
Түркістан облысында 1 мыңнан астам мектеп директоры бар. Әрқайсысы мектептің абыройын асырып, бала тәрбиесіне, білім беру ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі еңбектеніп жүрген, жаңашыл көшбасшылар. Солардың бірі де, бірегейі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №61 жалпы білім беретін мектебінің директоры Әсел Арапова. Үздіксіз ізденіс жолы мен өмір бойы оқуды мақсат тұтқан ол 2024 жылы 23 желтоқсандағы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алды.