САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
67

Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров «Отан қоғаушылар» күні мерекесі қарсаңында тыл ардагері Шаға ауылдық округінің тұрғыны Нәби Мұсаұлына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Нәби Мұсаұлы өз құрдастарымен бірге соғыстың барлық ауыртпалығын көрді, қабырғасы қатаймай жатып, тылдағы еңбекке араласты. Түркістан қаласындағы Ленин мектебінің 8 сыныбын үздік бағамен бітіреді. Ата-анасының шаруаны игерудегі күн көрісінің қиындауына байланысты оқудан шығып, шаруамен айналысуына тура келеді. Кейінгі жылдарға дейін колхозға кірмей жеке шаруашылық жүргізген. 1952 жылдан бастап Ынтымақ ауылында шопан болған. Қыс қыстауға, жаз жайлауға көше жүріп қиыншылығы мен қызықшылығы мол шаруашылықты атқарды. Облыстық аудандық партия комитеттерінің көптеген алғыс грамоталарымен, ерен еңбегінің арқасында 3-4 рет ауданның жылдың «Шамшырақ шопаны» атағына ие болған. Лениннің 100 жылдық мерейтой, т.б. көптеген медальдарының иегері. 12 ұл-қызды өсіріп, жеткізді. Содан 46 немере 80 шөбере өсіріп отырған қазыналы қария.
Тыл ардагері Нәби ақсақалдың ғибратты өмір жолы мен қызметі кейінгі жастарға үлгі. Аудан басшысы қариямен тілдесіп, мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.
Айта кетейік, биыл жалпы 3654 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 176,5 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған төлемдер 3 мамырға дейін толық төленелі. Оның ішінде 11 Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 1500,0 мың теңге, кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға 100 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына 60 000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден (3522 адам) беріледі.
Жеңіс күнінде Түркістан қаласындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар патриотизм мен отансүйгіштік рухты нығайту мақсатында белгілі тарихи тұлғалардың, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, волонтер жастардың күшімен ҰОС қатысушылардың тұрмыстық жағдайына көмектесу, «Ардағым ардагерім» акциясы өткізіледі деп күтілуде
Айта кетейік, Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батырлары және 8 – і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған.

Leave a reply