Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 12,1 млрд. теңгелік 12 жоба іске қосылған
Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 106,1% құрады. 2023 жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артты.
Бидай – 4 254 гектар (түсімі 32 цн/га, өнім көлемі 13 613 тн);
Дәндік жүгері – 2 903 гектар (73 цн/га, 21 192 тн);
Майлы дақыл – 690 гектар, (16 цн/га, 1104 тн);
Бақша – 6 487 гектар, (330 цн/га, 214 071 тн);
Картоп – 470 гектар, (280 цн/га, 13 160 тн);
Көкөніс – 2 482 гектар, (370 цн/га, 91 834 тн);
Мал азықтық дақылдар – 15 130 гектар,(87цн/га,131 631 тн);
Мақта – 11 666 гектар, (31 цн/га, 36 165 тн).
Нәтижесінде өсімдік шаруашылығы – 70,8 млрд. теңге өнім өндірді.
Алынған өнімдердің бір бөлігі аудан, облыс тұрғындарының қажеттілігіне жаратылса, 118 мың тонна бақша және 20 мың тонна көкөніс өнімдері, яғни 26 пайыз өнімдері жақын шет елдер нарығына шығарылды.
Ауданда жалпы мал саны 515 404 бас, құс саны – 160 020 құрап отыр.
Мал шаруашылығында – 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт; 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі – 30,5 млрд. теңгеге жетті.
Ауданда жалпы 2096 ауыл шаруашылығы техникасы бар. Өткен жылы 64 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан алынса, ағымдағы жылы 69 техниканы сатып алуды жоспарлаудамыз.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,3% артты. Облыс үлесінің 11%-ын құрайды.
Оранғай а/о 600 басқа арналған сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимараты (жоба құны 1840 млн.тг);
Үшқайық а/о 2 гектар жерге балық шаруашылығын дамыту (жоба құны 624 млн.тг)
64 дана ауыл шаруашылығы техникасы (жоба құны 1460 млн.тг)
Иассы а/о 500 бас жылқы, 300 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы (жоба құны 502,0 млн.тг)
Жаңа Иқан а/о 200 бас ІҚМ, 2000 бас уақ малға арналған мал қора және малшы үйі құрылысы (жоба құны 389,0 млн.тг)
Ескі Иқан а/о 150 ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы (жоба құны 425,0 млн.тг)
Ескі Иқан а/о 200 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы жоба құны 447,5 млн.тг)
Бабайқорған а/о 525 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры (жоба құны 520 млн.тг)
Жаңбырлатып сурау құрал-жабдықтары (жоба құны 4488 млн.тг)
10.Шаға а/о қойма құрылысы (жоба құны 200 млн.тг)
11.Кондитерлік цех құрал-жабдықтары (жоба құны 415 млн.тг)
12.Мал қора малшы үйі құрылысы (жоба құны 810 млн.тг)
2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны – 19,4 млрд. теңгеге 11 ірі және 35 шағын инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.
Ескі Иқан а/о Қуаттылығы жылына 3000 тонналық мақта майын өндіру цехы;
Оранғай а/о Қуаттылығы жылына 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма:
Шаға а/о 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасы;
Жаңа Иқан а/о 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру:
Жібек Жолы а/о 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру;
2024-2027 жылдары – мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару, жіп өндіру, мата шығару жобасы;
Шорнақ а/о 400 гектар жерге жерге жаңбырлатып суару әдісін ендіру;
Оранғай а/о 400 бастық сүт-тауарлы фермасын салу;
Оранғай а/о 1,0 гектар жерге мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысы;
Шаға а/о 600 бастық сүт-тауарлы фермасын салу;
Оранғай а/о 5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау алаңы;
Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде орналасқан «SAURAN» индустриалды аймағы құрылды. Мұнда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Жалпы аумағы 30 гектарды құрайды.
Аталған аймақта 11 Brownfield – дайын өндірістік ғимарат құрылысы аяқталып, 8 жоба орналастыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда:
«JASYL SUIQ QAZAQSTAN» ЖШС – Өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіру. Жоба құны – 10,0 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 500)
«BNK Group Ltd» ЖШС – Жаңбырлату суару жабдықтарының өндірісі. Жоба құны – 5,0 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 80)
«Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» – Корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісі. Жоба құны – 3,5 млрд.теңге. (жұмыс орындар саны – 100). Оранғай ауылдық округінде аумағы 365 га құрайтын «Тұран» арнайы экономикалық аймағын іске асыру көзделуде. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде.
Сауран ауданына өткен жылы 34,6 млрд.теңгеге 8 инвестициялық жобалар іске асты. тартылды. Нәтижесінде 496 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.