Воскресенье, 8 сентября

САУРАН: ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

0
62


Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына, Сауран ауданының 3 жылдығына, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай, «Бақытым сенсің – Түркістан» атты жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.
Өңіріміздегі ақын жазушылардың шығармашылығына қолдау білдіріп, ел руханиятына, өңір әдебиетінің өркендеуіне үлес қосу мақсатында өткізілген мүшәйраға облыс көлемінде 50-ге жуық жазба ақындар қатысып, арнайы қазылар алқасының шешімімен іріктеуден өткен 9 ақын марапаттауға лайық деп танылды.
Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Абай Балажан, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, Қазақстан жазушылар одағының Түркістан облысы бойынша төрағасы, ақын, журналист Айдар Сейдәзім тағы басқа арнайы келген қонақтар қатысты.
Жазба ақындар мүшәйрасында жүлделі ІІІ орын 2 ақынға бұйырды. Олар Арқалық Әмәлият пен Роза Сұлтанәлиева, ІІ орынды Нұрғиса Төремұрат, І орынды Дәурен Тілеухан иемденді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, айтулы ақындар мүшәйрасының бас жүлдесі жерлесіміз Ердәулет Бұхарбайға бұйырды. Мүшәйраға қатысқан барлық жүлдегерлер мен жеңімпазға қаржылай сый-сияпаттар табысталды.

Leave a reply