Thursday, November 21

САЙРАМ: ХАЛЫҚТАР АССАМБЛЕЯСЫ – ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

0
22


Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Осы ретте сайрамдықтардың назарына Ассамблея қызметінің Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделінарттыруға ықпал ететіндігі туралы мәліметтерді ұсынамыз.Қазақстан халқы Ассамблеясы – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме. Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Қазақтардың мәдени – этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40-тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы. Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері тең арақатынас қағидасы бойұсынады. ҚХА-ның төрағасы – ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар ардагерлер кеңесі өкілдерінен, Кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.
Сонымен қатар, «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыппен өтіп жатқан елдік іс-шараның алғашқы күні сарапшылар халық Ассамблеясының саяси реформаларды жүзеге асырудағы орнын және осы бағыттағы ой-пікірлерді, жобаларды талқылады. Сондай-ақ Ассамблеяның «азаматтық қоғам мен мемлекеттің қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін үйлестіретін негізгі инс¬титут» екенін атап өтті. «Бұл бағытта азаматтық қоғам институттарының әлеуетін пайдалану – саяси мәдениет пен саяси сауаттылық деңгейін көтеруде маңызды», деген Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ассамблеяның тағы бір маңызды қызметін атап өтті. Кейінгі кезде Ассамблея қоғамдағы өзек¬ті мәселелерді қозғап, оның шешімін табу¬ға зор үлес қосып келеді. Мәселен, ҚХА жанында аналар, ақсақалдар кеңесі, ме¬диа¬ция институты құрылды. Ассамблея өкіл¬дерінің айтуынша, бұл мекемелердің бар¬лығы заңға сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен мақсатының өзі этномәдени бірлестіктердің рухани күш біріктіруінен, этномәдени бірлестіктердің, олардың мәдениеті, тілдері мен дәстүрлерінің өркен¬деуін, сақталуын және дамуын қам¬тамасыз етуден тұратыны белгілі. Бұл орай¬да ел азаматтарын қоғамдық-саяси өмір¬ге жұмылдыруға, мемлекеттік тіл мен оның мәртебесін ілгерілету басты ұста¬ным¬ға айналуға тиіс. Сондықтан да спи¬ке¬рлер Ассамблеяның мемлекеттік тілді дамытуға қосқан нақты үлесі мен мем¬лекеттік саясатты жүргізудегі бағы¬тына тоқталды. Бұдан бөлек, Ассамблея қо¬ғам¬дағы өзекті мәселелерді барынша қо第ғап, оның шешімін табуға зор үлес қо¬сып келеді. ҚХА жанында аналар, ақса-қал¬дар кеңесі, медиацияның жұмысы соған дәлел.
Адамзат эволюциясының мыңдаған жылдарға созылған тарихындағы соғыстар мен шағын қақтығыстардан бүгінгі таңда туындап шығатын нақты нәтиже – өзара келісімділік пен үйлесімділік философиясына келіп тіреледі. Оның негізгі идеялары; соғыстар мен қақтығыстар оған қатысушы тараптардың ешкайсысына да таза абсолютті игілі алып келмейтіндігімен, адамзаттың өзара түсіністікпен бейбіт қатар өмір сүруінің заманы келіп жеткендігімен, адамзат тек жер жағдайындағы жаңа қатерлермен бірігіп қана күрескенде қол жеткізе алатындыгымен, адам саналы болып жаратылғандықтан өзара үйлесімді тіршілік етуге тағайындалғандығымен т.б. келіп шартталады. Отандық ғалымдарымыз осы ахуалдарды жалпы бір ұғымға сыйғызып, оны «өзара түсіністік философиясы» деп атап, әдіснамалық-теориялық және тәжірибелік бағдарларын ұсынған болатын.Тарихтағы кикілжіңдер мен соғыстардың шығу себептерінің көбі, этнос аралық және дін аралық тартыстардан туындап жатты, ол қаншама бейбіт тұрғындарға қаншама зардаптар алып келгендігін есептеудің өзі ұлы трагедия.
Осындай салдарды терең түйсіну нәтижелерінің бірі – еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі, этносаралық және ұлтаралық келісімділік саясаты. Бұл беталыс бүгінгі таңда Қазақстандық тәжірибе ретінде әлемге танылып келе жатқандығы баршаға аян. Осы идеяның бүгінгі таңда іске асқан тәжірибелік көріністердің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы еді. Ол өз кезегінде, саяси, әлеуметтанулық, психологиялық, философиялық, мәдениеттанулық тұрғыдан зерттеулерді қажет ететін күрделі қоғамдағы құрылым. Осыған байланысты, біз, оның саяси-әлеуметтік астарлары мен тәжірибелік маңызын туындата отырып, қысқаша тоқталып өтпекпіз.
Ол тарихи тәжірибемізде бұрыннан іске келе жатқан көп ұлтты келісімнің ресмиленген жобасы болып табылады. Сондықтан, арнайы құжаттар арқылы бекітілген бұл ассамблея елесі кезекте, жүйелі жұмыс жасауға қарай бет бұрады. Егер, ол ресми емес болса, жұмыс жүйесіз болар еді. Яғни, оның ресмиленуі ұлттар достығының жүйелі түрде жұмыс жасауға болашаққа бағдарламалар құруы, сөйтіп, үлгілерінің әлемге танылуы т.б. ерекшеліктермен айғақталады.
Ол тек ұлт аралық қана емес, дінаралық келісімнің, ұлттық, діни төзімділіктің, гендерлік теңдіктің т.б. қызметтерін қоса атқара алады. Себебі, әр түрлі ұлт өкілдерінің діни сенімдері де көп жағдайда, әр түрлі болып келеді. Діни немесе ұлттық, діни төзімділік тұжырымдамасын тәжірибелік қыры осы Ассамблеямен шешім таба алады.
Қазақстандық көп ұлтты нұсқа, бір қырынан, жергілікті қазақ халқының әлі де болса, сақталып келе жатқан рушылдығы мен жүзге бөлінушілігінің психоәлеуметтік тежегіштерінің бірідеп айта аламыз. Көп ұлттылық алдында жергілікті халық қазақтар өзара біріге түседі, ауызбіршілік орнайды. Егер де модель жасасақ: еліміз көп ұлтты болмай, 90-95 пайыз қазақтар тұратын болса, онда «ру аралық Ассамблея» құру қажеттігі туындауы да ықтимал. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақ еліңде, шындығында, бұрын төре, қожалар апартеиді орнап келе жатқандай болатындай беталыстар байқалғандығы жасырын емес немесе мигрантофобияға аналогиялық түрде бүгін де аздап көрінісі табатын «оралман фобиясы» деп атауға болатындай климат күшейіп те кетер еді.Ассамблеяда өзге ұлттардың елімізге деген отансүйгіштік сезімін оятудың бастамалары жатыр. Олар өздерінің жат елде өмір сүріп отырған жатсынушылықтан белгілі бір деңгейде арылып, Қазақстанды өзінің өмір сүріп тұрған елі, Отаны ретінде бағалауына алғышарттар ашатын да осы Ассамблеясы болып табылады.
Бұл Ассамблея өздігінен басқа ұлттардың, тіпті әлемдік деңгейдегі болмасын мәдениет аралық сұхбаттастығының таза тәжірибелік көрінісі деп есептеуге болады. Мысалы, Германияға бармай-ақ та, отанымыздағы немістер арқылы олардың болмысың, мінез-құлқын, өнері мен әдебиетін зерделеп, тәжірибе алмасуға мол мумкіндіктер ашылады деген сөз. Яғни, Ассамблеядағы ұлттар түрі көп болған сайын, мәдени сұхбаттастық арнасы мен түрі де кеңейе түсетін болып шығады.
Ол – ұлттар достығы арқылы жүзеге асатын жалпы қазақстандық гуманизмнің, моральдің адамгершіліктің өзіндіқ бір үлгісін жасауға да алғышарт болып табылады. Тағдыр тілкегімен келген өзге ұлт өкілдері отанымызда қалып қойғандығы үшін кіналі емес және оны басқа да барлық отанымыздағы ұлттар терең түсінеді дегенді білдіреді. Ендеше, осындай гуманистік тұғырды, біз, келесі кезекте, тұтастай «Қазақстандық гуманистік үлгіге» айналдыруымызға да мүмкіндіктер бар дей аламыз. Бұл да қазіргі моралдық құлдыраушылық жағдайында әлемге нұсқа боларықтай жарұын перспектива аша алады. Яғни, мүлде басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластық қатынастың басталуы – жалпы басқа да адамгершілік нормаларға жол аша түспек.
Басқа ұлттарға ұлттар, олардың діни сезімдеріне деген төзімділік көзқарас, елімізде әлемге «Сенімді бейбітшіл ел» ретінде танылып келеді. Ол жай ғана құр халықаралык бедел емес, өзге елдер тарапынан отанымызға шет елдік инвестиция тарту, турістік сапарға келушілерге деген есіктің ашык болуы, мәдени сұхбаттастық орнатуға деген сенімдік т.б. алып келетін алғышарт болып табылады.
Оны Біріккен Ұлттар Ұымының жекелеген, шағын үлгісіне ұқсатсақ, онда, БҰҰ-ның жарғысындағы негізгі мәселелер осы Ассамблеяда сол жеке еліміздегі ұлттарға қатысты тұрғыдада, сәйкесінше, Ассамблея міндеттері мен қызметтерінің жобасың, атқарылып жатқан іс шараларды аналогиялық түрде бір біріне көшіріп, өзара тәжірибе алмасып, жаңарту міндеттері орын алады да, біздің Ассамблеямыз «Дүниежүзі халықтарының Ассамблеясының ядросына» айналуға бет түзейді деген сөз.
Бізде өзге ұлт өкілдерінің бірігіп өмір сүруінің бірнеше жылдық тарихы бар, олар этностық бейшмделудің бастапқы сатысын әлдеқашаннан-ақ бастап кеткендіктен, жоғарғы сатыларына қарай өрлеп келеді. Осыған байланысты, этносаралық ахуалдың қалыпты индикаторларының талаптары да барынша жоғарыға қарай өркендеу үстінде. Олай болса, біз бейімделудің жаңа бағдарлары мен индикаторлардың дамыған шарттарын тәжірибеден өткізіп, әлемге ұсынуға қарай бет түзеп келеміз.Ассамблея еліміздегі ұлт аралық түсіністік қана емес, соның перифериясындағы басқа да мәселелерді шешуге ықпалдасатындай болуы тиіс. Ол әрине, таза саяси мәселелермен шұғылданбаса да, сессияларында өзекті мәселелерді талқылап, өзіндік ұстанымдары мен пікірлерін ұсынуы шарт. Сонда, біз барлық ұлттардың біріккен мүдделерінің қоғамдағы өзекті ахуалдар туралы пікірлерінен хабардар бола аламыз.
Қорыта айтқанда келгенде, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын жүйелі жүргізіп келе жатыр, оның саяси-әлеуметтік маңызы өте жоғары.

Leave a reply