядағы елдер үшін аса маңызды. Қазақ халқы мемлекет құраушы ұлт ретінде басқа да ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін, тарихын сақтауына барлық жағдайды жасап отырған бірден бір ел.
«Бірлік болмай-тірлік болмас» деген мақалды басты қағида етіп ұстанған қазақ халқының санасында, тарихында соғысқұмарлық пен жаулап алушылық, басынушылық болмаған. Тарихтан алып қарасаңыз қазаққа басқыншылық жасағандардың аямай жазасын берген. Ал өздері ешқашан біреудің жеріне көзалартып, соғыс ашпаған халық. Қазақ толренттығы дегеніміз – басқа этностардың салт-санасына, діні мен тіліне деген төзімділік танытуымен ерекшеленеді. Діни, мәдени айырмашылықтарға қарамастан Қазақстанда этносаралық келісім сақталған. Бұл мақсатта Қазақстан халқының Ассамблеясы деген ұйым құрылып жұмыс жасап келеді. Әлемде аналогы жоқ ұйымның елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауға қосып жатқан үлесі шексіз. Әрине, Жамбыл облысының Қордай ауданында, Масаншы ауылы секілді бірнеше жерлерде орын алған жастар арасындағы кикілжіңнің саясаи сипат алуына жол бермей, ұлтаралық қақтығысқа жатпайтын бұзақылық әрекет ретінде танығаны үшін қоғам арасында Ассамблеяның беделіне нұқсан келгені жасырын емес. Дегенмен мемлекеттік көзқараспен, саяси тұрғыдан алғанда елде орын алған кез-келген конфликтілік жағдайды ушықтырмай ұстап отыру қиынның қиыны екені сөзсіз. Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанда орын алатын кез-келген конфликтінің арты азаматтық соғысқа немесе жаппай берекесіздікке әкелуі мүмкін. Оның нәтижесінде еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығына қауіп төнеді. Ал оны дер кезінде басып тастауға мемлекеттің ресурсы жетпейді. Жеткен күннің өзінде шетелдегі Қазақстанның саясатын ұнатпайтындар пайдаланып, ушықтырып жіберуі мүмкін. Бұл жаппай тәртіпсіздік экономикалық, әлеуметтік, саяси тұрақсыздыққа әкелетіні бесенеден белгілі.

Leave a reply