Thursday, November 21

САУРАН: КІТАП – РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

0
67


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған орай Оқу ағарту министрінің Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы ұсынылған кітаптардың тізімі жасақталды.Отандық шығармалар қатарына А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары енді. Балаларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар – ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу басты мақсатымыз.Кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәселесін ата-аналармен және қоғаммен бірлесе қолға алу.Шығарма арқылы балалардың еркін ойлауына, көркем әдеби тілде сөйлеуіне, ой-өрісін дамытуға ықпал ету міндетіміз деп білеміз.
Мектебіміздің кітапханасында жалпы кітап қоры-16620
Әдеби кітаптар-5759
Биылғы жылы балалар кітапханасы бойынша аудандық білім бөлімінен -70 кітап берілді.
«Kitap Al» компаниясы -50 кітапты сыйға тартты.
Кітапханада «Өлке тарихы», «Еңбек ардагерлері», «Мәдениет майталмандары» – балалар жазушыларына арналған бұрыштар ұйымдастырылған.
Жаңа ғасырдың ұлы көшінде, тәуелсіз Қазақстан болашағының тұғыры биік тұтқасы мықты болуы, тәрбие мен білімді ұрпақ еншісінде. Сол сенім мен үміт артқан ұрпақтың тәлім- тәрбие беретін орны ол – мектеп. Кітап рухани сарқылмас қазына, білімнің қайнар бұлағы, адамзаттың баға жетпес құндылығы. Көз жетпейтін жерге, ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да кітап екені ақиқат. Оқыған кітаптағы кейіпкерлерге еліктеудің өзі, тектілікке, кемел адамгершілікке, мәдениеттілікке қол жеткізу, шыңдала түсудің көрсеткіші екені хақ. «Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз» миссиясы бойынша «Kitap Al» компаниясы -50 кітапты сыйға тартты. Тәрбиеленушілер арасында кітап оқудың маңыздылығын түсіндіріп, ерікті оқырмандар клубы ашылды. Жетекшілермен бірге ерікті оқырмандар бірлесе кітапты оқып, әр аптада кітапханашылардың ұйымдастыруымен талқылап отырды. «Kitap Al» акциясында сыйға тартқан кітаптарды тек оқушылар ғана емес, ұжым мүшелері де қызыға оқып, ой сүзгісінен өткізіліп, кешкі тынығу барысында сол оқыған кітаптары бойынша түсінік айтылып отырады. Сонымен қатар барлық сыныптарда тәрбиеленушілерді кітап оқуға қызықтыру,сауаттылығын арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында қаңтар айында «Бір сынып-бір кітап» челленджі ұйымдастырылды. Челленджде жас ерекшеліктеріне сәйкес, кітаптар бөлініп берілді. Кітапты оқуға 1-апта уақыт беріліп, барлық оқушылар кітапты бірге талқылап, қажет жерлерін жатқа айтып, көрініс арқылы көрсетіп отырды. Кітап оқудың тілдік төрт дағдысы бойынша айтылым, тыңдалым, жазылым, қойылым дағдылары қалыптасты. Апталық барысында барлық оқушылар балалар кітапханасы бойынша кітап оқуға тартылды. Көркем әдебиеттің көне жанры-ертегі. Бастауыш сыныптар үнемі жатар алдында тәрбиешілері ертегі оқып немесе сынып болып оқып үнемі талқылайды. Жатақханада арнайы кітап бұрышы ұйымдастырылып, апта сайын кітап қорын өзгертіп отырады. Білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыруда «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» жобасы аясында ақпан айында «Оқуға құштар мектеп» челленджі өткізілді. Өздері таңдаған кітабынан үзінді оқып басқа қатысушылармен ой бөлісті. Менің сүйікті кітабым көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ Сауран аудандық кітапханасымен бірлесе отырып «Бір ел, бір кітап» акциясына қатысып оқушыларымыз 2-орын иеленді.
Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан, әлеуметтік желіден дайын өнімдерді көруге бейім, мұның барлығы балалардың кітап оқуға үлкен кедергісін келтіреді, осындай кедергілерді жою, тәрбиеленушілердің дүниетанымын кеңейту мақсатында 8-9 сыныптар аралығында ата-аналарымен бірге « Білім мен байлық, қайсысы артық?» пікірталас өткізілді. «Әліппе», «Бар кітаптың атасы» бұлай дейтініміз балаларымыздың қолына ұстайтын тұңғыш оқу құралы. Сауаттылықтың негізін қалайтын, білімнің тереңге баулуына жол ашатын бірден- бір кітап- бұл Әліппе. Біздің мектебіміздің түлегі «Әліппе» бірінші сынып оқушыларына арналған көмекші оқу құралының авторы Ділдәгүл Нұрмаханбетпен кездесу өткізілді.
Ата-аналармен бірлесе отырып «Ақпараттан ақ қараны ажыратайық!» деген тақырып бойынша пікір-сайыс өткізіліп, оқушыларға ұялы телефонға үңілмей, әдеби кітап оқыңдар деген үндеу тасталды.
Жапырақсыз қалса бұтақ –жетім,
Оқылмай қалса кітап-жетім
Білімсіз болса ұрпақ- жетім
Қорғаусыз болса ұлт жетім,
Кітап оқымағанның ойы жетім демей ме- қоғамымыздың рухани әлемнің жұтаңдап әкетіп бара жатқан мәселеге ден қою мақсатында «Кім көп кітап оқыды?» сайысы ұйымдастырылып, әр тоқсан сайын үздік оқырманды анықтап, кітапханашы С.Құрманбекова, Н.Оңтай марапаттап отырады. Бастауыш сыныптарда ең көп оқитын оқырман 4ә-сынып оқушысы Телібай Едіге ертегі, әдеби кітаптарды оқып, қазіргі таңда энциклопедия оқып жүрген ең үздік оқырманымыз. 5-8 сыныптардан Жұмахан Арай 37-кітап оқыған, 9-сыныптардан Айару Абдужалал 1-жылда 25 кітап оқыған. Ал Абдужала Айару М.Мақатаев аудандық олимпиадада жүлделі 2 орын, Ақберен байқауынан 2 орын, М.Мақатаев оқулары бас жүлде, «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 2 орын, «Шешендік өнер» Сауран ауданы бойынша 1-орын, Түркістан облысы бойынша 2-орын, Республикадан 2-орын алып жүрген шәкірттеріміз, мұның барлығы кітапты көп оқығанның нәтижесі деп білеміз.
Бала – біздің болашағымыз, Қазақстанның бүгіні мен болашағы жастардың еншісінде. Бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мығым тірегі десек, жастарымыз жан-жақты терең білімді, сауатты болуы қажет.Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақ – мектеп пен кітапхана. Оқушыларды дамытудың негізгі баспалдағы, жетістікке жетудің бірден- бір жолы – кітап оқу. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2023-2024 оқу жылында айтып өткендей жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта да осындай ізгі істеріміз жалғасын табады деп сенім білдіреміз.
Гулдана УРАЗБЕКОВА,
Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Leave a reply