Thursday, November 21

Сауран ауданындағы Достық елді мекенінің тұрғындарына ауыз судың берілу уақыты 16 сағаттан 24 сағатқа созылды

0
113

Өңірімізді дамыту мақсатында 2024 жылға дейінгі Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспары бекітілген болатын. Соған сәйкес, өңірімізде бірқатар шаралар қолға алынған. Соның ішінде тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесіне де айрықша назар аударылып отыр. Айталық, бүгінде Түркістан облысында инженерлік инфрақұрылымды жақсарту және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы салаға 34,8 млрд. теңгеге 110 нысанның құрылысы жоспарланған, былтырсоның 18-і тапсырылды, қалғаны биылғы жылға өтпелі болған.

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 712 елді мекен (85,7%) немесе 1971,7 мың адам (95%) таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ауыз су бойынша 55 нысанның құрылысына бюджеттен 19,2 млрд. теңге бөлініп, оның 11-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 719 елді мекен (86,5%) немесе 1 979,3 мың тұрғын (95,6%) таза ауыз сумен қамтылатын болады. Жалпы өңірімізде 2025 жылға дейін елді мекендерді сумен 100 пайыз қамту жоспарланған.

Тұрғындарды таза ауыз суымен қамту мақсатында аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы да ақпарат бере кетуді жөн көріп отырмыз. Мәселен, Сауран ауданындағы 12 ауылдық округте 36 елді мекен бар. Олардың ішінде 32 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Ал, 3 елді мекендегі, атап айтар болсақ, Қаратөбе, 32-разъезд, Егізқара елді мекендерінде тұрғын үйлердің бір-бірінен шалғайда орналасуына байланысты, экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан, бұл елді мекендергекешенді блок модуль орнату көзделуде. Ойық елді мекеніне ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Шорнақ, Шаға ауылдық округтеріне қарасты Аша, Шоқтас елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолға алынған болатын. Нәтижесінде, аталған елді мекендерде 539 абонент қамтылды.Иассы ауыл округіне қарасты Еңбекші, Дихан ауылдарында су жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде аталған елді мекендерге ауыз су құбыры тартылды.Ораңғай ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекеніндегі Тоған көшесі тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынған еді. Нәтижесінде, аталған көшеге ауыз су құбыры тартылып, 26 абонент таза ауыз суға қол жеткізді.

Мұнан бөлек Жүйнек, Ескі Иқан ауылдық округтеріне қарасты Шыпан, Шекербұлақ, Жуйнек және Достық елді мекендеріндегі су жинау жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 25 м3, 50 м3-тық 3 да су мұнарасы орнатылды. Нәтижесінде, Шыпан елді мекенінің тұрғындары тіршілік нәрін 24 сағат тұтына бастады. Шекербұлақ елді мекенінің тұрғындарына ауыз су беру уақыты 24 сағатқа созылды. Жуйнек елді мекенінде 30 абонент ауыз су қамтылды және Достық елді мекеніндені тұрғындарға тіршілік нәрінің берілу уақыты 16 сағаттан 24 сағатқа созылды. Және қосымша 43 абонент ауыз сумен қамтылды.

Бұйыртса, енді биыл Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ойық елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары қолға алынды. Аталған шаралар атқарылып, нысан пайдалануға берілген жағдайда Ойық елді мекенінде 39 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, Майдантал ауыл округіндегі ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Реті келгенде ауданда тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында әзірленетін жобалық сметалық құжаттамалар жөнінде де айта кетейік. Мәселен, алдағы уақытта Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекенінің ауыз сумен қамтылмай қалған аумағына ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарының, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етудің құрылыс жұмыстарының, Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстарының, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстарының, Жүйнек ауылдық округіне қарасты Жүйнек елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстарының, Қарашық ауылдық округіне қарасты Қарашық елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстарының сметалық-жобалық құжаттары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Leave a reply