Вторник, 17 сентября

САУРАН: АУДАНДА СПОРТТЫ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕНДЕР КӨП

0
57


Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында бүгінде спорт саласы жақсы дамып келеді. Ауданда спорттық биік нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар қатары артып отыр. Сонымен қатар, ауданда түрлі бағыттағы спорттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Жуырда Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округі, Аша елдімекенінде жасөспірім балалар арасында кіші футболдан ашық алаңда жарыс өткізілді. Жарысты Шорнақ ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Төлегенова Айдана ұйымдастырды. Аша ауылында балаларға арналған осындай іс-шаралардың өтіп жатқаны керемет. Футбол – жастарды спорттық іс-шараларға баулудың және оларды ұжымда жұмыс істеуге, тәртіпке және салауатты өмір салтына үйретудің тамаша тәсілі. Ал спорт нұсқаушысы Төлегенова Айдананың жарыстарды ұйымдастыруға қатысуының маңыздылығын атап өтуге болмайды – бұл балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамытуға септігін тигізетін маңызды жұмыс. Спорт қауымының дамуына осындай құнды үлес қосқаны үшін оған мың алғыс. Жарысқа 5 команда қатысты. 1-ші команда Т. Айтжанов мектебі. 2-ші команда Аша.
3-ші команда Аша-2. 4-ші команда Сауран. 5-ші команда Қос мезгіл. Жарыс өте тартысты өтті. Командалардың барлығы да мықты дайындықпен келген.
Нәтижесінде: |-ші орын Аша командасы. ||-ші орын Аша-2 командасы.
|||-ші орын Қос мезгіл командасы. Жәнеде Үздік қақпашы номинациясымен Рахматулла Муртаза. Үздік қорғаушы номинациясымен Абдукоримов Ахмет.
Үздік шабуылшы номинациясымен Тәуірбай Нұрым марапатталды.
Жасөспірім балалардың жаттықтырушысы Найманбаев Ерген Ыбырайұлы.
Араға аз ғана уақыт салып тағы да Сауран ауданында алғаш рет рет кіші футболдан әуесқойлар арасында жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа 12 ауылдық округтен жасақталған 22 командадан 300-ден аса спортшы қатысты. Бұл спорт додасы аудан көлемінде футболды дамытуға сеп болмақ.
Осынау игі спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысты.
— Бүгін ауданымызда ерекше маңызды күн орын алып отыр. Жастарды барынша спортқа баулу бағытында олардың арасынан таланттарды табу үшін спорттық шаралар көптеп өтуі тиіс. Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты кіші футболды дамыту және насихаттау, әуесқойлар арасында үздіктерін анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады, — деген аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Шараға арнайы келген ауданымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов чемпионаттың басталуымен құттықтап, талантты футболшылар ауылдан шығатынын айтты. Сондай-ақ, жарыста кіл мықтылардың жеңіске жетуіне тілекші екенін білдірді.
Аудан көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылған чемпионат алдағы екі жарым ай көлемінде командалар өзара бақ сынып, жеңімпазды анықтайтын болады. Жеңіске жеткен үздік аяқ доп шеберлерінен құралған команда республикалық әуесқойлар чемпионатында ауданның намысын қорғайтын болмақ. Мұндай чемпионаттың облыста алғаш рет өткізіліп отырғаны қуантады! Бұл жастардың спорттық қабілеттерін көрсетуге және футболға деген сүйіспеншіліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Жеңімпаз команданың аудан намысын республикалық чемпионатта қорғайтыны да қызық, бұл командаларды жеңіс үшін күресуге қосымша ынталандырады. Мұндай іс-шараға қатысу спорттық дағдыларды дамытып қана қоймай, балалар мен жасөспірімдерді тәртіпке, жауапкершілікке, ұжымшылдыққа үйретеді. Келесі деңгейдегі жарыста облыс намысын лайықты танытатын мықты команда жеңіске жетсін!

Leave a reply