САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

0
74

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара мөлтек ауданында салынып жатқан 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс нысанына арнайы барып, инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысын саралады.Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан мектеп ғимаратының 48 метр су құбыры жалғау нүктесіне дейін 3 құдық қойылған, бетон сақиналары қойылып нығыздалып көмілуде. Сондай-ақ, газ полиэтилен 175 метр жерасты құбырлары орнатылған және нығыздалып көміліп, жалғау нүктесіне жеткізілген. Сонымен қатар, интернет желісінің техникалық шарты қайтадан алынып, топосъемка мен сызбаларды ауамен жүргізу үшін жобалаушы мекеме қайта сызуда. Аудан әкімі жаупаты бөлім басшысымен жауапты мердігер мекеме өкіліне жоспарланған мектеп ғимаратына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуге қажет екенін және сапалы мерзімінде аяқтау қажет екендігін атап өтті.

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Мақсатқа жету үшін екі негізгі міндетті орындау көзделіп отыр:Қалалар мен ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жою үшін 2026 жылға дейін кемінде 740 мың (екі ауысымды оқыту кезінде) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру. Ұлттық жоба аясында 2025 жыл­ға дейін елімізде 401 жаңа мектеп салу қарастырылып отыр. Заманға сай салынатын бұл мектептер 842 мың оқушыға шақталған. Осының нәтижесінде, елдегі үш ауысымды оқу үдерісінен құтылуға мүмкіндік бар. Мәселен, Алматы облысында салынатын 63 жаңа мектепте 136 мыңға жуық бала оқитын болады. Ал елордадағы 24 жаңа мектеп 88 мың оқушыны қабылдауға қауқарлы. Жобаның жалпы бюджеті – 2,6 трлн теңге. Оның 1 трлн 960 млрд теңгесі респуб­ликалық бюджеттен, 646,5 млрд теңгесі Ұлттық қордан бөлінеді. Биыл 499,9 млрд теңгені, 2024 жылы – 1 трлн 038,3 млрд теңгені, 2025 жылы 1 трлн 068,2 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр. Бұл ретте бөлінген қаржының 2 трлн 36 млрд теңгесі мектептердің құрылысына, ал 243 млрд теңгесі пайдалануға берілген білім ордаларын күтіп ұстауға жұмсалады.

Leave a reply