САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
17

Сарыағаш ауданында «Amanat» партиясы жариялаған «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. Осы ретте Сарыағаш ауданының аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сарыағаш ауданы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, аталған сенбіліктер барысында Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ тарапынан берілген 31 700 түп ұзақ жылдық ағаш көшеті қала және 13 ауылдық округ аумақтарына егілді. Сонымен қоса, демеушілер есебінен Сарыағаш қаласы және Қапланбек ауылдық округінде 4200 ағаш және гүл көшеттері егілді.

Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен аудандық деңгейде тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Дарбаза, Жартытөбе ауылдық округтерінде және Сарыағаш қаласына қарасты орталық және ішкі көшелердің бойында үйілген, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Қоршаған ортаны қорғау бағытында жүргізілген жұмыстарға екі арнайы техника жұмылдырылды. Экоакцияға ауылдық округ тұрғындары мен еріктерілер белсене қатысты.
Айта кетейік, Сарыағаш ауданы аумағында жыл басынан қазіргі таңға дейін жалпы 73 сенбілік өткізілген. Сенбілік барысында 500 көше, 161 шақырым аяқжол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен қатар 37 аялдама, 34 саябақтар мен скверлер, 47 спорт алаңшасы сырланып, реттелді. Сенбіліктерге жалпы 20 000 адам қатысып, 343 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 676 тонна күл-қоқыс арнайы орындарға тасымалданды.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру ниетімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастау алды. Оның аясында байтағымыздың әр қиырында өзіміз өмір сүретін қоршаған ортаны тазартуға бағытталған кешенді жұмыстар қолға алынды, қалаларымыз бен ауыл-аймақтарда санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді, табиғатты жүйелі қамқорлыққа алу іс-шаралары бекітілді, жасыл желек қорын ұлғайту басымдыққа ие мәселеге айналды.

Leave a reply