Сауран ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 18 көше жөндеуден өтті

0
83

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар.

Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар.

Облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар (Құсшыата) автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге (Шорнақ) орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілді. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 11,2 шақырым жол жөнделеді.

2022 жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды. Ағымдағы жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері (мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылады.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Бұдан бөлек, 2023 жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгілері (аудан бойынша), 42 дана жол кедергілері (аудан аумағында орналасқан мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылады.

Сондай-ақ 58,3 шақырым жолдарды жөндеге жобалық сметалық құжаттар әзірленеді.

Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан – Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.

2023 жылы ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:

Құмайлықас – Шорнақ;
Ескі Сауран – Шорнақ;
Шорнақ – Нұртас;
Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы;
Абай – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы;
Жалаңтөс – Қазақстанның 30 жылдығы.
Ауданда 11 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елдімекен табиғи газды пайдаланып отыр. 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады (Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас).

Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде (4,5 млрд. теңге) және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде (4,9 млрд. теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді.

Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда.

Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған.

2023 жылға жоспар 29,5 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады.

Сауран ауданы бойынша 36 елдімекен ішінде, тұрғындарының саны 5 мың адамнан асатын 6 елді мекен және 5 мың адамға дейінгі 26 елдімекен бас жоспармен және оңтайландырылған жобалармен қамтылған.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы жүруде.

Бабайқорған елді мекенінде «Спорт зал» құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы нысанды тапсыру жоспарланған.

Сонымен қатар, Бабайқорған елді мекенінде «Клуб және кітапхана» құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. (жоба құны – 397,0 млн.тг).

Аудандық бюджет есебінен Шорнақ, Иассы, Үшқайық, Шаға ауыл округтерінде ветеринарлық бекеттің құрылысына, Үшқайық және Жаңа Иқан ауыл округтерінен «Спорт зал» құрылысына, Жібек жолы ауыл округі әкімшілігі ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 48 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 719 бала. (оның ішінде 7 жекеменшік мектеп)

Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы және Оранғай ауыл округінде 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, нысандар 2023 жылы пайдалануға тапсырылады.

Leave a reply