САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТА ЖЕКЕМЕНШІК ОРТА МЕКТЕБІ ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы Сайрам аудан қарасты Қарамұрт ауылдық округінде ЖШС «Нұрлы жол» жекеменшік орта мектебі халықтың игілігіне тапсырылды.
Білім беру мекемесі 280 орындыққа арналған. Жеке кәсіпкер Ш.Шарафутдинов өз есебінен 200 млн. теңге қаражат жұмсаған. Нысанның құрылысы 2021 жылдың 1 мамырынан басталған. Балалардың білім алуына қажетті жағдайлар жасалған. Балаларға білім беру ақысыз және үш тілде оқытылатын болады. Мектеп директоры Камалиддин Ашрапов. Биылғы оқу жылына 136 оқушы қабылданған. Мкетеп қабырғасында 10 сынып-комплектісі құрылған. Үздік оқушыларға шәкіртақы тағайындау мәселесі жоспарланған.
Аталған мектептің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев қатысты. Өз кезегінде мектеп ұжымымен бірге балалар мен ата-аналарды жаңа оқу ғимаратымен құттықтап, оқу жұмысына табыс тіледі. Келесі кезекте кәсіпкердің ауылдың балаларына жасап отырған игі ісін қолдап, өз атынан алғысын жеткізді.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округінің әкімі және белсенділермен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды. Балалар ән-биден тамаша өнерлерін көрсетті.