САРЫАҒАШТАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУ МЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
61

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға елді мекеніндегі ауыз су құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылады.
Мердігер мекеме тарапынан су ұңғымасын қазу жұмыстары толығымен аяқталып, су құбырларын және су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы нысан басына жұмыс жоспарына сәйкес екі апта сайын арнайы келіп бақылап тұратынын жеткізді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім қызметкеріне жұмыс барысын қадағалап отыруды жүктеді.

Түркістан қаласын дамыту ісінде ең алғаш болып назар салатын салалардың қатарына ауыз су, ағын суды тиімді пайдалану мәселелері күн тәртібінен түспейтіні анық.Ол үшін жергілікті билік аталмыш бағыттарда мүмкіндігіне қарай қызметін атқарып келеді.Президент өз Жолдауында елдегі су тапшылығының зардабын азайту үшін тиісті сараптамалар мен талдаулар қажет екенін жеткізді. Ол суды үнемдеу технологияларының тым баяу енгізіліп жатқанын мәлім етті.Ел Президенті 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырды.

“Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер”, – деді Президент.

Leave a reply