САУРАН: ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ – ОРАЛ ШЕБЕР

0
94


Халқымыздың ұлттық құндылықтарының ажырамас бөлігі – халықтық қолданбалы өнер, атап айтқанда қолөнер шеберлігі. Шынында да, Түркістан облысы көптеген қолөнер шеберлерін шыңдаған қасиетті жер. Бірақ, бүгінде құмырашы, темір ұстасы, дегрез сияқты шеберлер саусақпен санарлық. Түркістандық Орал Бабаханов (суретте) – осындай сирек кездесетін мамандық иелерінің бірі.
Орал ата 1952 жылы 28 наурызда Түркістан ауданы, Сунақ ауылында дүниеге келген. Ол 1959-1969 жылдары ауылдағы «Қызыл әскер» мектебінде білім алды. Содан кейін, бұрынғы Шымкент қаласындағы бұрынғы Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта оқып, сол кездегі ерекше мамандықтардан бірі – суретші-дизайнер мамандығын алды.
Еңбек жолын Түркістандағы темір конструкциялары және темірбетон бұйымдары кәсіпорындарында суретші болып бастаған. Шығармашылық адамдарының қиялы әсерлі болатыны белгілі. Сондықтан, 1986 жылы Украинадағы Чернобыль атом станциясындағы апаттан қатты әсерленіп, еш ойланбастан еріктілер қатарына көмекке барды. Ол екі жыл Хойники кәсіподағында болып, қайғылы оқиғаның асқынуларын жоюға қатысты, жанқиярлығы мен белсенділігі үшін 1991 жылы «Чернобыль батыры» медалімен марапатталды.
Орал ата Украинадан оралғаннан кейін Шымкент қаласында тұрып, 1989-1992 жылдары N21 А.Чехов мектебінде бейнелеу өнері пәнінен сабақ берді. Оның осы ұжымдағы жұмысы да жемісті болды. Көптеген достар тапты, шәкірттер тәрбиеледі.
Содан кейін отбасы мүшелерінің ұсынысымен Түркістанға қайта оралды, алдымен 1992-2009 жылдары Әмір Темір, Ал 2009-2015 жылдары А.Байтұрсынов атындағы мектептерде қызмет еткен. Сондай-ақ, қосымша жұмыс атқарушы ретінде Қ.A.Ясауи кесенесінде қышшы-саз ұстасы қызметін атқарды. Орал ата өткен кезеңді еске алып, мұндай жақсы әрі сауапты істің басында тұрғанын мақтан тұтады.
Сол кезде тек кесене үшін ғана емес, Тараз қаласындағы Айша Бибі, Сауран ауылындағы Сунақ ата, басқа да көптеген құрылыстар үшін құмырашылық әдісімен кірпіш жеткізуде берекелі тер төкті.
Орал атадан ұстаздары мен шәкірттері туралы сұрағанымызда, ол мектепте география және математикадан сабақ берген Халил Жумадиллаев, Халық Неметов және Шарафиддин Нуриллаев, әріптестері мен шәкірттері Хамза Мирхайдаров, Әлішер Мухаммеджанов, Махмуджан Яқубов, Фархад Тошматов және Әмірәлі Нишановтың есімдерін ерекше құрметпен айтты.
Ата жұбайы марқұм Гулчехра Ирисалиқызымен бірге отбасында 4 перзент тәрбиелеп, өсірді. Балаларының ішінен Матлуба әкесі сияқты суретші мамандығын таңдады, Мавлуда мұғалім, Вахид – атақты шебер, ал Нурсаид Түркияда кәсіпкерлікпен айналысады. Ата бүгінгі таңда балалары және 10 немересінің жанында тату-тәтті өмір кешуде.
Қазіргі күнде де Орал ата қоғамдық істермен белсенді айналысады. Атап айтқанда, ол қалалық ҰОС ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қызметін атқарады. Бұл күндері 72 жасқа келген атаға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасына береке мен бақыт тілейміз!
Закиржан МОМИНЖАНОВ.

Leave a reply