САЙРАМ: «Қоғамдық келісім» КММ биыл не бітірді?
Сайрам ауданында «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық филиалы жүйелі жұмыс жасап келеді. «Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші талай бастамаға мұрындық болған аталмыш мекеменің тоғыз айда атқарған жұмыстары жайында айта кетпекпіз. Осы сала сізді қызықтырар болса құрметті оқырман бұл мақала сіз үшін.
Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Қазіргі таңда елімізде қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Осы ретте биыл «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының маманы Бахтияр Батаев және аудандық аналар кеңесінің белсенді мүшесі Раушан Ерназарова бірлесіп, Ақсукент ауылында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 отбасыға жалпы сомасы 75 мың теңгелік азық-түлік себеттерін табыстаған болатын. Сондай-ақ, шексіз мейірімге толы қасиетті Рамазан айында адамдардың бір-біріне алғыс айтуына арналған екен. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Аталмыш мекеменің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, филиал қызметкерлері Шымкент қаласында орналасқан «Қалалық қан орталығына» барып қан тапсырды. Қан донорларына ризашылық білдіру және әлем бойынша донор қаны мен қан компоненттеріне сұранысқа үн қататын еріктілердің еңбегін растау мүмкіндігі туады. Қан құю және қан өнімдерінің арқасында жыл сайын миллиондаған адамның өмірін құтқарады, өмірлеріне қауіп төнетін емделушілердің өмірін ұзартады. Донорлық – бұл құрметке лайықты міндет. Қазіргі адам қоғам өмірінде өзінің рөлін сезінуі және қоғамның әрбір мүшесі басқалармен тығыз байланысты болуы тиіс екенін түсінуі қажет. Донор болу – бұл өзінің азаматтық ұстанымын танытудың және оған мұқтаж адамдарға көмектесудің тамаша тәсілі.
Білім күні қарсаңында Ақсукент ауылында орналасқан Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы болып өтті. Қоғамды ізгілікке бастайтын шараға аудандық түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Чилингаров Зульфикар Яшаевичтың ұйытқы болуымен Ақсукент ауыл округіндегі аз қамтылған отбасынан 10 мектеп оқушысына мектеп киім-кешектері табыс етілді. Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы арнайы ата- аналарды, балаларды алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ақсукент ауылының орталығында орналасқан Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Қоғамдық Келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Баланы мектепке даярлайық!» атты акция аясында қоғамды қайырымдылық пен ізгілікке, мейірімділік пен бауырмалдылыққа бастайтын шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Ерназарова Раушан Пердебекқызының және зиялы қауым өкілдерінің демеушілігімен Қарасу ауыл округіндегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 оқушысына мектепке арналған киім-кешектер табысталды.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы қызметкерлерінің демеушілігімен «Баланы мектепке даярлайық!» атты акция аясында қоғамды қайырымдылық пен ізгілікке, мейірімділік пен бауырмалдылыққа бастайтын іс-шарада Көлкент ауыл округі, Ханқорған ауылындағы аз қамтылған көпбалалы отбасыдан шыққан №44 «Мәдани» атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 оқушысына мектепке арналған киім-кешектер мен оқуға қажетті кеңсе тауарлары табысталды.
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында 2024 жылғы 3 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын насихаттау бойынша кездесу өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Сыздықов, облыстық мәслихат депутаты Н.Жамалбеков, аудандық мәслихат депутаттары С.Сағындықов, К.Тажиев, аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Р.Ендибаев, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков, ауданның бас имамы А.Оспанов, «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» комуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі меңгерушісі-заңгері Ғ.Медеуов, аудандық білім бөлімнің әдіскері Қ.Мусаева, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, кәсіби медиатор С.Даванова және аудандық Ассамблея жастарының мүшелері қатысты.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.
Аманкелді Қабылбеков өз сөзінде: “Дүниетанымымызға жат мәдениеттерге көзсіз еліктеуден, жалған патриотизмнен, даңғойлық пен дарақылықтан сақтануымыз керек. Халқымыздың бойындағы кемшілік-терге көз жұма қарамай, одан арылуы¬мыз қажет. Мұның бәрі күн сайын құбылған тұрлаусыз заманда өмір сүріп жатқан Қазақстанның келешегі үшін айрықша маңызды», – деді.
Ал Ғ.Медеуов: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жанұядағы ата- ана рөлінің төмендігі, бала тәрбиесіне жүйелі көңіл бөлінбеуі туралы айтып өтті.
Келесі сөзді алған Қ.Мусаева кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы айтты.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарабұлақ ауылында орналасқан №10 Қарабұлақ жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұлтаралық татулық – дамудың басты кепілі» тақырыбында ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті. Мақсаты – этнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Кездесуге Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Есалиев, аудандық білім бөлімнің әдіскері Төлеп Садықов, Қарабұлақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ахмедов Абдурасул, теолог маманы Жангелді Битанов, кәсіби медиатор Сайера Даванова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысының орынбасары Алмас Бағдатұлы қатысты.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
М.Есалиев өз сөзінде: «Күнделікті міндеттерден бөлек, ұзақ мерзімге арналған мақсаттарға ден қоюдың мәні зор» дей келе жастарға сәттілік тіледі. Бұдан соң сөз алған Ж.Битанов әлеуметтік желінің жастарға кері әсері туралы айтып, «Кітап оқуды жастардың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымына әсер етуші факторлардың бірі ретінде қарастырған жөн», – деді.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитовтың тапсырмасымен бастау алған ұлттық қино туындыларының көрсетілім жобасы аясында Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде 600-ге жуық этнос жастарына «Құнанбай» фильмі көрсетілді.
Жобаның мақсаты – қазақтың біртуар азаматтарының ұлағатты ғұмыры жайлы ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге жетелейтін қазақ киноиндустриясының түсірген фильмдері арқылы жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, отансүйгіштікке үндеу.
Іс-шарада Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаев, «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының маманы Б.Батаев және Қарабұлақ ауыл округінің әкімі К.Абдилахатовтар жиналғандарға бұл шараның маңыздылығын айтып өтті.
Аталған жоба кестеге сәйкес алдағы уақытта ауданның барлық мәдени ошақтарында жалғасады.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы ғимаратында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылымдары жетекшілерінің қатысуымен жиын өткізілді.
Аталған жиынға Сайрам ауданындағы түрік, кәріс, неміс, өзбек, әзірбайжан, күрді этномәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысты.
Басқосуда сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдаулары мен осы жылдың басында еліміздің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген мазмұнды сұхбатында елдігіміз бен бірлігімізді сақтауға және одан әрі нығайту бағытындағы тапсырмаларды орындау жайына тоқталды.
Бұл орайда, жиынға қатысушылар Президенттің Отанымызды жаңа серпінмен дамыту бағыттары жөнінде айтқан пікірлері мен тапсырмалары аясында биылғы жылы аудан көлемінде қолға алынып, жүзеге асырылатын ауқымды бастамалар туралы баяндап, өз ойларын ортаға салды.
Жиын қорытындысында аудандық ҚХА мен оның жанындағы қоғамдық құрылымдардың алдағы кезеңдегі жұмыстарының негізгі бағыттары мен міндеттері сараланып, 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Манкент ауылында орналасқан №11 Манкент жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру, болашаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу, этнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуге Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Есалиев, ҚР Мәдениет қайраткері, Сайрам және Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы Темірбаев Сейдуалы Өмірәлиұлы, Сайрам ауданының білім бөлімнің әдіскері Құралай Мусаева, кәсіби медиатор Сайера Даванова, Сайрам аудандық жергілікті полиция бөлімінің ювеналды тобының инспекторы Бөлеген Төлеген қатысты.
Басқосуда сөз алған М.Есалиев: «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі», – дей келе жастарға сәттілік тіледі.
Бұдан соң өз пікірін білдірген Қ.Мусаева қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екенін атап өтті. Ол өз сөзінде құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқушылардың түнгі мезгілде көшеде, әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін баса айтты.
Кездесуді қорытындылай келе Базарбай Мамадиярұлы: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгі жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің болашағы. Болашағымыз ғұмырлы, салиқалы болуын қаласақ, жасөспірімдердің тәрбиесіне жіті көңіл бөлуіміз қажет», – деді.
Кездесу барысында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауап берілді.
Арыс және Көлкент ауыл округтері әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Аталған кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы Ж.Битанов, Сайрам ауданынының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы орынбасарының м.у.а. Б.Жиеналиев, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және этнос жастары қатысты.
Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Бұрын кім болғанбыз, қазір кімбіз және болашақта кім боламыз?», «Не себептен бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл күйі» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды. Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің спорт залында «Спорт – біздің досымыз» тақырыбында мектеп оқушыларының қатысуымен тоғызқұмалақ пен волейболдан ауданаралық сайыс өтті.
Мақсаты – жастар арасында тең құқықтылық пен бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімін насихаттау.
Аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов алғы сөзінде іс -шараның негізгі бағыты жастарды салауатты өмір салтына қалыптастыру, денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу – деп қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс қорытындысымен тоғызқұмалақтан І орынды №10 Қарабұлақ жалпы орта мектебі, ІІ орынды №44 Мәдени жалпы орта мектебі, ІІІ орынды №37 Убайдуллаев жалпы орта мектебінің командасы лайық деп танылды.
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалы мен Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен басқосу өтті.
Басқосуда 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай өткізілетін бірлескен іс-шараларға дайындық жұмыстары пысықталды.
Жиынға қатысушыларға мерекелік іс-шаралардың өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам ретінде насихаттау керек екені айтылды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі аясында бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде Ақсукент ауылында орналасқан А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде «Ел мәдениеті тілден басталады» тақырыбында этнос жастарының қатысуымен кездесу болып өтті.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Аталған кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Кан Алина Александровна, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы, “AMANAT” партиясының Ақсукент бастауыш партиясы ұйымының төрағасы Құдайбергенов Берік Турарұлы, медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, Сайрам ауданының білім бөлімнің әдіскері Садықов Төлеп Құрбанбайұлы, аудандық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Пазаев Хусейн Маметович және неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Утвенко Александра Александровна қатысты.
Кезесуде мемлекеттік тілді меңгерген, белгілі бір жетістікке жеткен этнос жастары А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенті Бахутова Гулназ Ридвановна, №10 Қарабұлақ ЖОМ-нің оқушысы Сатимбекова Мохидил, Далабазар ЖОМ-нің оқушысы Ирисматова Зияда, №4 мектеп гимназиясының оқушысы Мадикаримова Малика, №104 НОМ-нің оқушысы Салыбекова Сарвиноз қазақтың ақиық ақындары Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп жатқа оқыды.
Өз кезегінде сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қазақ тілін жетік меңгерген неміс қызы Алина Кан: Қазақ тілін өз ана тілімдей қабылдаймын. Достармен немесе басқа адамдармен ұлтым туралы сұрақтар туындаса, «рухым – қазақ» деп мақтанышпен жауап беремін. Өйткені, бұл, жәй айтыла салған сөз емес, жүрегімнен шыққан сөздер. Мен қазақ тілін білетініме, түсінетініме және сөйлегеніме қуаныштымын.
Сондықтан да мен жастарды мемлекеттік тілді үйренуге, осы елдің нағыз патриоты болуға шақырамын – деп, жастарға рахмет айтып, ыстық ықыласын білдірді.
Келесі сөзді алған М.Есалиев: Соңғы жылдары этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылық артқаны халқымыздың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен жақынырақ танысуға көп көмегін тигізері сөзсіз – деп, Абай Құнанбайұлының өлеңін оқып берді.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі аясында Қарабұлақ ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Анартаев Ахмаджан жастармен кездесті.
Аталған шараның мақсаты – жастардың Отан үшін, бейбіт өмір үшін күрескен қарт майдангерге құрмет көрсетіп, алғысын айту.
Кездесу барысында соғыс ардагері қиын-қыстау кезеңде бастан кешкен оқиғалары жайлы жастарға әңгімеледі. Сол заманның ащысы мен тұщысын бірдей көрген ардагер өзінің басты арманы орындалып, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағанына қуанышты.
– Қазір бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға ризамын, бұл үлкен бақыт. Біздің көргенімізді ұрпағымыз көрмесін деп әрдайым тілеп жүремін, – деді майдангер.
Ұлы Отан соғысы ардагерінің айтқан майдан жайлы әңгімелерін жастар ұйып тыңдап, «Біз Сізбен мақтанамыз», деп ардагерге алғыс айтып, ән шашуын тарту етті.
Жиын барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының маманы Бахтияр Батаев осындай кездесулердің берер пайдасы мол екендігін айтты.
Кездесу соңында ардагерге құрмет көрсетіліп, қазақтың ұлттық киімі шапаны жабылып, Алғыс айту күніне орай сый-сияпаттар тапсырылды. Жастар алғыс ретінде Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқады.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінде этнос жастары арасында «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында эссе жазу шарасы өтті.
Мақсаты – білім алып жатқан жастарда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жастарды жақсылық жасауға, көмек беруге, ризашылық және алғыс білдірушілік сезімін ояту, мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу.
Аталған тақырыпқа орай этнос жастары өз ойларын қазақ тілінде қағазға түсіріп, пікір алмасты.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қарамұрт ауылдық округінде орналасқан Гузар мейрамханасында Қарамұрт ауылдық округі әкімшілігінің және «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Ел бірлігі – татулық» тақырыбында көршілес Төлеби ауданы, Мәдени ауыл округінің әкімі және ақсақалдарының қатысуымен іс-шара өтті.
Іс-шараға аудандық Сайрам ауданының құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері Темірбаев Сейдуалы Өмірбекұлы, аудандық мәслихат депутаты Дархан Айдарханұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының маманы Батаев Бахтияр Сейдаханұлы, Төлеби ауданы, Мәдени ауыл округінің әкімі Усетаев Омархан Асанұлы, Сарқырама ауылының биі Абетаев Бекмаханбет және Қарамұрт ауылының ел ағалары қатысты.
С.Темірбаев өз сөзінде: Ұлттық құндылықтарды қастерлеп, адал еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосу, өмірлік мәні бар тірлікпен айналысу игілігін беретіндігін, қандай қиындық болса жеңетін қуатты күш – татулық пен бірлік екендігін айтып өтті.
Б.Батаев: Біз – біртұтaс хaлықпыз, ортaқ Конституция мен зaңдaрғa бaғынaмыз. Бір-бірімізді сыйлaп, достық қaрым-қaтынaстa болу – зор бaқыт. Осы бірлігімізді сaқтaп, бaқытымыздың қaдірін білейік! – деді.
Сонымен қатар Қарамұрт ауылының төбе биі Абдуғаппар Маннанов және ауыл әкімі Мамуржан Нажиев көрші ауылдан келген қадірлі қонақтар мен Қарамұрт ауыл округінің көше билеріне алғысын айтып, құрмет көрсетіп, Алғыс айту күні мерекесіне орай жайылған дастарханнан дәм татты.
Ақбұлақ ауылында орналасқан мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай бірлескен жоспарға сәйкес мерекелік іс-шара өткізілді.
Шара барысында құттықтау сөзін алған аудан әкімі Арман Сәбитов тұрғындарға мерекелік жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Елді біріктіру жолында тойланатын айтулы күннің маңыздылығын атап, зор денсаулық, бірлік пен береке тіледі.
Мерекелік кешке этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен Аналар кеңесінің мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатыстып, қазақ халқының қайырымдылығы мен қонақжайлылығына деген ризашылығы мен алғысын білдіріп, сөз сөйлеп, этнос өкілдерінің дәстүрлі тағамдарын ұсынды.
Жиын барысында құтқару және жедел медициналық жәрдем саласында адал қызмет атқарғандары үшін Әлімбаев Марат Нұрланұлы және Тазабеков Батырхан Акжолұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Жиналған көпшілік қауым концерттік бағдарламаларды тамашалап көтеріңкі көңіл- күйде тарасты.
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің мәжіліс залында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, этнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының маманы Бахтияр Сейдаханұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуге Сайрам аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев, Сайрам аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшы көмекшісі Шарафутдин Анварбеков, Сайрам аудандық жергілікті полиция бөлімінің ювеналды тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Шерзад Мирзаметов, Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Алмас Бағдат және «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Ақсукент бастауыш партия ұйымы төрағасы Берік Құдайбергенов қатысты.
Басқосуда сөз алған М.Есалиев: Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімдемін.
Келесі сөзді алған Шерзад Мирзаметов: құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жастардың түнгі мезгілде көшеде, әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін баса айтты, оқу орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстану, түнгі уақытты үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы және ұсақ бұзақылықтар үшін қолданылатын жазаларды түсіндіріп, колледждің ішкі тәртіп ережесі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Жиын соңында жастар кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы сұрақтар белсенді талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген ардақты аналар, қыз-келіншектер қатысты.
Шара барысында құттықтау сөзін алған аудан әкімі Арман Сәбитов ардақты аналарымызды құттықтап, мерекелік жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Іс шара барысында өңірде татулық пен қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосқан аудандық этномәдени бірлестіктердің төрайымдары Сапаева Маргарита, Надирова Гулизар, Гибадулина Фарида және Утвенко Александра аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Тәрбие – тал бесіктен» тақырыбында жастардың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының маманы Бахтияр Батаев, қоғам белсендісі Жолымбет Мәлібеков, Жастар ресурстық орталығы басшының орынбасары Бағдат Алмас қатысты.
Басқосуда сөз алған А.Қабылбеков: “Жастар – ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті. Сенімнің үдесінен шығу үшін жастар тәрбиелі әрі білімді болуы қажет. Тәрбие мен білімді, ғылым мен ілімді, бар асыл құндылықты дәріптейтін еңбек. Адам еңбек арқылы бәрін де жеңбек. Сол еңбекті қозғаушы негізгі күш – тәрбие мен білімде жатыр. Білімді болайық, тәрбиелі болайық!” – дей келе жастарға сәттілік тіледі.
Бұдан соң өз пікірін білдірген Б.Батаев: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», – дейді Әл-Фараби. Қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға абыройлы міндет”, – деді.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтың бастамасымен құрылған ақпараттық-насихат тобының өкілдері аудан аумағындағы бірнеше мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Ақпараттық-насихат топтың мүшелері – Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев, аудандық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Зумрад Ахмедова, Жастар ресурстық орталығы басшысы Әділхан Төлегеновтер Ақсукент ауылында орналасқан №7 Бабыр атындағы ЖББМ, №5 М.Горький ЖББМ және Қарабұлақ ауылында орналасқан №10 Қарабұлақ ЖББМ-де жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, пікір алмасты.
Мақсаты – тәлім-тәрбиеге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастардың жат қылықтардан аулақ болуға үндеу, патриоттық сана сезімін нығайту, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды терең білуге шақыру.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жиында сөз алған А.Қабылбеков қоғамда орын алып жатқан түйткілді мәселелер, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтардың қадір-қасиеті төңірегінде ой қозғап, ақыл-кеңесі мен пікірін ортаға салды. Ал М.Есалиев өз сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық», деп һәкім Абайдың 18-ші қара сөзінің мағынасын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.
Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылдық округінің «Садық ата» мейрамханасында 14 наурыз – «Көрісу» күні қасиетті Рамазан айының үшінші күнінде ауызашарда аталып өтті.
Көршілес Төлеби ауданының Мәдени, Сарқырама, Шымкент қаласының Шапырашты, Өтеміс және Қарамұрт ауылдарының билері, көше комитеті төрағалары, ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері бір дастархан басында бас қосты.
Кездесу барысында ел ағалары бауырмалдықтың бастауы «Көрісу» күнімен құттықтап, еліміздің ырыс-ынтымағы арта берсін – деп, жастар тәрбиесінде ынтымақта өзара келісіммен жұмыс жүргізуі және көршілердің бір-бірімен сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік тағы да басқа салаларында бірлесе жұмыс атқаратындығы келісілді.
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтың бастамасымен құрылған ақпараттық-насихат тобының өкілдері кестеге сәйкес, жастармен кездесуді жалғастырды.
Ақпараттық-насихат топтың мүшелері – Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Алмас Бағдат Ақсукент ауылында орналасқан М.Мақатаев және №47 ЖББМ –нің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, пікір алмасты.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жиында сөз алған А.Қабылбеков: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады деп, һәкім Абайдың 19-шы қара сөзінің мағынасын кеңінен түсіндірді.
А.Бағдат өз сөзінде: «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл әлеуметтік жобаның мақсаты – білікті мамандар даярлау болатын. Бірегей бағдарлама мыңдаған жастың Батыс пен Шығыс, Солтүстік Қазақстанда тегін білім алуына жол ашатындығын кеңінен насихаттады.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.
Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты “Оқу-өндірістік комбинаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауласына «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, «Қоғамдық кеңес» мүшесі Сакен Сұлтанов өз ұжымымен, аудандық түрік этномәдени бірлестігінің белсендісі, Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Рамазан Ламаев және зиялы қауым өкілдері жеміс ағаштарын отырғызды.
Сайрам ауданында Наурызнаманың онкүндігі аясында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу дәстүрі басталды.
Ақсукент ауылында орналасқан Гуманитарлық техникалық колледжінде және Қайнарбұлақ ауылындағы №29 К.Тленшин жалпы білім беру мектебінде «Наурызнама онкүндігінің жетінші күні – Ұлттық спорт күні» аясында этнос жастарының қатысуымен ұлттық спорт түрлерінен (тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу) жарыстар өтті.
Жарысқа Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжі, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі, Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі, ОҚ индустриалды – инновациялық колледжі, Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің студенттері және №20 С.Сейфуллин атындағы, №10 Қарабұлақ, №13 А.Навои атындағы, №104 жалпы білім беру мектептері, № 6 мектеп интернатының оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ауданның этнос жастарының ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру.
Аталған спорттық шараны «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев ашып, “Бірлігі мықты елдің рухы биік болады. Ұлы Абай айтқандай, бірлік дегеніміз – ең алдымен, ақылға – бірлік” – деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының 2024 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық аналар кеңесінің бірінші отырысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы тақырыбында өтті.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының маманы Бахтияр Батаев ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына аудандық аналар кеңесінің мүшелері, Сайрам аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» комуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі меңгерушісі-заңгері Медеуов Ғалым Диллабекұлы, Сайрам ауданының білім бөлімнің әдіскері Мусаева Куралай Абдразаковна, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Сайрам ауданындағы теолог маманы Битанов Жангелді Нұрғалиұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, Сайрам және Қазығұрт аудандарының құрметті азаматы Темірбаев Сейдуалы Өмірбекұлы, күрді этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Ариф Садыков және кәсіби медиатор Сайера Давановалар қатысты.
Кеңес отырысында Қ.Мусаева өз сөзінде: «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Міндеті: Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен Ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру екенін кеңінен насихаттады.
Отырысты қорытындылай келе Аманкелді Қабылбеков: Ел бірлігі мен ынтымағы, ұлттың әкесі тарих, анасы тіл, қаруы салт-дәстүр және отбасындағы құндылықтар мен тәрбиенің маңыздылығы жайлы айтты.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.
Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және мүшелері, ауданның мәслихат депутаттары, кәсіби медиатор Сайера Даванова және кәсіби емес медиаторлар, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Кеңес отырысында А.Қабылбеков сөз сөйлеп, құрылтайда айтылған маңызды мәслелерге тоқталып өтті.
– Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек – деді ол.
Келесі сөз алған Арыстан Оразалыұлы кітап оқудың маңыздылығына тоқтала келе, күш – білімде, білім – кітапта екенін атап өтті.
– Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керек, – деді ол.
Жарыссөзге шыққан ауданның Құрметті азаматы А.Құрманбеков: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтыламыз. Өнімді еңбек етіп, сапалы білім алып, ортақ мақсатқа бірге жетеміз» деп, өз ойын ортаға салды.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиын аясында «Дауларды медиация тәсілімен шешудің оң тәжірибесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Аталған кездесудің мақсаты – тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау.
Кездесуге ҚХА жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, кәсіби медиатор Сайера Даванова, кәсіби емес медиаторлар Сихымбай Сағындықов және Жасұлан Қуандықов, Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Ермек Қырғызов, адвокат Серік Бердалиев, этномәдени бірлестік өкілдері және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшелері қатысты.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Жарыссөзге шыққан Жасұлан Қуандықов өркениетті елдерде бүгінде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте медиация ұғымы қазаққа да жат емес екенін тілге тиек етті.
«Медиация – жаңа әрі маңызды бағыт. Медиацияның соттан ең басты айырмашылығы – ұтқан, ұтылған деген тарап болмайды, себебі олар екі жаққа қолайлы мәмілеге келуі керек», – деп, өз ойын ортаға салды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Сайрам ауданында «Таза өлке – Сайрам» атты іс-шара өтеді.
Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ауданның барлық ауыл округтерін қамтитын науқанға ауданның әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Бүгін Сайрам ауданы Арыс ауыл округі аумағында Арыс өзенінің бойындағы саябақта ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы және Арыс ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері, қоғам белсенділері, аудандық ҚХА жанындағы Ассамблея мүшелері және жастар қатысты.
Бірлік пен еңбектің арқасында ауданымызды жасыл аймаққа айналдырайық!
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Ақсукент ауылында орналасқан №7 Бабыр жалпы білім беру мекемесінің мәжіліс залында «Отанды сүю – ұлы сезім» тақырыбында этнос жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері Бақкелді Жиеналиев, Сайрам ауданының білім бөлімнің әдіскері Курбантаев Улугбек Орманович ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен ҚХА жанындағы ассамблея жастары қатысты.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған Б.Жиеналиев: Жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынды. Мысалы, несиесі бар мерзімді қызмет сарбаздары «несиелік демалыс» деп аталатын үзіліс алады, қызмет ету мерзімі барысында төлеу кейінге қалдырылады. Қызметін аяқтаған сарбаздар ақылы негізде ҰБТ-ны есептемегенде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесіне түсу құқығына ие болады – деп ой бөлісті.
У.Курбантаев өз сөзінде: Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқанын, бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табатынын кеңінен түсіндірді.
Кездесуді қорытындылай келе Базарбай Мамадиярұлы: Отанды құрметтеу, ең алдымен, өзіңді құрметтеуден бастау алады. Отанын сүйген адам бүлікке емес, әуелі бірлікке қадам басады – деді.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Ақсукент ауылында орналасқан Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің мәжіліс залында «Тарихтан тағылым» тақырыбында этнос жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге тарихшы, жазушы Иброхим Туркий, ақын, жазушы Нұрғиса Төремұратов, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Асан Шоқатай, Сайрам аудандық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Зумрад Ахмедова, кәсіби медиатор Сайера Даванова, Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Роза Абдужаппарова, С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Назира Серперова және №31 Бәйдібек атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Аян Муратов, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен ҚХА жанындағы Ассамблея жастары қатысты.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған А.Муратов: «Біздің халқымызда ата-мекенді ардақтау сезімі өте тереңде жатыр. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Ұлы дала тарихының бір бөлшегі болып отырған Ханқорған археологиялық ескерткіші республикалық деңгейде зерттелсе, құба-құп болар еді», деп кездесудің мазмұнын тереңірек айтып өтті.
Н.Серперова өз сөзінде: «Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? – деп өз ойын білдірді.
Жиынды қорытындылаған Базарбай Мамадиярұлы: «Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы. Негізгісі жеті ата ұғымы. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таралуының нақтылы жүйесі – деп салиқалы ойын жеткізді.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округі аумағындағы VII-XII ғ.ғ. “Ханқорған қалашығы” мен «Қазақ ханы» монументінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке “Қоғамдық келісім” КММ-нің ұжымы, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Ассамблея жастары, аудандық өзбек этномәдени мүшелері мен ауыл тұрғындары 80-ге тарта азаматттар жұмылдырылды.
Ханқорған жөнiнде Өзбекәлi Жәнiбеков «…Шымкенттен жиырма шақырымдай жерде Абылайханның ставкасы — Ханқорған тұр. Абылай ханның немересi Сыздық сұлтан орыс генералдары арқылы Бұхара әмiрiнен бала-шағасын алдырып, өмiрiнiң соңына дейiн осы қорғанда тұрды…» деп жазады.
Еске сала кетсек, «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға созылады. 6 сәуірден басталған игі шара 11 мамырға дейін жалғасады. Одан кейін осы жұмыстарды дағдыға айналдыру көзделген. Әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаттары бар. 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығы өтсе, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы, 4 мамырдан 11 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өтпек. Жұмыстар қарқынды жалғасады.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Қарамұрт ауылында орналасқан ауылдық мәдениет үйінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ақпараттық-насихаттық тобының этнос жастарымен кездесуі өтті.
Кездесуге аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы, Сайрам ауданының білім бөлімнің әдіскері Мусаева Құралай Абдразаққызы, аудандық полиция басқармасының және медицина саласының қызметкерлері, ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері, Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Мархаба Кенжебаева қатысты.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған М.Есалиев: «Мемлекеттік тіл – менің тілім». Тілге жан бітіретін де, тілге қуат беретін де, тілдің мәңгілік жасауына себепші де біз, ағайын! Тіл арқылы еңсеміз көтеріліп, тұғырымыз биіктей бермек – деп ой бөлісті.
Қ.Мусаева өз сөзінде: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Күтілетін нәтиже: Ата-анасын сыйлайтын, перзенттік парызын түсінетін, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайтын, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейтін, әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайтын, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін, ар-ұятты жоғары бағалайтын, Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу – деді.
Жиынды қорытындылаған Базарбай Мамадиярұлы: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзімен Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп – деп салиқалы ойын жеткізді.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында «Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі кешенді ведомствоаралық жоспарының » 41, 42, 43 тармақтарының талаптарын орындау мақсатында аудандық этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қызметкерлері, өзбек, түрік, күрді, әзірбайжан, неміс, кәріс этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері, ауылдық округ әкімшіліктерінің жауапты мамандары қатысты.
Кездесуді ақын, жазушы, «Мәртөбе» газетінің редакторы Нұрғиса Төремұратов жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған Базарбай Мамадиярұлы: Һәкім Абайдың 19-шы қара сөзінде былай делінген: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады – деді.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім». Тілге жан бітіретін де, тілге қуат беретін де, тілдің мәңгілік жасауына себепші де біз, ағайын! Тіл арқылы еңсеміз көтеріліп, тұғырымыз биіктей берсін – деп тілегін білдірді.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің мәжіліс залында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай өткен іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов алғы сөзді алып, қатысушыларға аудан әкімінің арнайы құттықтау лебізін жеткізді.
Жиынға аудандағы этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері мен Ассамблея жастары қатысты.
Дөңгелек үстелде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі Сайрам аудандык филиалының басшысы Базарбай Айтбаев этносаралық татулықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында айтылған сөзінде «Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды. Олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға жұмылды. Сондай-ақ жұртты қатерден хабардар етуге және қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Мұның бәрі – өзара жанашыр және тілеулес болудың айқын көрінісі екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға 6 сәуірден басталған игі шара 11 мамырға дейін жалғасатыны «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» болып белгіленген. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар, – деп қатысушыларды сенбіліктерде белсенді болуға шақырды.
Өз кезегінде А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің студенттері де мерекеге орай қара сөзбен жыр жолдарын оқыды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары М.Бақтыбайұлы мерекелік шараға қатысушы бірқатар азаматтарға аудан әкімі Арман Сәбитовтің арнайы Алғыс хаттарын табыстады.
«Таза-Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» аптасы аясында Қарабұлақ ауылдық округі аумағы Көлкент-Қарабұлақ тас жолы бойында тазалық жұмыстары жалғасты. Аталған сенбілікке «Қоғамдық келісім» мекемесі, аудан әкімдігі аппаратының, ауылдық округтің, білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау қызметкерлері, «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалы өкілдері, «Көрікті Сайрам» мекемесі қызметкерлері, Ассамблея жастары мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты.
Ағаштардың түптерін әктеу, қураған ағаш бұтақтарын қырқу, артық шөптерді ору, жол жиектерін күл-қоқыстардан арылту секілді санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ақсукент ауылында орналасқан орталық саябақта “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында «Ерлікке тағзым» және «Ауған соғысы ардагерлері» монументінің айналасында «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Хикматулла Момынкулов, Қарамұрт ауылы ардагерлері ұйымының төрағасы Батырбек Ирисбеков және Рашид Махмудов бастаған белсенді ардагерлермен ескерткіштерді жуып тазалау, сырлау жұмыстары атқарылды.
Мақсаты: жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау және экомәдениетті қалыптастыру.
Іс – шарада Базарбай Мамадиярұлы: Біз мекен еткен қазақтың ұланғайыр даласында ғасырлар бойы салт-дәстүріміз қалыптасып, рухани бай мұрамыз сақталып, ұлттық құндылықтарымыз бен терең тарихымыз күні бүгінге жетті.
Отанның іргесі мықты болу үшін оның ішкі бірлігі берік болу керек- деп қатысушыларға алғысын білдірді.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Арыс ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында 25.04.2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының этнос жастарымен кездесуі өтті.
Кездесуге Арыс ауылдық округінің әкімі Музаффар Сиддиқов және аудандық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зумрад Ахмедова, аудандық ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері, этнос жастары қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиядағы айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Мемлекеттік саясаттың басты өзегі және жалпыұлттық бірегейлікті нығайтатын негізгі фактор – бірлік.
Бірлік және Ынтымақ. Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік. Сондай-ақ – Заң және Тәртіп. Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық. Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз.
Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз – деп кеңінен насихаттады.
Жиында сөз алған З.Ахмедова: Ата заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды. Біздің міндетіміз – қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу. Ассамблеяның осы күрделі мәселеге байланысты атқарып жатқан қызметі айрықша маңызды, – деді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Ақсукент ауылында орналасқан «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің мәжіліс залында Сайрам аудандық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Поэтический звездопад» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің қадірлі қонағы болып Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Сапаева Маргарита Прокопьевна, ақын, публицист Шестаков Юрий Николаевич, жазушы, драматург, ақын, тарихшы, журналист, Сайрам ауданының құрметті азаматы Иброхим Туркий, жазушы, ақын Базарбаева Гульнара Мирполатовна, ақын, жазушы, кітапханашы Абдижаппарова Роза, Қарасу ауылында орналасқан №14 М.Сапарбаев атындағы жалпы білім беру мекемесінің үлгілі оқушысы, жас дарын Солод Ева Денисовна және кітапқұмар этнос жастары қатысты.
Шарада түрлі классикалық жанрдағы әсем әндер шырқалып, шығармашыл жандар өз өлеңдерін оқып берсе, енді бірі жиналғандарға жақында жарық көрген кітаптарын таныстырды.
Кездесу барысында қаламгерлер жиналған қауымға алғысын айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық ойларымен бөлісті.
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Қарабұлақ Ауылдық Округі әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып жүргізіп отырды. Аталған отырысқа аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Қоғамдық кеңес мүшелері және есеп беретін ауыл әкімдерінің орынбасарлары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінің идеология саласындағы бірлік пен татулықты нығайту және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Есеп берген ауыл әкімдерінің орынбасарларына «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев тарапынан тиісті сұрақтарын жолдап, оның жүзеге асуын қадағалау және ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында іс-шаралар өткізіп тұру туралы өз ойын ортаға салды.
Қорытынды сөзде аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов көпұлтты ауданымыздың қалыптасқан тату-тәтті өмір салтын ары қарай жандардыру керектігін тілге тиек етті. Ол үшін осында отырған көршілес аудан ауылдарының, жалпы қатысып отырған барлық азаматтар бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің мәжіліс залында 25.04.2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын және Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының этнос жастарымен кездесуі өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі, Сайрам ауданының құрметті азаматы Әлібек Байназар, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Ақсукент бастауыш партия ұйымының төрағасы Құдайбенгенов Берік Тұрарұлы және этнос жастары қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиядағы айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Биылғы көктемде алапат су тасқыны оннан астам өңірлерде тұтас елді мекендерді жайпады. Дәл осы қиын-қыстау күндерде халқымыздың бекем бірлігі мен ынтымағы көрініс тапқанын Мемлекет басшысы айрықша атап өтті. Күрделі кезеңде тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсеткен барша Сайрамдықтар ҚХА-ның «Жүректен – жүрекке» ауқымды акциясы аясында Түркістан облыстық Ассамблеясы осы игі миссияның көшбасшысы болды. Түркістандық Ассамблея құны 150 миллион теңгеге жуық 630 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.
Тіл мәселесі мемлекет басшысының үнемі назарында. Мемлекеттік тілге деген көзқарас ерекше. Тіл татулық пен тыныштықтың негізі. Бұл татулық пен тыныштықты сақтау әрбіріміздің міндетіміз.
Аналар мен ақсақалдар кеңесінің қызметін пайдалана отырып, шешімі келмей отырған көп істерді оңынан шешуге болатынын да тілге тиек етті.
Жиында сөз алған Ә.Байназар: біздің алдымызда проблемалар жоқ емес, сол проблемаларды басу емес, солардың алдын алу мәселесіне көңіл бөлуді қолға алу керектігін де ескертті.
Аудандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарамұрт ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында мәжіліс залында Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының этнос жастарымен кездесуі өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Қарамұрт бастауыш партия ұйымының төрағасы Досметов Тахир, аудандық Ассамблея жастарының белсенді мүшесі Намаджанов Олимжан Намаджанович, Қарамұрт ауылдық аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз.
Биылғы көктемде алапат су тасқыны оннан астам өңірлерде тұтас елді мекендерді жайпады. Дәл осы қиын-қыстау күндерде халқымыздың бекем бірлігі мен ынтымағы көрініс тапқанын Мемлекет басшысы айрықша атап өтті – деп өз ойымен бөлісті.
Жиында сөз алған О.Намаджанов: Қарамұрт ауылының жастары алдағы уақытта «Бабалар үні» тақырыбындағы этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айту байқауына, «Әнім сенсің – туған жер» тақырыбында патриоттық әндер байқауына, сондай-ақ «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік байқауына, этнос жастары арасында «Ұлттық ойын – ұлттық қазына» тақырыбында және «Бірлік» тақырыбында спорт сайыстарына қатысуға ниетті екенін білдірді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Ақсукент ауылында орналасқан «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және алқа мүшелері, кәсіби медиатор Сайера Даванова және Хамидахан Ирисметова, «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің басшысы Дана Сыдықова, Ассамблея жастары қатысты.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған арда азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кеңес отырысында А.Қабылбеков: 1997 жылы 31 мамыр – саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. Өткеннің өкінішті кезеңдерін еске алсақ, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанды «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды Қазақ елінен қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.
«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» – деп ойымен бөлісті.
Шара соңында ауданымыздың құрметті азаматы Әлібек Байназаров саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына құран бағыштады.
Ақбұлақ ауылында орналасқан ауылдық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібіндегі Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Оразбаев Мұрат Жақсымбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар Ыбырайымұлы, Қоғамдық кеңестің мүшесі Серікбаев Батырбек Қадырбекұлы, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, қоғамдық медиаторлар және ауыл тұрғындары қатысты.
Кеңес отырысында «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы¬ғымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаз¬дық. Өрлеу» атты ХХХІІІ және «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиялары өтті.
Мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. «Адал азамат» болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек – деді.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.Серікбаев өз сөзінде: Мемлекеттік саясат¬тың басты өзегі және жалпыұлттық біре¬гей¬лікті нығайтатын негізгі фактор – Бірлік. Ортақ Отанымыздың тағдырына жанашырлығымыз біздің азаматтық сана-сезіміміздің өзегі болып қала береді. Ал ұлттық толеранттық, өткен заманның дәстүрлеріне және түрлі мәдениетке деген құрмет, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді білу – Қазақстан азаматтарына тән қасиеттер – деп өз ойымен бөлісті.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев: Ата заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды. Біздің міндетіміз – қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу. Ассамблеяның осы күрделі мәселеге байланысты атқарып жатқан қызметі айрықша маңызды – деді.
Кездесу соңында ауданымыздың қариясы Байназар Әлібек Ыбырайымұлы бата беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Жарқын жазбен тұспа-тұс келген жиынға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік шара шеңберінде аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы бүлдіршіндерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстап, мерекелік құттықтау сөзін жеткізді.
Аудан өнерпаздары балалар мен ата-аналарға әуелеген әсем әндер шырқап, сахналық қойылымдар ұсынды. Концерттік бағдарлама барысында аудандық Білім бөлімі арнайы сый-сияпаттар мен жазғы демалыс лагерьлеріне жолдамалар табыстады. Бұдан бөлек, демеушілер тарапынан балаларға арналған тосын сыйлар таратылды.
«4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, орталық саябақта «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мереке қарсаңында «Рәміздер» алаңы жаңа орынға ауыстырылған болатын. Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін арттыруға арналған жиынға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.
Аталмыш жиын жастардың патриоттық әуендерді шырқап, қонақтарды күтіп алуымен басталды. Бұдан соң аудан әкімі барша қауымды бүгінгі айтулы күнмен құттықтап, мерекелік жүрекжарды лебізін жеткізді.
Мерекелік шара шеңберінде әскери сарбаздар Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алаңға алып шығып, еліміздің Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет өнерпаздарының өн бойды жігерлендіретін отансүйгіштік сарындағы ән-жырларымен жалғасты.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кезекті кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.
Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.
Осы орайда, жоспарға сәйкес, Сайрам ауданындағы Манкент және Қарабұлақ ауылдарында кездесулер өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Жанкелді Битанов, ҚХА жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі, Сайрам ауданының құрметті азаматы Әлібек Байназар, кәсіби медиатор Сайера Даванова, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Салт-дәстүрлер – сан ғасырлар бойы әр ұлттың, халықтың өзіндік дүниетанымына, тұрмыс-тіршілігіне, өмір салтына сәйкес жинақталып, қалыптасқан рухани байлығы. Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғылары бар, бірақ олардың бірқатары ұқсас та болады. Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды қалтқысыз орындау арқылы барлық әлеуметтік қарым-қатынасты реттеп отырған, яғни, ел ішінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді ата дәстүрі жолымен шешкен.Қазақ халқының салт-дәстүрлері заман ағымына сай бірқатар өзгерістерге ұшырағанымен, олардың мақсаты мен мән-мағынасы сақталған – деді қария Байназар Әлібек ата.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында 25.04.2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын және Түркістан қаласында 21.05.2024 жылы өткен «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясындағы тапсырмаларды насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының аурухана ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиядағы айтылған негізгі мәселелерге тоқталды.
Қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кесел бар. Нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу қажет. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кесел-дерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қара¬мастан, оған барлығы атсалысуы керек.
Азаматтарды әлеуметтік ортаға кіріктіру жүйесі Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм идеалдарын насихаттауға және халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек деп – өз ойымен бөлісті.
М.Есалиев: һәкім Абайдың төртінші қара сөзінде «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды» – деп уақыттың құнын біліп, қадірін түсіне білмесең, орны толмас өкінішке айналарын түсіндіріп кеткенін айтып, ақ халатты абзал жандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылында орналасқан «Алтын адам тігін фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін цехында Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының тапсырмаларын насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық тобының фабрика ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ауқымды жұмыстың негізгі бағыт-бағдарын айқындады. Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айтылған құндылықтарды іске асыруда Ассамблеяның зор әлеуетін тиімді пайдалануды жүктеп, идеологиялық бағыттағы басымдықтарды нақтылап, бірқатар тапсырмалар берді.
Қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайту бағытында мемлекеттік саясатты іске асыру барысында қазақ халқының өнегелік салт –дәстүрлері – сан ғасырлар бойы әр ұлттың, халықтың өзіндік дүниетанымына, тұрмыс тіршілігіне, өмір салтына сәйкес жинақталып, қалыптасқан рухани байлығы.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды қалтқысыз орындау арқылы барлық әлеуметтік қарым-қатынасты реттеп отырған, яғни, ел ішінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді ата дәстүрі жолымен шешкендігін, бүгінгі таңда Қазақстан халқының рухани- мәдени құндылықтарын сақтай отырып аудан аумағында тұрып жатқан 39-дан астам этнос өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын айтты.
Айта кетейік, бүгінде аудандық ҚХА жанында 8 этномәдени бірлестік пен 4 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылғанын және атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Сайрам ауданы, Қарасу ауылында өңірдегі этнос жастары арасында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» спорт сайыстары өтті.
Этнос өкілдерінің достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда көздеген спорт сайыстары облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Спорттық додаға аудан, қалалардан жалпы 10 команда қатысты. Атап айтсақ, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының этнос жастарынан құралған командалар мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облысы өкілдігі мүшелері бақ сынады. Онда жастар спорттың 4 түрінен, атап айтқанда, шағын футбол, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеруден сайысқа түсті.
Спорттық шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл елдегі татулықты көздің қарашығындай сақтау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өте келе, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Спорт тек денсаулық кепілі ғана емес, түрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты, достықты нығайтады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде Ассамблея маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. Бүгінгі жарыстың негізгі мақсаты осы – өңірдегі этнос жастарының Отанға, елге деген құрметін арттыру, этносаралық бірлікті насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорттық шара жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл қатысушылар саны көп. Жарысқа жастардың көптеп қатысуы олардың спортқа деген қызығушылығы зор екенін көрсетеді. Мұндай жарыстардың ел бірлігін бекемдеуде маңызы жоғары, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Тартысты бәсекеде қол күрестен сайрамдықтар Бобур Рустамбеков, Гір тасын көтеру сайысында Ербол Тузулбаев 158 рет көтеріп, екінші орынды иеленді.
Ал шағын футбол бәсекесінде “Ассамблея жастары” РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі құрамасы мен Төлеби құрамасы финалда кездесті. “Ассамблея жастары” тартысты өткен ойында төлебиліктерді 2:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі үшінші орын үшін болған матчта сайрамдықтар сарығаштық қарсыластарына 4:2 есебімен басымдық танытты. Жарыстың қорытындысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жеңімпаздарды арнайы марапаттап, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табыстады.
Ақсукент ауылында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХVI сессиясының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері аудандық түрік этномәдени бірлестігінің және неміс этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Қазақстан халқының рухани- мәдени құндылықтарын сақтай отырып аудан аумағында тұрып жатқан 39-дан астам этнос өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын, бүгінде аудандық ҚХА жанында 8 этномәдени бірлестік пен 4 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылғанын және атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Жарыссөзге шыққан түрік этномәдени бірлестігінің көшбасшысы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Яша Чилингаров: Бабаларымыз ұрпақтарына ұлттық құндылықтар жетсін, тарихымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарға нассихаттауымыз қажет -деді.
Сондай-ақ неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александра Утвенко: Біздің спортсмендер туымызды көкке көтеріп, елімізді бүкіл әлемге танымал етіп жатыр. Шетелге барған жастар шетелде отырып, оюлы домбырамыздың қоңыр үнін тыңдатады, ұлтымыздың құндылығын, рухын көтереді.
Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әрқайсысын құрмет тұтуымыз қажет. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы – деді.
Басқосу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
«Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Манкент ауылында орналасқан пробация үйінде ҚХА XXXIII сессиясының шешімдері аясында «Салауатты сана» және «Адал азамат» жобаларын іске асыру бағытындағы кездесу өтті.
Мақсаты: жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге бағытталған.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Байназар Әлібек Ыбырайымұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ермек Назгүл Қайратқызы, Сайрам аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Жолдасбеков Бәйдібек Әлібекұлы және пробация есебінде тұратын азаматтар қатысты.
Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Азаматтарды әлеуметтік ортаға кірік¬тіру жүйесі Отанға деген сүйіспен¬шілік, патриотизм идеалдарын насихаттауға және халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек. Қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталды: нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан бір жола арылуымыз керек– деп өз ойымен бөлісті.
Жиында сөз алған Назгүл Қайратқызы: Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістік¬тердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз – деді.
Әлібек Байназар өз сөзінде: Биылғы тасқынның ауқымы адам шошытады. 10 өңірде бірдей төтенше жағдай жарияланды. 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. Расында өте ауыр сынақтан өттік. Дегенмен әр нәрсенің қайыры бар. Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Бір тұтас ел екенімізді көрсеттік. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Мұны мемлекетіміздің әрбір азаматы жақсы біледі, жақсы сезінеді деген ойдамын – деп барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Ақсукент ауылында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Аналар кеңесінің ІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі, Сайрам ауданының құрметті азаматы Әлібек Байназар Ыбырайымұлы, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиқызы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ермек Назгүл Қайратқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, Сайрам ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Белсенді ұзақ өмір орталығы “Тең қоғам” бөлімшесінің меңгерушісі Усипбаева Индира Абдумажитқызы және орталықтың ұжымы қатысты.
Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысында Базарбай Мамадиярұлы: Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. Расында, ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие – патриотизмнің бастауы екенін ұмытпайық. Баланы бесіктен тәрбиелеу – ұлттық ұғым кепілі – деп ойымен бөлісті.
Сайера Даванова өз сөзінде: Медиация, яғни, ара-ағайындық негізінен тұрғын үй, еңбек, отбасылық және көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қолданылады. Медиация тек жеке құқықтық қатынастарға ғана қолданылады. Ол тараптардың бірі мемлекеттік орган болатын құқықтық жанжалдарға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қолданылмайды – деп медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде айтып өтті.
Жарыссөзге шыққан Аналар кеңесінің мүшесі Шонтыкова Танимкүл Жайлауқызы өзінің жүрекжарды жазған «Аналарға басымды иемін» атты өлеңін шаттанып оқып берді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері және “Көрікті Сайрам” КММ-нің қызметкерлерімен бірлесіп Ақсукент-2 елдімекенінде тазалық акциясы өткізілді.
Таза Қазақстан – Отаншылдық қасиетінің бастауы. “Таза Қазақстан” акциясының мақсаты – ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Қарабұлақ және Қарамұрт ауыл округі әкімдігінің мәжіліс залында “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының жылдық жоспарына сәйкес, күн тәртібіндегі ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері мен ассамблея жастарына мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын насихаттау мақсатында еркін форматта кездесу өтті.
Кездесуге “Жастар орталығы” КММ-нің басшысы, “Мансап орталығы” маманы қатысты. Шараға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы Қарамұрт ауылында жалғасын тапты. Акцияға “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалы, Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы”, “Мансап” орталығы, “АМАНАТ” партиясы және Ассамблея жастарының өкілдері мен мамандары “Жаныс баба” кесенесінің аумағы мен көше бойында тазалық жұмыстарын жасады.
Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің үйлестіруімен «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы және республикалық плоггинг шеңберінде аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері және қоғамдық бірлестік өкілдері мен жастардың қатысумен сенбілік өткізілді.
Жібек жолы ауыл округіндегі “Машат” өзенінің жағасында өткен іс-шараға қатысушылар тазалық акциясына барша жұртты бір кісідей атсалысуға шақырды. Осы мақсатта қоғам белсенділері тарапынан тазалықты сақтау бойынша үндеу жасалды.
5 тамыз – Қазақстан медиаторларының кәсіби мерекесі. Этномедиацияның мақсаты – этносаралық қатынастар мен жалпыұлттық бірлік саласында татулық пен келісімді сақтау.
Осы мақсатта Түркістан облыстық “Қоғамдық келісім “ КММ нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сайрам ауданында өткен келелі кездесу өтті. Жиынға аудандық Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиаторы Өтегенова Жұлдыз Төлебекқызы, кәсіби медиатор Даванова Саера Мырзалиқызы, аудандық медиация кеңесі, ақсақалдар және аналар кеңесі мүшелері мен Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Азаматтар медиациялық келісім жасауға негізінен отбасылық мәселелер, еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық даулар бойынша жүгінеді. Медиаторлардың дер кезінде және жоғары біліктілікпен көрсеткен кәсіби көмегі көптеген дау-жанжалдарды өршітпеуге, тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға жол ашты. Сондықтан кездесуде медиациялық келісімнің артықшылықтары мен тиімділіктері айтылды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы Сайрам ауданында жалғасын табуда. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шаралардың бірі Құтарыс ауыл округі, Арыс өзенінің бойында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам ауданының филилалы қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Ретсіз қоқыстардан, өзен ағысына кедергі келтіретін пластик, шыны бөтелкелерден тазартуға аудандық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысып, өз үлестерін қосты.
Сайрам аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған жиынға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев, қоғамдық кеңестің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен жетекшілері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер: 1.Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының 7 айда атқарылған жұмыстары жөнінде ақпарат.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы баяндама жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 25 сәуірде «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтылған қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге кеңінен тоқталды.
Қоғамдағы нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу, қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн.Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет.Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет – деп, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық құрылымдардың жұмысын үйлестірушісі ретінде алдағы бағыт-бағдарларымен бөлісті.
Іс – шара барысында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов – Елдің бірлігі мен бірегейлігін сақтау, өскелең ұрпақ тәрбиелеу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Қатысушыларды еліміздің ертеңі мен мемелекетіміздің болашағы үшін осы бағытта шаршамай, жүйелі жұмыстарды бірге жүзеге асыруға шақырды. Ақсукент ауылында орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалының төрағасы Нурлыбай Бердикулов бастаған бір топ ардагерлер мен этнос жастарының қатысуымен кіші футбол, арқан тарту және қол күрестен спорттық шара өтті.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Жастардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы: Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Спорт күні атап өтіледі. Бұл күнді атап өту бірінші кезекте спортты дамытуға және азаматтарға салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Спорт – бұл адамның денсаулығын бекемдеп, жұмысқа қабілеттілігін арттырудың ең қолжетімді тәсілдерінің бірі. Спорт және дене шынықтыру қоғам мәдениетінің табиғи бөлігі – деді.
Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Асқаров өз сөзінде: Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады- деп спорттық шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан мекеме аумағы ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының, «Сайрам аудандық мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметкерлері және этнос жастары қатысты.
Аудандық мәдениет үйінде «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. Шара шеңберінде еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген сан түрлі саладағы бірқатар қызметкерлермен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Ламаев Рамазан Исрафилович және аудандық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Малабаева Луиза Юлдашевна аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжінде 1 қыркүйек – «Білім күніне» арналған салтанатты шара «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» атты тақырыпта аталып өтті. Аталмыш жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы қызметкерлері қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы Базарбай Мамадиярұлы мерекелік құттықтау сөзінде: Ахмет Байтұрсынұлы «Ұстаз – ұлт келбеті» деп бекер айтпаған. Сіздер балаларға білім беріп қана қоймай, оларға халқымыздың басты құндылықтарын сіңіріп келесіздер. Биылғы оқу жылы жоғары жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын! Білім күні құтты болсын!» – деп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, «Мектебім – мерейім мекені» салтанатты шара Ақбұлақ ауылында орналасқан «Кәусар бұлақ» жалпы білім беру жекеменшік мектебінде алғашқы қоңырау ертеңгілігінде жалғасын тапты.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан №97 Сұраншы Батыр атындағы жалпы білім беру мектебінде және Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінде “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті.
Диктант қазақтың біртуар перзенті Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған “Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға” тақырыбында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері этнос жастары арасында жазылды.
Шараның мақсаты: Ашық диктант бүкіл ел бойынша мыңдаған алаңда өтті, оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің беделін арттыру және оны қолдану аясын кеңейту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
Қазақстан халқы тілдері мерекесі, бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қызметкерлері, ҚХА-ның жанындағы аудандық ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.
Мерекелік іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Қабылбеков және ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар қалың қауымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік дидарласу тіл мен рух туралы, отаншылдық туралы әндерге, өлеңдерге ұласты. Мың бұралған билер мен флешмоб жиынға келгендерді ерекше күйге кенелтті.
Сонымен қатар, №5 М.Горький атындағы жалпы білім беру мектебінде «Тілім менің ғасырларға аманат» тақырыбында мерекелік іс-шарасы жалғасын тапты.
Аудандық халықтық штаб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің ұжымы және жоғары курстың студенттерімен әңгімелесу барысында атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Аманкелді Қабылбеков өз сөзінде: АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бізде осыған қарай ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз. Сондықтан, баршаңызды алдағы референдумда АЭС салуға дауыс беруге шақырамын», – деді.
Колледж ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға және АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірді.
Қарабұлақ ауылында орналасқан «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған жиынға: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.
Іс – шара барысында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» облыстық акциясы Созақ ауданында жалғасын тауып, сайрамдықтар қонақ ретінде қатысты.
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен өткізілген шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназаров, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бекболат Оспанов, ақын, ҚР білім беру ісінің үздігі Зияда Исатайқызы, Сайрам аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі, түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Зумрат Ахмедова, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Әлия Шалабаева, «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының маманы Сайфуддин Айтов және де кітапхана директорының м.у.а. Гүлжан Рахимова мен кітапханашылар қонақ болып келді.
Бұл акцияның маңызы мен мақсаты, кез келген халықтың ұлттық рухы мен ұлттық санасын, рухани мәдени асыл мұрасын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен сан ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи болмыс-бітімін тарих беттерінде таңбаландырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жаңғыртып дамытып отыруға бағытталған.
«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» акциясының бұл бөлімі «Өлке талантымен кездесу» атауымен ұйымдастырылды. Аталмыш басқосу Қазақстанға белгілі қаламгер, «Түркістанның таңдаулы туындысы – 2024» акциясы аясында шығармалары таңдалған ақын, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» ақын, жазушы, аудармашы Халқаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлының кездесу кешімен ұласқан
болатын.
Бұдан бөлек, көптеген зиялы өкілдер де Теріскей төріне табан тіреді. ҚР журналистер одағының мүшесі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Әбдімәлік Ағыбай ағамыз және де Арыс қаласының Құрметті азаматы, медицина саласының үздігі Тұйғынбек Әлжігіт, Арыс қаласынан Жадыра Оразалиева іс-шарада белсенділік танытты.
Созақтық танымал тұлға Нармахан Бегалыұлының ғұмыр тарихына қысқаша тоқталсақ, ол тек ақын ғана емес, ол елінің қамын ойлаған қайраткер. Қазақ әдебиетінде қабырғалы ақындардың қатарындағы Нармахан Бегалыұлының поэзиясының жөні бөлек. Ол нені айтса да, нені жазса да, нені суреттеп, нені өрнектесе де жалғандық, жасандылыққа, жылтырақ әуесқойлыққа жоламайды. Таныстыруды қажет етпейтін, әдебиет әлемінде ойып тұрып өз орнын қалыптастырған тұлғаларымыздың бірі және бірегейі.
«Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте» акциясы аясында өткен іс-шара Нармахан Бегалыұылының ішкі сырын жарқын бейнесін аша түсті. Қонақтар шарадан кейін Құмкент ауылындағы «Баба Түкті Шашты Әзіз» кесенесіне барды. Онда шырақшы кесене тарихын баяндады. Зиярат жасап, Құран бағыштады.
Ұлы Отан соғысы ардагері Анартаев Амаджан атамызға “1-қазан Қарттар күні” мерекесіне орай ҚІЖБ бастығы Г.Т.Балгынбаев және “Қоғамдық келісім” КММ Сайрам аудандық филиялының маманы Б.С.Батаевпен мерекелік сыйлықтар табыс етті. Олардың ерлігі бізге өскелең ұрпаққа өнегеді үлгілі болып қалуына сенім білдіреміз.
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғыс ардагері Анартаев Ахмаджанмен 1941-1945 жылдар соғыс кезіндегі тарихты сұхбаттасып, отбасының денсаулығын біліп, Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Г.Т. Балгынбаев өз сөзінде Анартаев Ахмаджан атамызды құттықтап, отбасыларына бақыт, денсаулық, жұмыстарына табыстар тілеп алғысын білдірді.
Айта кетейік, этносаралық шиеленіс пен жанжалдың алдын алу мақсатында аудан аумағындағы 11 ауыл округтеріндегі ұлтаралық татулыққа жауапты мемлекеттік қызметкерлердің тізімі алынып, оларға куәліктер таратылды. Сүреттері мен байланыс құралдары мекемелерге плакатпен ілінген, аталған азаматтармен бірлесе жұмыстар жүргізілуде.
2020-2023 жылдарға арналған этностар жинақы тұратын жерлерде жұмыс атқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы (Түркістан, Жамбыл, Ақмола облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары). Аудан аумағындағы этностар жинақы тұратын ауыл округтеріндегі тұрғындар арасында ынтымақ, татулық, бірлікті сақтау мақсатында, сол ауылдағы бейресми көшбасшыларының тізімі жаңартылып, жоспар түзіліп, бекітілген жоспарға сәйкес кездесулер өткізілуде.
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының тоғыз айдағы тындырымды тірліктерін тізбектей шықтық. Бір тудың астында ұйыған айрандай тіршілік етіп жатқан ұлт пен ұлыстың ауызбіршілігі ажырамасын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!