Четверг, 19 сентября

САРЫАҒАШ: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
43

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Дарбаза елді мекенінің көшелеріне бастау алған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жол жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Келесі кезекте , аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекеме өкілімен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

Қазіргі таңда, ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстары тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мекемемен ауылдық округ әкіміне жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарының саны артуын және үй шаруашылығында ауыз судың пайдалану көлемін көтеру мақсатында су дебитін көбейту үшін қосымша су көздерін қосу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, елімізде биыл 12 мың шақырым жолды жөндеу және реконструкциялау жоспарланған. Сонымен қатар құрылысы ұзаққа созылған бірнеше ірі жобаларды аяқтау тапсырылды. Бүгінгі күні жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады. Қазіргі таңда республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 92%, ал жергілікті желінің көрсеткіші 87%-ды құрап отыр. Аталған көрсеткіштер жыл соңына дейін тиісінше 93% және 89%-ға жеткізілетін болады.

Былтыр Сарыағаш ауданында 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауыл арасындағы көпірлер мен өткелдер де ретке келтірілген. Өткен жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Қабланбек пен Ынтымақ елдімекендеріндегі 27 көшенің, яғни 42 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша Сарыағаш қаласы мен Құркелес, Жібек жолы, Қабланбек, Қызылжар ауылдық окруктеріндегі 5 көшенің 9 шақырымы ретке келтірілген.

Leave a reply