Сауран: Ескі Иқан ауылындағы қоқыс полигоны тазалануда

0
123

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сауран ауданындағыЕскі Иқан ауылындағы қоқыс полигоны қоқыстардан тазартылды. Бүгінде Сауран ауданында тазалық аптасы тұрақты жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы басталды. Бұған біздің облыс тұрғындары да жаппай үн қосты. Бұл бір реттік науқан емес. Президенттің өзі осылай деді. Мұндай жұмыстар үнемі жүргізілуі керек. Халықтың экологиялық мәдениетін, табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды арттыру мақсатында қолға алынған іс-шараға ешкім бейжай қарамауы керек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдады. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп. Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» акциясын бастадық. Осыған байланысты өткен аптадан бері аудан, қалаларда тазалық, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Осы салаға жауапты басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Арнайы техникалар, ресурстар бөлінді.

​Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдар аралығында өңіріміздегі 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет егу көзделген. Қазір жұмыстар жүруде. Биылдың өзінде 1 миллионнан астам көшет егілуде. Таулар да, ормандар да, өзен-көлдер де, байтақ дала да, ауылдар да, қалалар да – біздікі. Осы байлығымызға жанашырлықпен қарайық! Көшесінің тазалығына қарап, азаматын, халқын танисың.

Leave a reply