Понедельник, 16 сентября

САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ҚАЗЫБЕК БИ АЛЛЕЯСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0
52

Тазалық — денсаулық кепілі. Ал денсаулық – әр адамның өмірінің байлығы. Осы қағиданы тек науқандық шараға ғана айналдырмай, біздің күнделікті тіршілігіміздің тынысы мен міндеті санай білсек, «Таза Қазақстанның» бейнесі де әрқашан жарық та жарқын болатыны сөзсіз.
Осы орайда, “Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданның жастары Сарыағаш қаласында орналасқан “Қазыбек би” ескерткішінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасы барысында жастар бей-берекет тасталған қоқыстарды жинау, ретсіз өскен шөптерду,ескерткіш аумағын сыпыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы сенбілікке 100-ден астам ауданның белсенді жастарв атсалысты.

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың қатарын арттыру мақсатында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары тазалық шарасында белсенділік танытуда.

Осы орайда, бүгін ауданға қарасты Құркелес, Жартытөбе ауылдық округтерімен Сарыағаш қаласының аумақтарының тұғындары бір кісідей білек сыбана кірісіп, жол жиегіндегі бағана мен ағаш түптерін ақтау, ағаштарды ретке келтіру, бей-берекет тасталған қоқыстарды шығару, шөптерді ору тазалық жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, жасыл желектер суғарылып, түптері қопсытылды.Жалпы 100-ге жуық тұрғын сенбілікке, өатысып 2 техника жұмылдырылды. Барша аудан тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз! Атқарылған сенбіліктер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Leave a reply