Thursday, November 21

САЙРАМ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

0
21


Қазіргі кезеңдегі жаһандану үрдісінің және мәдени унификацияның дамуы этносаралық қатынастар мен этникалық бірегейлік мәселесіне тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Бір жағынан, жаһандану үрдісі аймақтар арасындағы мәдени шекараның жойылуына ықпал етсе, екінші жағынан, ұлттық мәдениеттер, тіл және менталдық ерекшеліктер төңірегіндегі пікірталастарды күшейтіп отыр. Сайрам ауданының тұрғындарының назарына Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы тағылымды мәліметтерді ұсынамыз.
Әсіресе, бұл мәселе көпұлтты мемлекеттерде орын алған. Өкінішке орай, этникалық фактордың және ұлтаралық қатынастардың әлі күнге дейін әртүрлі шиеленістердің детонаторы болып табылатындығын әлемдік
тәжірибе көрсетіп берді және оның деструктивті қуаты қазіргі ақпараттық және гибридті соғыстар кезеңде күшйіп отырғаны белгілі.
Өзімізге белгілі, Қазақстан — өзіндік демографиялық және этномәдени ерекшеліктері бар көп этникалық мемлекет болып табылады. Әлемдік тәжірибеде ұлттық мәселені шешудің үш тәсілі қалыптасқан. Біріншісі — мемлекеттен басқа ұлт өкілдерін қатаң заңдарды енгізу, мемлекеттен кетуін талап ету және тікелей қорқыту арқылы «қысым көрсету» саясаты, екіншісі — ұлттық мәселенің өздігінен шешілетіндігіне үміт артып, оны елемеу тәсілі, еліміздің таңдап алған ең дұрыс үшінші тәсілі — халықтар арасындағы келісім мен
өзара сенім зонасын кеңейту және түйістіру тәсілі болып саналады. Сондықтан, Қазақстан Республи касы өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап халықтарды біріктіру және әртүрлі диаспора лардың мәдениетін дамыту саясатын жүргізіп келеді. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен рөлі де жоғары.
Аталмыш заңның нормаларына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету деп айқындалған.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттарының ішінен келесілері бүгіндегі қоғам үшін маңыздырақ. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;этносаралық қатынастар аясында, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру; этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу.
Ассамблеяның құрылымына келесілер кіреді:
– Ассамблеяның Сессиясы;
– Ассамблея Кеңесі;
– Ассамблея Аппараты (Хатшылығы);
– Ассамблеяның атқарушы органы;
– Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары;
– Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері;
– Ассамблеяның ғылыми-эксперттік кеңесі;
– Ассамблея аясындағы ұлтаралық қатынастар бойынша журналистер мен эксперттер клубы;
– «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры» Қоғамдық қоры;
– «Тілдарын» тілдерді оқытудың иноовациялық технологиялары әдістемелік орталығы;
– Қазақстан халқы кәсіпкерлерінің ассоциациясы.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы, яғни Төрағасы болу құқығы Қазақстан Республикасының тұңғыш һәм экс Президентiне тиесiлi.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
Заңға сәйкес, Сессияның шешімін Ассамблеяның Төрағасы бекітеді. Ассамблея Сессиясының шешімдеріндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұсынымдар және ұсыныстар міндетті түрде қарауға жатады.Яғни заңның осы нормаларынан көріп отырғанымыздай, Ассамблея шешімдері кеңес беру, рекомендация жасау сипатында болғаныменде, оның Ассамблея Төрағысымен бекітіліп, және де оларды заң бойынша мемлекеттік органдардың қарастыруының міндеттелуі, Ассамблеяның кеңес беру және рекомендациялық сипаттағы шешімдерінің саяси салмағын арттырып, міндетті түрде орындалуына алғышарт жасайды. Бұл іс жүзінде Ассамблеяға жоғарғы мелекеттік атқару билігінің істеріне араласып, олардың үстінен ықпал жасау мүмкіндігін беріп отыр.
Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы болып табылады. Ол Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып есептелінеді.Ассамблеяның және оның өнірлердегі құрылымдық бөлімдерінің құрамы, яғни оның мүшелері Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің және өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері – осы ұйымның мақсаты мен міндеттерін бөлісетін, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Бірлестіктер: жергілікті, өнірлік және республикалық этномәдени бірлестіктері болып бөлінеді, яғни Қазақстанның барлық аумақтарында бар.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңыңда айтылғандай этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, әрі қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, азаматтық қағидатында, патриотизм, Қазақстан этностарының рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біртектілікті нығайтуға жәрдемдеседі екен. Алайда шының айтуымыз керек, бүгіндегі қоғам Ассамблея құрамындағы этномәдени бірлестіктердің жоғарыда көрсетілгендей зор рөлін һәм саяси салмағы мен маңызын сезіне алмауда.
Бүгінгі таңда Ассамблеяның құрамында 394 мүшесі бар.Жоғарыда көрсетілген заңмен қамтылған Ассамблея мүшелерінің өкілеттілігі өте ауқымды. Біз солардың бірқатарына тоқталамыз:
– қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;
– этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
– этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, “дөңгелек үстелдердің” және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;
– қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;
– мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде Ассамблеяның 35 этникалық газеттері мен журналдары жұмыс істейді. Солардың ішінде ірі 6 газеті мемлекеттік қолдау көрсету негізінде жұмыс істейді. Газеттері мен журналдары 11 тілде шығарылады, 8 тілде радиотаратылым, 7 тілде телетаратылым жүргізіледі.

Leave a reply