САУРАН: ИБАТАНЫҢ ИГІЛІКТІ ИМАНИ ІСТЕРІ

0
61

Жақында оқу жылының аяқталуына орай, мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер Жаңа Иқан ауылдық округінің орталығынан биіктігі 23 метр, тудың ені 2 ұзындығы үш метр алып тұғырымен орнатты. Алыстан желбіреген Қазақстан Туы көз тартады.
Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаевтың айтуынша, ауылдастар өте ынтымақты, берекелі, бірі-біріне қашанда қол ұшын беруге әзір тұрады. Өткен жылы мектеп бітіргеніне жиырма жыл болған түлектер ауылдың бас қақпасына әсем арка орналастырды. Ауылда 72 мың гектар жер бар. 7871 адам тұрады. Жақында ортақ жайылымға 4000 гектар жер қайтарылды. Бұрынан ортақ жайылымда 4300 гектар жер бар болатын. Ауыл ақсақалы Бабажан Якубовтың айтуынша, ибаталықтар ежелгі «Асар» әдісімен 500 орындық мешіт салды. Қазір осы мешіт жанынан екі қабатты медресе салынуда. Өткен жылы түгел өртеніп кеткен Сабыр Бекбаевтың қасіретіне ортақтасқан ауылдастары қолда бар көмектерін жасап, «Асар» әдісімен алты бөлмелі жаңа үй тұрғызып берді. Бес баласымен жаңа үйге кірген Сабыр Бекбаевтың ауылдастарына алғысы шексіз.
– Менің қайғыма ортақтасып, үй тұрғызып берген ынтымағы мол дос-жарандарыма рахмет. Алдымен осы «Асардың» басы қасында жүрген Бабажан қажыға, Түркістан облыстық өзбек мәдени орталығының басшысы Райымжан Қошқаровқа, Сауран ауданы әкімдігіне, Сауран аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымына, мешіт жамағатына алғысымды білдіремін,-дейді қобалжып.
Бір қызығы қазір сексеннің төртеуіне иек артса да, Бабажан Якубов ақсақал шетелдік автокөлікті тізгіндеп, қажет болса Өзбекстанға да өтіп кете береді екен. Қала ішінде де еркін жүре береді. Жастарға ақыл-кеңестерін беріп, облыстық Ақсақалдар алқасының жиналыстарынан да қалмайды. «Алдыңда қартың болса, жазулы хаттай» деген міне осы.
Ескендір ЕРТАЙ.

Leave a reply