САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Сарыағаш ауданында өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі А.Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары таңнан бастап кең көлемде жүргізілді.
Аудан басшысы қала аумағындағы тазалық жұмыстарының барысын тікелей өзі қадағалап, қала әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдына «Керуен» кіші архитектуралық нысанының құрылысы жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне ауданның көркі ретінде салынып жатқан абаттандыру нысанын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімі Дихан баба елді мекеніндегі тігін цехының жұмыстарымен де танысты. Жергілікті тұрғын М.Усенбаев «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңлдетілген несие алып өзінің тігін цехын кеңейтіп отыр. Аталған тігін цехында ескі маталарды арнайы қондырғы арқылы өңдеп көрпе, жастықтарға шикізат ретінде пайдалануда. Бүгінгі таңда М.Усенбаев тігін цехында 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі болып табылады.