САУД АРАБИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕТ ЭКСПОРТЫН ДАМЫТУҒА ҚАРЖЫ САЛАДЫ
Инвесторлар осы аймақтан мал өсіру мен ет өнімдерін шығару және жылыжай кешендерін ашуды ұсынды. Пайдалы және қауіпсіз өнімге кепілдік бере отырып, «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығаруға дайын екенін айтты. Инвесторларға индустриалды аймақтағы, дайын өндіріс алаңынан арнайы алаңшалар жалға беру жоспарлануда.
Түркістан ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрған облыстың бірі. Шетелдік инвесторлар осы бағыттарға қызығушылық танытуда. Бүгін Сауд Арабия және Түркия елінің инвесторлары өңірдің инвестициялық ахуалымен танысып, мал шаруашылығы және жылыжай салу бойынша инвестиция салуға дайын екенін жеткізді.
«Al Thiqa» – 70 жыл бойы әлемге мал саудасы бойынша танымал компания. Барлық өнімдері жоғары сапада екенін растайтын сертификат алған. Компания мал өсіру мен піскен ет өндіруден басқа, азық-түлікті импорттау және экспорттау қызметтерін ең жоғары сапа деңгейінде ұсынады.
Өнеркәсіпті дамыту – ортақ міндет. Түркістан облысында жаңа инновациялық кәсіпорындар пайда болуы қажет. Еліміздің экономикасына инвестиция салу үшін шетелдік капиталды тарту маңызды, содан кейін өнім экспортқа кетеді. Түркістан облысында мәдениет пен туризм салаларын дамытуға күш салынған. Бұл бағытта шетел тәжірибесін пайдаланып, инвесторлар тартуға да басымдық берілген. Өңір экономикасын қарқынды дамыту үшін ұзармерзімді инвестиция құятындарға қолайлы жағдай жасалады.