Вторник, 17 сентября

САРЫАҒАШТА «АУЫЛ–ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

0
43

Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекенінде «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана бой көтеруде.

Мәдениет үйі мен кітапхана нысанының құрылысы үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның сыртқы әрлеу жұмыстары және суағар орнату жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда, ғимараттың едендерінің бетон құю жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаев атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңшаларымен аббатандыру нысандарының құрылыс барысын аралап, мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты Қасымбеков көшесі бойында №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан аумақта балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кіші спорт алаңшасының құрылыс нысаны қоршалып, ойын алаңшасы тегістелініп қойылған.

Сонымен қатар, аудан басшысы қалаға қарасты Қалаубаев көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған спорт және балалар алаңшасының жаңдайын пысықтады. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын сралай келе, пайдалануға берілуге жоспарда тұрған балалар ойын алаңшасы және кіші спорт алаңшасы бойынша мердігер мекеме басшысына орнатылған 2 дана футбол қақпасын сапасы бойынша ескертулер беріп, қалпына келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Одан бөлек, қала кіреберісінде бой көтеріп жатқан 4 га жерде саябақтағы егілген жасыл екпелердің металл қоршауларын орнату жұмыстарының барысын саралады. Аталған құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне металл қоршауларын құрылыс стандарттарына сәйкес сапалы атқару қажет екенін ескертіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Leave a reply