САРЫАҒАШТА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандағы Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысып, мердігер мекеме өкілімен кездесті.
Бүгінде құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша аталған спорт кешені 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Кездесуде аудан әкімі спорт нысанының ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.