САУРАН АУДАНЫНДА БИЫЛ 30-ҒА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
Биыл «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Сауран ауданындағы 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселмек. Нәтижесінде жыл соңында аудандағы қанағаттанарлық жолдардың сапасы 69 пайызға жетеді. Бұдан бөлек, аудандағы 48 шақырым топырақ жолға тас төсеу жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы облыстық маңызды КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы мен көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Еске сала кетсек, наурыз айында жауын салдарынан аудандағы КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы бойындағы көпірді су шайып, өтпелі плиталары опырылып құлаған. «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан уақытша айналма жол ұйымдастырылып, көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға 5 техника мен 10 жұмысшы жұмылдырылған. Айта кетсек, ауданда 105 шақырымды құрайтын республикалық, 326 шақырымдық облыстық, 119,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызды автомобиль жолдары бар.
Бұл жоба ауылдарды дамыту бойынша жұмыс 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жоспарлы түрде басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу. Қазіргі уақытта сапалық көрсеткіштерді енгізуді ескере отырып, өңірлік стандарттар жүйесінің жаңа форматы әзірленді. Өңірлік стандарттар жүйесінің жаңа форматына әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәртебесін қосуды ескере отырып, цифрлы көрсеткішпен бірге сапалық сипаттама жүйесін енгізу арқылы интегралдық бағалау енгізілді. Сонымен қатар 12 бағыт бойынша санаттау және бағыттар бойынша қамтамасыз етуді есептеу көзделген.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының» жобасын әзірледі.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – институционалдық қамтамасыз етуді ілгерілету арқылы ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл халқының өмір сүру сапасын жоғарылату және жайлы өмір сүру ортасын құру. «Жалпы тұжырымдама мынадай тәсілдерден тұрады: ауылдың институционалдық дамуын қамтамасыз ету, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын қарқынды дамыту. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы ауыл халқының табыс деңгейін арттыру көзделген