САРЫАҒАШТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

0
57

Сенбілік жұмыстарына қала аумағындағы барлық мекемелер қатысып, А-15 трассасы, Әйтеке би, Исмайылов көшелері тазаланды. Айта кетсек, аталған аумақтың тазалық жұмыстарына 84 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласы Исаұлы Құрал көшесі тұрғындары сенбілік жұмыстарына шығып, өз аумақтарын тазалады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аудан аумағында қарқынды жалғасуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен қолға алынған жалпы аудандық тазалық шарасында әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстары қарқынды жүргізді. Осы орайда, аудан әкімі Сарыағаш қаласының аумағы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарының барысын арнайы барып, пысықтады.

Сарыағаш ауданы әкімі А.Абдуллаевтың Сарыағаш қаласы аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен тазалық жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін жыл аяғына дейін жоспар жасалып, бекіттілді. Жоспарда ағаш көшеттерін егу, білім беру мен мәдениет ошақтары, шағын және орта бизнес, сауда нысандары мен базарлар аумақтарын тазалау, алаңдар мен көшелерді абаттандыру сынды шаралар қарастырылған. Тазалықты сақтамаған кәсіпкерлерді, сонымен қатар қоқыстарды бей-берекет тастаған азаматтарды заң шеңберінде жауапкершілікке тарту қарастырылған. Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Барша аудан тұрғындарын республикалық тазалық шарасына атсалысуға шақырамыз!

Айта кетсек, аталған аумақтың тазалық жұмыстарына 15 жұмысшы мен 2 арнайы техника жұмылдырған. Мердігер мекеме тарапынан шөптерді ору, бей-берекет тасталған қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі көпқабатты тұрғын үйлер аумағына егілген жасыл екпелердің суғару жүйесінің іске қосылуын барысымен танысып, қала әкімі А. Ешанкуловқа арнайы тапсырмалар жүктеді. Одан бөлек, аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тасжолы бойынан бөлінген аумақтарында бөлімдер және ауылдық округ әкімдіктері тарапынан жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстарының барысын бақылады. Сенбілікке қала және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындары атсалысты.

Leave a reply