САУРАН: БЕСІКТІ ҚОРЛАЙТЫНДАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТУ КЕРЕК

0
21


Жақында қоқысқа лақтырылған әдемі өрнекті бесікті көріп төбе шашым тік тұрды. Ол аздай интернетте бір думанның жарнамасы жерді жарып жібере жаздады. Онда бір қауым ел үлкен, ұзындығы шамамен екі метр бесікке еңгезердей бір жігітті бөлейді. Әлгі жігіт бесікке кәдімгідей ыржиып жата кетеді. Мұны қызықтаған ел: «Шүмегі қайда? Шүмекті әкеліп салыңдар» деп жүгіріп жүр. Расында, баласы шығар, бесікке бөлеген кейуана кәдімгідей күйбеңдеп, құндақтаған болып жатыр. Өткенді еске түсіріп, қызыққа қалайық дегені шығар. Бірақ бұл ақылға сиятын «құбылыс» па?
Бұған қоғам болып тоқтау салмаса, ертең тұсаукесер, беташар, т.б. дәстүрлі құндылықтар осылай мазаққа айналып, ғұрып¬тық құнын жоғалтады да, бір ұрпақ айналғанда той-думан шоу ретінде күлетін құралға айналады.
«Бесікке бөлеу» деген сөздің төркінін сіз де түсінетін шығарсыз. Буыны бекімеген нәрестені ғана бөлей аласыз. Себебі оның аузына апарғанды емгеннен басқаға шамасы жоқ. Жас сәбидің дене мүшесі, арқа-басы қисық бітпесін деп бесікке құндақтап, махаббат нұрына, мейірім мен жылылыққа бөлейсіз. Сонымен қатар он екі мүшесі икемге келмей қалған сал адамды немесе кәрі жанды жатқызып-тұрғызып, орналастырасыз. Қамқорлығыңызға аласыз. Қайтыс болған соң арулап жер бесікке бөлейсіз. «Топырағың торқа болсын» деп тегін айтпайды ғой қазақ.
Кейінгі кезде қазақ дәстүрі мен ұлттық тәрбиесіне қайшы әре¬кет¬тер ашық жарияға шығып, алды тұ¬рақты жөнге айналып, елді шала бүлін¬¬діріп қойды. Күлдірем деп бү묬діріп жатқанын түсінбейтін көп¬ші¬лік мұның бәрі дәстүрлі қазақ қғамына жасалған ашық шабуыл екенін парықтай алмайтын сыңайлы. Қызық жаса, бірақ бүйректен сирақ шығармау¬ға болады ғой. Ештеңеге зия¬ны жоқ сайқымазақ дүниелер он¬сыз да жетіп артылмай ма? Сай¬қы¬¬мазақ шақыр, күлдіргі қыл, бі¬рақ бүл¬діргі жасап, тұнығыңды шай¬қа¬ма-саңшы.
ПАМПЕРС ТҰҚЫМЫМЫЗДЫ ТҰЗДАЙ ҚҰРТУДА
Қазір ыңылдап өлең айтып, бұрынғыдай бесік тербетіп, баланы уатып отырған ананы көру мұңға айналды. Оның орнына, қай үйге барсаңыз да, борбайқап (памперсті) киіп борсаңдап, шидей бұтына шалысып, буынын баса алмаған бөбекті көресіз. Теледидарға алаңсыз телмірген анасы сағаттап «Қалаулым» мен ұзын-сонар сериалдардың «ішіне» кіріп-шығып, қалғып-мүлгіп отырады. Бұдан кім ұтып, кім ұтылады?
Қазақстанға ғасыр басында мода боп кірген «памперсті» бұтынан тастамаған бозбалалар бүгінде отызға келді. Солардың бірқатары бұрын алпыстан асқан ақсақалдар амалсыз қаралатын урологтардың табалдырығын тоздырып, олардан қайран болмағасын, белсіздікке қарсы қолданатын дәрі–дәрмек іздеп, Интернетті ақтарып, құпиялықты да сақтайтын әрі сапалы емдейтін шетел дәрігерлеріне жүгінуде.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, ердің белсіздігі, қыздың бедеулігі салдарынан әрбір үйленген он отбасының жетеуі ажырасып тынуда.
Қазір борбайқапты аптасына бірнеше блогымен алып жатқан ата-аналар памперстің саудасын одан сайын қыздырып, болашағымызға балта шауып жатыр.
Осылайша бесіктен безіп, жөргектен жерігендер еуропалық болып жатырмыз деседі. Қазір сол Батыс жұртындағы белсіздікке соқтырып, соңы үлкен қатерлерге әкелген «Procter@Gamble» компаниясының памперс өнімінен еуропалықтар бас тартып, оны ел ішінде пайдаланбау жөнінде түрлі акциялар өткізіп, далаға лақтыруда.
Маман дәрігерлердің айтуынша, памперстің зиянды тұсы – сәби кіші дәретке барған соң, бастапқыда табиғи мүшесінің температурасы көтеріліп, памперске сіңген зәр қайтадан суып, аталық бездің дамуын тежейді. Тартып байлап тастағандықтан ауа өткізбей, жыныс мүшесі әлсірейді. Шыжың болады.
Бұрын ата-бабаларымыз алып жүруге де қолайлы, барынша жеңіл бесіктерімен де көшіп қонды. Бесікте жатқан баланың ұйқысы да тыныш. Бұты да таза. Тамағы да тоқ.
Қазір Қазақстанда ел аумағы бойынша бір ғана Түркістан қаласында «Бесік базар» бар. Мұнда маманданған шеберлердің өздері де тапсырыс бойынша және өздерінің дүкендер желісі арқылы сатуда. Қатты айшықталмаған қарапайым бесіктер 35 мың теңге тұрса, барынша әсемделгендері 50-60 мың теңгеге дейін барады. Бұрын отбасындағы барлық бала бесікке жатқызылғандықтан ол киелі болып саналып, керегенің басына биік жерге іліп қоятын. Ал, енді борбайқапқа келейік. Аптасына 1 мың теңгеден арзанға сатып алғанның өзінде айына төрт мың теңге жылына қырық мың теңге жұмсалады. Екі жылда сексен мың теңге далаға кетті деген сөз. Оған қоса «шыжың» ауруын жұқтырған бозбала мен бойжеткендеріміз нәресте сүйе алмай жүр.
Мен жақында Жаңақорғандағы «Ақ шуақ» шипажайында демалдым. Сонда байқағаным бұрындары негізінен шипажайға баратындар егде тартқан шал-кемпірлер болатын. Қазір жастар көбейген. Көбісі жақында үйленгендер. «Ақ шуақ» шипажайының бас дәрігері Ғазиз Ілиясовтан сұрағанымда: «Көке ау, бұл борбайқап деген ұлтымызды жоюға арналған оңбаған нәрсе болып отыр ғой. Тұқымымызды тұздай құртатын болды. Оны өртеуге де келмейді. Табиғатты да бүлдіріп жатыр. Өзіміздің бесігімізге қайта оралмасақ болмайтын түрі бар»,-деді мұңайып.
Қазір еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өткізіліп жатыр. Осы акцияларға қатысып жүрген табиғат қорғаушылары мен зиялы қауым өкілдері, еріктілер қала маңында борсыған борбайқаптардың толып кеткеніне куә болып жүр. Оның сыртында қай ауылдың тұсынан өтсеңіз де, қай аулаға кірсеңіз де, отқа салсаң жанбайтын, суға салсаң батпайтын борбайқаптардың борсыған иісінен басыңыз айналып, жүрегіңіз айниды.
Бесіктен безудің басқа елдің экономикасына қыруар қаржы құйып қана қоймай, ұлтымыздың болашағына кешегі қуғын-сүргін мен алапат аштықтың әкелгеніндей зор кесепат туғызып, ұл-қызымызды белсіздікке соқтырып, тұқымымызды тұздай құртып жатқандығын зерттеп, зерделеп жатқан, сараптама жасап, тұшымды ой қозғайтын мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйымдар, медициналық орындардың болмағаны ма?!
«COMPAKT БЕСІК» ЖАСАУДЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Қазір жас отбасылар алып жүруге ыңғайсыз деп бесіктен безінеді. Ал, шындап іздесе жиналмалы, көлікке салып алып жүруге қолайлы бесіктер жасап жатқан шеберлер де бар. Мәселен, ақтөбелік мұғалім Әлібек Тайман ықшамдалған бесік жасап, тапсырыс қабылдайды. Енді жаңа құрылғы сатып алып, екі күнде бір бесік шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды «КАЗИНФОРМ».
Ақтөбелік мұғалім әрі қолөнер шебері қазір жиналмалы бесік сөзін қолданбайды. Еліміздің өзге өңіріндегі шебер бұл атауды патенттеп алып, кейін оны қолдануға тыйым салған. Сөйтіп Әлібек Тайман жиналмалы сөзін ықшамдалмалы етіп өзгертіп, бесік жасау кәсібіне «Compakt бесік» атауын берді.
– Жұмыс істеп жүріп, қосымша табыс табуға уақыт аз болып жатыр. Бірақ өзім 2019 жылы балалы болып, ықшамдалмалы бесік жасағым келді. Сол кезде әлеуметтік желіде түрлі арналарды қарап, оңтайлысын таңдадым. Өзім жасайтын тәсіл түрік нұсқасы деп аталған. Тек бесікті жинау әдісін қолдандым. Өзгесі өз ойымның жемісі. Бесік үш бөлікке бөлінеді. Бірақ бір-бірінен ажыратылып қалмайды, бәрі топсамен бір-біріне бекітілген. Ортасынан бір, екі қапталынан бір бөлініп, жиналады. Ортасындағы ағашы құлақшалармен бекітіледі. Ал ою-өрнек кезінде көбіне Қошқар мүйіз оюын пайдаландым. Өз қолымнан шыққан дүниені әлеуметтік желіге жариялап, тапсырыс та қабылдадым. Екі жылда 30 бесік жасалды, – деді Әлібек Тайман.
Оның айтуынша, қазіргі кезде бір бесікті жасауға 10 күн қажет. Бұл ұзақ уақыт. Құрастыруға қажетті ағашты дайындау уақытын азайту үшін арнайы құрылғы сатып алып, екі күнде біреуін жасауды мақсат етіп отыр.
– Бесік жасауға қажетті аппаратты өзім құрастырып алдым. Күйдіріп, оятын аппаратты да жасадым. Кішкентай трансформатордан қуат алып, нихром-сым арқылы оюды күйдірдім. Бір жақ қапталын оюға 1 күннен астам уақыт керек. Екінші капталын оюға да дәл сондай уақыт қажет. Мұның бәріне көп уақыт қажет болған соң қазір бесік жасай алмай жүрмін. Бұл жарты жолдан тастап кететін кәсіп емес. Енді аппарат сатып алып, арнайы құрылғымен жасағым келеді. Цехты бірден ашу үшін көп қаржы керек шығар, – деді шебер.
Қазіргі кезде бесікке сұраныс көп. Себебі ол екі жыл бұрын «Compakt бесікті» 15 мың теңгеге сатқан. Ал қазір базардағы құны 60-70 мың теңге, кей жерде 100 мыңға таяған.
Ұстаз әрі шебер кәсіпке түбегейлі ден қоюды жоспарлаған емес. Екі жұмысты қатар алып жүру үшін ресми түрде бизнес те бастай алмай отыр.
– Өз ісіңді бастау үшін жеке кәсіпкер болу керек. Ал мұғалім жеке кәсіпкер бола алмайды деп естідім. Сондықтан мемлекеттік грант алуға ұсыныс бермедім. Бесіктен басқа сандық, ас табақ жасауға болады, – деді ол.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі бір кездері атақты шебердің шәкірті болды. Ұстазы Нұрлан Жақыбаев оған мектеп жасында-ақ ағаштан түрлі бұйым жасау, тері илеу, одан түрлі дүние дайындау әдіс-тәсілдерін, технологиясын үйретті. Ұстанымы мықты шәкірт бәрін ойға тоқып, өзі де осы саланы таңдады.
– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім алып жүрген кезде де ұстазыма жиі хабарласып тұрдым. Сөйтіп дипломдық жұмысымның тақырыбын ақылдастым. Мен жағлан сандығын жасауға бел буып, бар қыр-сырын қайта үйрендім. Мектепте оқып жүрген кезде жасағаным бар еді. Кейін студент кезде қайта жаңғыртып, үздік атандым. Сандық ағаштан жасалады. Тек сырты былғарымен қапталады. Ол үшін ірі қараның терісін илеп, кейін оған ою салып, сандыққа қаптадық, – деді Әлібек Тайман.
Түркістандық зиялы қауым өкілдері қайта-қайта дабыл қағып, «Түркістан» газетінің журналистерінің араласуымен «Шеберлер орталығы» қалпына келтірілді. Міне осы «Шеберлер орталығының» төрінен «Бесік базарға» орын берген жөн. Атамыз қазақ «талбесіктен жер бесікке дейін» деп бекер айтпаған. Түркі дүниесінің астанасы атанып жатқан киелі шаһарымыздың абыз ақсақалдары мен әз аналарымыз осы мәселеге бас-көз болып, жас ұрпақты борбайқаптан жеріндіріп, қайта бесігімізге оралайық. Бұл да бір «Таза Қазақстан» акциясының бастамасы болсын ағайын! Сіз не дейсіз оқырман?
Ескендір ЕРТАЙ.

Leave a reply