Понедельник, 16 сентября

САУРАН: АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
41


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», — деп тапсырма берген болатын.
ЕКІ ЖЫЛ ҮЗДІК АТАНҒАН ЕСКІ ИҚАН
Осыған орай, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бірінші жарты жылдық бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі ағымдағы жылдың 5 айында атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Жиында Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшад Саитов 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарын баяндады.
Әр салаға жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан жер мәселесі, көшелерді жарықтандыру, көпір құрылысын аяқтау, көшелерді асфальттау тағы да басқа көптеген мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі барлық сұрақтарға толық жауап берді. Жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
ШАҒАЛЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМЫ ШЕШІЛУДЕ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бірінші жарты жылдық бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі ағымдағы жылдың 5 айында атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары туралы баяндап өтті. Сонымен қатар, Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысқали Жұмановтың 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Аудан әкімінің мәлімдеуінше 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нақты 10,4 млрд. теңге-нің өнімі өндірілген. Ауданның әлеу-меттік-экономикалық дамуының не-гізгі бағыты 84,7% ауыл шаруашы-лығына, 10,2% өнеркәсіп саласына және 5,1%-ы құрылыс жұмыстары-ның үлесінде екенін жеткізді.
Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылығында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Биылғы жылдың 4 айда нақты 7,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Әр салаға жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Молда Мұса мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, шаруаларға жанар-жағар май мәселесі, көшелерді асфальттау, электр жарығының әлсіздігін, жайылым жердің жоқтығын, ауыз су, қоғамдық көлік жүргізу тағы да басқа көптеген мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан әкімі өңірдегі инвестициялық ахуал, кәсіпкерліктің дамуы жаңа жобаларды баяндай келіп Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Әбуұлы Әшірбековтің 2024 жылы жоспарға сай атқарылатын жұмыстары және өңірдің өзекті жайлары бойынша ауылдық округтің әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасын тыңдады.
Мейрамбек Әлиұлының баяндауынша, Жібек жолы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы атқарылған жұмыстары және 2024 жылға жоспарланған жұмыстарымен инвестициялық жобалары мен өзекті мәселелері жұртшылыққа баяндалды.
Атап айтқанда, Жібек жолы ауылдық округі екі елді мекеннен құралған. Олар Сауран және Ескі Сауран елді мекендері. Сауран елді мекенінде 1733 адам, Ескі Сауран елді мекенінде 799 адам тұрады. Барлығы 2532 адам мекендейді. Мал шаруашылығы саласы бойынша. Сыр бойына жақын орналасқан малға жайлы құт мекенде 2393 ірі қара мал, 21624 қой-ешкі, 576 жылқы, 711-түйе, құстар саны 3019. Жібек жолы ауылы әкімі аппаратына 2024 жылы барлық шығындарын өтеуге 58056,0 мың теңге жоспарланған. Ал, 2024 жылдың 5 айында 18588,0 мың теңге қаралып толық мақсатты игерілді.
Жібек жолы ауылдық округі бойынша 2024 жылы 5 айында мүлік салығы 70000 теңге, көлік салығы 3099000 теңгеге орындалды. Ауыл-дық округте атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2024 жылы 1 тоқсанда, 5-отбасының құжаты қабылданып, 39 адамға 768705 теңге атаулы әлеумет-тік көмек тағайындалды. Жібек жолы ауылдық округі бойынша тұрмысы төмен көп балалы отбасыға 8 наурыз мейрамына орай қаржылай және азық-түліктей көмек көрсетілді. Ауыл округінде көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарының іс шаралары жасалып, бекітілді. Бекітілген іс шараға сәйкес, 2024 жылы жалпы 16 рет сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 27 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді.
«Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша екі елді мекендегі басты көшелеріне жалпы саны 750 ден аса жасыл желектер отырғызылды. Соны-мен қатар Ескі Сауран қалашығында туристер келіп демалып отыратын беседкалар мен автотұрақтың бағана-лары сырланып қалпына келтірілді. Ауылдық округ бойынша басты көшелердегі тал теректер бұталып, түптері әктелді. Сонымен қатар тұрғын үйлердің, ғимараттардың қасбеттері әктеліп, сырланып көркейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдары ретке келтіріліп, тақтатастары сырланды.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖАСАЛАДЫ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округі тұрғындарының ішінде өз кәсібін ашуға қолдау таппай жүргендерге барлық жағдай жасау керектігін ескертті. Аудан әкімі Мақсат Асылбекұлының айтуынша, қазіргі таңда 12 ауылдық округтердің орталығынан кәсіпкерлерге арналған 10 гектар көлеміндегі жер беріліп, онда индустриялық аймақтарды ашу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы Жібек жолы ауылдық округіндегі негізгі саласы болып табылады. Биылғы жылы Жібек жолы ауылдық округі бойынша 1387 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланып, қазіргі таңда 866 гектар жерге әртүрлі дақылдар егілді. Ал қалған 521 гектар жерге мамыр айының аяғына дейін егу жоспарланып отыр. Тұрғындар негізінен бақшалық дақылдар, көкөніс, картоп, дәндік жүгері, жоңышқа, мақта егеді. Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округ бойынша алты сауда нүктесі, 59 шаруа қожалықтары бар. Жібек жолы ауылдық округі бойынша егін шаруашылығы жақсы дамыған, шаруалар бау-бақша өнімдерін егіп қазірігі таңда мол өнім алу мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда.Алдағы айларда жиын-терім маусымы басталып, өнімдерін жинап алып, облыстық, қалалық және алыс-жақын шет елдерге шығаруды жоспарлауда. «JMJ – Агро» ЖШС ауылшаруашылығы саласында егістік алқаптарын жаңбырлатып суғару әдісін орнатуды жоспарлауда. Бағлан Мұсабеков ауылшаруашылығы мақсатындағы жеріне жер асты суларын үнемді пайдалану мақсатында жаңбырлатып суару қондырғысын орнатуын жоспарлап отыр. Жоба құны 560млн.теңге тұрады. Биыл бастап жыл аяғына дейін орындауды көздеуде.
Жібек жолы ауылдық округінің Гүлхан, Аль – Тайр, Мөлдир бауы, Шырынкүл және Бахтияр шаруа қожалықтары ауылшаруашылығы жерлерін өңдеу, жырту, дәрілеу жұмыстарын жүргізе отырып, өнімдерді тасымалдау үшін ауылшаруашылығы техникаларын жаңартты. Ауылшаруашылығы саласында ауыл тұрғындары Музапбар Айберген және Үсен Байсалды қаржы ұйымдарынан жеңілдетілген несие алып, түйе шаруашылығымен айналысып, уақ мал басын көбейтуге қызығушылық танытуда.
САУРАННАН ШОРНАҚҚА ЖОЛ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Бұған дейінгі аудан әкімімен кездесулерде айтылған тұрғындардың сұранысы бойынша Жібек жолы ауылдық округінің орталығы Саураннан Сауран ауданының орталығы Шорнаққа қарай асфальт жол салынуда. Бұл жолы да тұрғындрмен кездесуде Жібек жолы ауылдық округі бойынша табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі алдағы бірер жылда шешімін табатын болады.
Ауыл әкімі Мейрамбек Әшірбековтың баяндауынша, Жібек жолы ауылдық округі Сауран және Ескі Сауран ауылдарында жалпы бес көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда атап айтқанда: Шорнақтөбе, Жібек жолы, Ү.Алдияров, М.Момбеков және Е.Жарылқасынов көшелері жоспарға енгізілді. Сонымен қатар Ескі Сауран ауылына көктемгі мезгілде ашылған өзенінен таудан қарқынды ағын су келген жағдайда автокөліктерінің өтуіне кедергі болған кезде, қосымша айналма жолға 1,5 шақырымға жолға тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Ескі Сауран ауылынан Батыс Қытай-Батыс Еуропа автомагистралының Қызылорда немесе батыс бағытына шығу үшін қосалқы жолға тас төсеу жұмыстары жоспарлануда.
Жібек жолы ауылдық округі Сауран ауылында басты көше А.Оразбаева көшесінің бойында кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңдары құрылысы жұмыстары қазіргі таңда жүргізілуде. Ағымдағы жылы құрылысы толық аяқталып тұрғындардың пайдалануына берілу күтілуде.Жібек жолы ауылдық округі аумағынан жолаушыларға қызмет көрсету үшін қонақ үй, асхана құрылысын салу жобасы да жаспарда бар. Кәсіпкер Бектемиров Сырлыбай 50 – орындықты асхана және қонақ үй ғимаратын салуды жоспарлап отырған жоба құны 80млн.теңге тұрады. Құрылысты биыл бастап келесі жылы пайдалануға беруді көздеуде. Жібек жолы ауылдық округі бойынша өзекті мәселелердің ішінде ауылды сапалы ауыз сумен қамту жобасы орындалды. Ескі Сауран елді мекеніне Батыс Қытай-Батыс Европа автомагистралынан елді мекенге бұрылатын бұрылыс ашу кезек күттірмейді.
АУЫЛ ШЫН МӘНІНДЕГІ ЕЛ БЕСІГІ АТАНУЫ ТИІС
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бірінші жарты жылдық бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Иассы, Оранғай, Үшқайық ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ағымдағы жылдың 5 айында атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Аудан әкімінің баяндамасынан соң жоғарыда аталған ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Мақсат Асылбекұлының мәлімдеуінше 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нақты 10,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыты 84,7% ауыл шаруашылығына, 10,2% өнеркәсіп саласына және 5,1%-ы құрылыс жұмыстарының үлесінде екенін жеткізді. 2023 жылы ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартыл-ған болса, ағымдағы жылы оның көле-мін 42,0 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 4 айында нақты 7,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Аудан бойынша 2024-2025 жылдар аралығында жалпы құны 72,2 млрд. теңгені құрайтын 105 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 нысан іске қосылып, 1018 жаңа жұмыс орындары ашылғанын атап өтті.
Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылығында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Биылғы жылдың 4 айда нақты 7,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Әр салаға жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауылдағы өзекті мәселелер көтерілді. Атап өтсек, Иассы ауылдық округінен ауылда тіс дәрігерінің жоқтығын, табиғи газ, Абай көшесін жөндеу, ауыз су, тұрғын үйге учаскелік жер беру, жол бойына камера қою, актив центр орталығының антенасын орнату секілді мәселелерін алға тартты.
Ал, Оранғай ауылдық округінің тұрғындары ауызу су өтетін құбырларды ауыстыру, электр энергиясының нашарлығын, трасформатор орнату, жол, жер, ауыз судың қажеттігін айтты.
Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарының басты мәселесі ауыз су, елді мекендерге трансформатор орнату, электр бағаналары тозған ауыстыру, жол, тротурар, көшеге ат беру, көпір, салынған жолдардың сапасыздығы, жер, денсаулық саласына қатысты мәселелерді көтерді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, жоспарға сәйкес, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров 2024 жылдың бес айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Майдантал, Жібек жолы, Бабайқорған, Жүйнек, Қарашық және Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты жалғасын тауып келеді. Аталған тапсырмаға сәйкес, жоғарыдағы ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы және бұған дейінгі өткен кездесулерде ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша айтып өтті.
Аудан әкімінің баяндамасынан соң жоғарыда аталған ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Мақсат Асылбекұлының баяндауынша өңірде қордаланған мәселенің бірі жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Аудан бойынша тұрғын үйдің кезегінде 1 379 адам тұр. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларды бірінші кезекте тұрғын үймен қамту мақсатында әкімшілік іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта қосымша көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетінін атап өтті. Барлық ауылдарда жаңадан жер бөлініп оның инфрақұрылымын салу жергілікті әкімдіктерге тапсырылды. Сондай-ақ ауыл ішіндегі бос жерлерді де халыққа бере бастау керектігі айтылды. Әр салаға жеке-жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Кездесулер барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ағын су, тас арық салу, жайылым жер, тұрғын үйге жер беру, электр жарығының нашарлығын, ауылдарға трасформатор орнату, газ мәселесі, заңсыз салынған тұрғын үйлерді заңдастыру, жаңа мектеп салу, электр бағаналарын жаңарту, «Укаша ата» кесенесіне трансформатор қою, жарықтандыру, Серт елді мекенінің жол бойына аяқ жол (тротуар) салу мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғын-дарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы оның шешу жолдары бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы өзінің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді. Аудан әкімі өз кәсібін ашамын деген жастарға барынша қолдау көрсетуді қазіргі кезде ірі мегаполистерде жұмыс істеп жүрген жастарды да ауылға шақыру қажеттігіне баса назар аударды. Өйткені, ауылдарда кәсіпкерлер көп болса, олар ауылдық әкімдіктің бюджетін толықтырып қана қоймай, көптеген жұмыс орындарын ашуға да ықпал ететіндігі белгілі болды. Ауылдарымыз шын мәніндегі ел бесігі атануы тиіс деп тұжырымдады аудан әкімі.
Ескендір ЕРТАЙ.

Leave a reply