Thursday, November 21

САЙРАМ: ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ

0
29


Сайрамдық тұрғындардың назарына еліміздегі этномедиация бағытын дамытуға арналған жобалар жүзеге асырылып, кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлар арнайы курстардан өткендігі жөніндегі ақпараттарды ұсынамыз. Ғылыми сарапшылық топтың қызметі нәтижесінде аймағымыздағы этносаралық ахуал ғылыми тұрғыда талданып, мемлекеттік этносаясаттың жүйелі жүргізілуіне септігін тигізуде. Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен ЭМБ құрылымдарының қатысуымен этнос өкілдері тығыз орналасқан аудандар мен ауылдық елді-мекендерде көш керуен акциясы өтуде. Этномәдени бірлестіктердің атаулы мерекелері де назардан тыс қалмаған. Осы уақыт ішінде Корея халық батыры Хон Бом ДОның мемориалдық кешені қайта жаңғыртылды және «Славяне» этномәдени бірлестігінің 25 жылдығы, Татар этномәдени бірлестігінің 30 жылдығы, «Алекс» би өнері мектебінің 25 жылдығы, республикалық «Корё ильбо» газетінің 100 жылдығы, Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға қоныстанғанына 80 жылдығы, Славяне, Татар, Корей, Неміс бірлестіктерінің мәдени күндері аталып өткен. Қазан айында облыстық Корей этномәдени бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толуына орай гала-фестиваль өткізіледі деп жоспарлануда.
Қоғамдық бірлік пен татулықты мақсат еткен өңірлік Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері су апатынан зардап шеккен аймақтарға «Күшіміз бірлікте» және «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында 3 тонна гуманитарлық көмек жіберіп, айрықша үлестерін қосқан. Биыл 5 айдың ішінде Ресей, Өзбекстан елдерінің Бас Консулдарымен кездесулер өткізіліп, облыстың сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-рухани, туризм, білім және ғылым салаларында өзара ынтымақтастық орнату жөнінде нақты ұсыныстар талқыланған. Аталған жұмыстар аймақ экономикасының тұрақты дамуына серпін беріп, өңірдегі қоғамдық келісім мен бірегейліктің нығаюына өз септігін тигізуде. Ассамблеяның бүгінгі күні халық біле бермейтін тағы бір қызметі қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысуы болып отыр. Қазақстанның «Қайырымдылық туралы» заңының 7-бабына сәйкес, Қазақстан халқы ассамблеясы ел ішінде мұқтаж топтарға көмек көрсету қызметін үйлестіруге қолдау көрсететіні белгіленген. Осы мақсатта жыл сайын Қазақстан халқы ассамблеясы жалпыұлттық акциялар ұйымдастырып, жағдайы нашар отбасыларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсету, көпшілік қолдану мақсатында спорттық алаңдар салу, балалар үйі түлектерін қолдау секілді жұмыстармен де айналысады. Ал этномәдени орталықтары әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап, еліміздің мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді. Көптеген өңірлерде Достық үйлері құрылып, жұмыс істеуде. Жыл сайын Ассамблея мыңдаған іс-шара ұйымдастырып, оларға миллионнан астам адам қатысады. Осылайша ынтымақ ұйытқысына айналған ұйым бұл мақсаттарды жоғары деңгейде орындап келеді.
Қазақстан жүзден аса ұлт пен ұлысқа алтын ұя, Отан болып отырған берекелі шаңырақ. Бір анадан туған балалардың өзі бір-бірінің тілін таппай, пікірі үйлеспей жатқанда әртүрлі ұлт пен ұлысты бір мақсатқа ұйыстырып, бірлігін сақтау оңай дүние емес. Мұндайда көреген саясат пен кешенді бастамалардың көмегі керек-ақ. Халықтың татулығын нығайтып, ынтымағын арттыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі ауқымды. Ассамблея тек балалар тәрбиесіне көңіл бөліп қоймай, ел тарихындағы айтулы оқиғаларға, қоғамды дамытуға ықпал ететін шараларға мұрындық болып, елдік мәселелерді талқылауда да биік мінберге айналған. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай республикалық ғылыми – әдістемелік семинардың өтуі сөзіміздің дәлелі.
Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл – аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі, қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат.Ассамблеяның алқалы жиынын жыл сайын ел бірлігі күніне орай өткізу дәстүрге айналды. Бұл сессия – көктем мезгілінде мемлекеттік деңгейде өтетін ең ауқымды іс-шара. Мұнда еліміз үшін өте маңызды ұсыныстар айтылады. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
“Мен былтырғы сессияда Ата заңымызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Бұл – Ата заңымыз қабылданғаннан кейінгі алғашқы референдум. Біз осы бастама көтерілген кезде ел тағдырын айқындайтын маңызды жолдың бастауында тұрдық. Мақсатымызды айқындап, нақты жоспар құрдық. Дәл осындай тарихи сәтте халықтың бірауыздан қолдау білдіруі өте маңызды болды. Осыған орай түрлі ұсыныс айтылды. «Өзгерісті Парламент арқылы жасау қажет» деген пікірлер де болды. Бірақ біз әрбір азаматтың пікірін білген жөн деп шештік. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағидатты ұстандық. Осылайша, «Келісіп пішкен тон келте болмайтынына» бүкіл ел болып көз жеткіздік.Бір жылдың ішінде атқарылған жұмысқа зер салсақ, былтырғы референдумның тарихи маңызы зор екенін түсінеміз. Бұл Әділетті Қазақстанды құру ісіне бүкіл халықты жұмылдырған науқан болды. Жұртымыз жауапты сәтте ұлт ретінде ұйыса алатынын көрсетті. Референдумның түпкі нәтижесі және халқымыздың басты жетістігі – осы.Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі”,– деді Президент.
Ассамблеяның міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау әрі дамыту. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе беріліп, ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда Тұңғыш Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналып, оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалды.
Ассамблея жұмысының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсіністік ахуалы қалыптасты.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді. Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады.
Қазақстан халқы Ассам¬б¬лея¬¬сының ел этностары ара¬сындағы этносаралық қатынас¬тарды үйлестірудегі табысы және этностардың қазақ халқының айнала¬сында Қазақстан халқының бір¬¬тұтас халқына кірігуі міндет¬терін табыс¬ты шешу болды. Қазақ¬станның Негізгі Заңы¬ның кіріс¬песінде «ортақ тарихи тағдыр бірік¬тір¬ген, байырғы қазақ жерінде ме쬬ле¬кеттілік құра отырып» деп жазылғандай. 2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде Ассамблея өзінің атауын өзгертеді, «халықтар» сөзі Қазақстан «халқы» деген сөзбен алмастырылады. Шартты түрде оны қалыптас¬тыру мен дамытудың 4 негізгі кезеңін бөліп көр¬сетуге болады.
Бірінші кезең (1989 жылдан 1995 жылға дейін). Этномәдени бірлестіктер құру басталғаннан бастап 1995 жылғы Конс¬титуцияны қабылдау және Қазақ¬стан халқы Ассамблеясын құру нәти¬жесінде қазақстандық модельді заңна¬ма¬лық және институттық ресім¬деу басталғанға дейін сипатталады. Екінші кезең (1995 жылдан 2002 жылға дейін). Қазақстандық этностар¬дың салт-дәстүрлерін, тіл¬дері мен мәде¬ниетін сақтау құнды-лықтары мен аза¬маттық қағидатын үйлесімді ұштас¬тыру негізінде қазақстандық бірегей-лік¬тің негізгі параметр¬лері айқындалды.
Қа¬зақ¬¬¬стандық қоғамның егемен¬дік¬ті, мем¬ле¬кет¬тілікті, ба¬йыр¬ғы қазақ жерінде мем¬лекет құраушы қазақ халқының айна¬ласын¬да және ел тағ¬¬дыры үшін тарихи жауаשּׁкер¬¬ші¬лік¬те шоғырлануы қамтамасыз етілді.
Үшінші кезең (2002 жылдан 2007 жыл¬ға дейін). Этносаралық қатынас¬тар¬¬дың қазақстандық үлгісін қалыптас¬тыру жөніндегі нысаналы саясатты қам¬тиды. Бірқатар бағдарламалық құ¬жат¬¬¬тар әзір¬леніп, қабылданды – Қазақ¬¬стан халқы Ас¬самб¬леясы¬¬ның 2011 жылға дейінгі стра¬т嬬гия¬¬сы, Тіл¬дерді дамыту мен қо묬¬дан󬬬дың мем¬лекеттік бағдар¬лама¬сы, 2006-2008 жыл¬дар ара¬лы¬ғында Этнос¬аралық және кон¬фес¬¬сия¬ара¬лық келісімнің қазақ¬¬стан-дық үлгі¬сін жетілдіру бағдарламасы іске асы¬рыл¬ды.Төртінші кезең 2007 жылы басталды. Бұл кезеңде елдің этнос¬тық бедерінде болған түбегей¬лі өзге¬рістерді бейнелеу үшін Ассам¬блеяның атауы өзгертілді. Бірінші қағидат. Этностық, конфес¬сия¬лық, мәдени, тілдік әралуандық біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Ол біздің қоғамның идеоло¬гиялық, адам¬гер¬шілік, рухани негізін құрай¬ды, қоғам¬ның тұрақты дамуы үшін тың қуат береді.Екінші қағидат. Мемлекет Қазақ¬стандық этностардың мәде¬ниеті мен тілдерін дамыту үшін нысаналы түрде барлық жағдай жасайды.Үшінші қағидат. Толерант¬тылық пен жауапкершілік ұлты¬мыздың маңызды құндылықтарына айналды.
Төртінші қағидат – қазақ халқының шоғырландырушы рөлі. Қазақ халқы әрқашан ұлт¬тың ұйытқысы бола білді. Ол бола¬шақта да біздің қоғамымызды бірік¬тіру¬ші болып қалуы тиіс. Бұл қазақ халқына елдің болашағы үшін айрықша жауапкершілік жүктейді.Бесінші қағидат – Қазақстан халқы¬ның бірлігі – Қазақстан халқы Ассамб¬леясының атауында көрсетілген. Біздің Консти¬туция¬мыз «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқымыз» деген сөздермен басталады.
Ассамблея бүгінгі таңда қоғам¬дық келісім мен бірлікті нығайту, халықты біртұтас саяси ұлтқа біріктіру міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоға쬬ның сұраныстарына жауап береді және Елбасы қойған негіз¬гі міндеттерді орындайды. Ассамб-лея қоғамдық келісім мәселелерін маңызды құндылық деп санайтын барлық адамдарды бірік¬тіреді. Олардың қатарында мың¬нан астам этно¬мәдени ұйым¬дар, өңірлердегі «Қазақ тілі» қоға쬬дары, жастар қозғалыстары, сон¬¬дай-ақ, республика бойын¬ша 2753 Қо¬ғамдық келі¬сім кеңесі мен 1801 Аналар ке¬ңе¬сі бар. Қа¬зір¬гі кезеңде, Елбасының тапсыр¬ма¬сы¬мен құ¬рылған осы құры¬лым¬дар, бірінші к¬езек¬те жергілікті қоғам¬дастықтар дең¬ге¬йін¬де «халық үніне құлақ асатын мем¬ле¬кет¬тің» тұ¬жы¬рым¬дамасын жеткізеді және «кері байланыс» тетігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрыл¬ған¬нан бергі ширек ғасыр ішінде ол халық¬аралық қоғам¬дастықтың Қазақстан¬ды оң баға¬лауына ықпал ететін халықара¬лық мойындауға ие болған институтқа айналды. БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан және Пан Ги Мун елімізге сапарлары барысында Ассамблея жұмысын жоғары бағалап, оны «БҰҰ-ның миниатюрасы» деп атады, сарапшылар келісім арқылы және біріктіруші бастамаларды нығайту жолымен барлық ұлттық топтардың дамуына негізделген ұстанымның дұрыс екенін жазады.Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Уақыт бір орында тұрмайды, өмір өтеді, күн тәртібі өзгереді, алайда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық кезеңінде қоғамның бірлігін сақтау мәселесі басты мәселелердің бірі болып қала береді.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Сындар¬лы қоғам¬дық диалог – Қазақстанның тұрақ¬ты¬лығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында бұл жұмыстың бағытын нақты түрде айрықша атап өтті: «Қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін ескере отырып, этносаралық кел¬ісім мен дінаралық өзара түсіністікті нығайту¬ды жалғастыру қажет».
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қоғам¬дық келісімді нығайту міндетін белгілей отырып, бұл – бүкіл қоғамның күш-жігерінің нәтижесі деп есептейді. Қазақ халқы мемлекет құрушы рөлге ие болады, соның негізінде этносаралық келісім мен дінаралық өзара түсіністікті нығайту жалғастырылады. Бұл ретте, «Ел бірлігі – оның әралуан¬дығында» қағидаты Мемлекет бас¬шысы¬ның басты ұстанымы болып қала бере¬ді, ол біздің елімізде барлық этностық топ¬тар¬дың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасауды жалғастыратын болады.

Leave a reply