САРЫАҒАШТА КҮНІНЕ ЕКІ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ АЛЫП ОТЫРҒАН ШАРУА БАР

0
62

Ауданға қарасты Қанағат елді мекенінің тұрғыны Қошқарәлі Исақов 95 соттық жылыжайды жайқалтып отыр. Жылыжайға болгар бұрышын, қызанақ, қияр, құлпынай еккен. Шаруа отбасымен бірге күн сайын ерте тұрып, қияр мен болгар бұрышын жинап, сұрыптайды. Шаруа келер жылы оның көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

«Жылыжайдың 54 соттық жеріне болгар бұрышын ектік. Қаңтарда егілген «Ереван» сұрыпты өнімді наурыз айының соңында тере бастадық. Бұл жұмыс шілдеге дейін жалғасады. Биыл 30-35 тонна өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Жолдасым мен келіндерім жылыжайдың шаруасына көмектеседі. Бір күннің өзінде 2 тоннадан астам өнім тереміз. Бүгінде ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып отырмыз»,-дейді жылыжай иесі.

Leave a reply