САУРАН: АУДАНДА САЯТШЫЛЫҚ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ

0
73


Түркістан облысындағы Сауран аудандық мәдениет үйіне қарасты Абай ауылдық клуб қызметкерлері Ұлттық құндылықтарымыздың бірі саятшылық, аңшылық өнерді насихаттау мақсатында «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» атты іс-шара өткізді. Аталмыш мәдени шара барысында ауыл сыртында атқа мініп, тазы иттерді ертіп, домбырамен ән шырқап керемет өткізді. Шара аясында ұйымдастырылған мәдени шара аңшылықты, сатшылықты, ұлтымыздың төл өнерін кеңінен насихаттауға арналды. Шараға қатысушылар ауыл сыртында атқа мініп, домбыра үнімен ұлттық әндерді орындады. Осылайша акцияның мақсаты орындалып, қатысушылар мен көрермендер арасында ұлттық құндылықтар насихатталды.
Қазақ халқының ғажайып өнерінің бірі – осы саятшылық, яғни құс алу арқылы, қумай тазымен аңшылық құру. Бұл өнер тіршілік қамы ғана емес, көңіл көтеру, бойға күш алу, қызықтау әрі спорт ретінде қазақ даласында тым ерте дамыған.
Тазымен аң аулау – қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алған ежелгі өнер. Бұл аңшылық иесінің шеберлігі мен тапқырлығын көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар табиғатпен қарым-қатынастан ләззат пен қуаныш әкеледі. Тағы бір айта кетерлігі, тазымен аңшылық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізудің, адамдар мен олардың мәдени мұралары арасындағы байланысты нығайтудың тәсілі ретінде де қызмет етеді.
Бағзыдан адамдар тұзақ, тор, қақпан, апан, найза, садақ пен жебе, кейіннен мылтықтың көмегімен аңшылық етіп, азығын тапқанымен, біздің халқымыз үшін ит жүгіртіп, құс салар аңшылық-саятшылық – ұлы өнер, киелі кәсіп болып қала бермек.
Иә, көптеген халықтардың аңшылық тарихы ежелден бар және олардың мәдениетінде маңызды рөл атқарады. Иттермен және аңшылық құстармен аң аулау ерекше дағдыларды, адам мен жануарлардың үндестігін, табиғатты терең түсінуді қажет етеді. Қазақ халқы үшін аңшылық тек азық-түлік алу ғана емес, оның болмысына, салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне айналды. Ол қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Шара барысында өнер майталмандары домьбырамен әуелете ән салып кештің көрігін қыздырды. Алдағы уақытта ұлттық құндылықты ұлықтайтын мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

Leave a reply