САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ТҮРКІСТАНДА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова өзінің сайлауалды үгіт-насихат сапарында Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы» зейнеткерлермен кездесті.
Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» спортпен айналысуға, үстел ойындарын ойнауға және жай ғана әңгімелесуге күн сайын 60-65-ке жуық зейнеткер барып тұрады.
Еске салайық, үміткер бұған дейін Түркістан облысында 1100-ге жуық адам жұмыс істейтін Кентау трансформатор зауытында болып, «Ғиззат» мүгедектер қоғамдастығы мотивациялық орталығына, сондай-ақ ҮЕҰ үйіне барып, өңірдің мәселелерін талқылады.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда зейнет жасындағы 2,25 миллионға жуық азамат бар.