САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕТІН БОЛДЫ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында орналасқан «Сайрам» тұрғын алабы «Тассай» бөлімшесінде Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, қалалық мәслихат депутаттары Л.Сулайманов және Ж.Таңатарова, «ШымкентСуШар» МКК-нің басшысы С.Сатқанбаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жауапты мамандары және жергілікті тұрғындардың қатысуымен кездесу өтті. Бұл туралы Infonews.kz ақпараттық агенттігі хабарлап, Шымкент қаласының баспасөз әкімдігіне сілтеме жасады.
Кездесу барысында қалалық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Л.Сулайманов өз қаржысы есебінен су мұнарасымен су ұңғымасын ретке келтіріп, 420 үйді сапалы ауыз сумен қамтуға көмек көрсететінін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Парманов тұрғындарға табиғи газдың қаладағы АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының аяқталуына қарай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында қосылатындығын жеткізді. Одан бөлек, ішкі орамдық көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық есептер әзірленіп, алдағы бюджетті нақтылау барысында бюджетке ұсынылатынын да атап айтып өтті.