Вторник, 17 сентября

САУРАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0
65

Сауран аудандық мәдениет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай, салтанатты жиын, мерекелік концерт өтті. Мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев арнайы қатысып, атаулы мерекемен құттықтады. Өңіріміздің тұрғындарын өнермен сусындатып, түрлі деңгейдегі мәдени шараларды ұйымдастыруда кешенді қызмет атқарып келе жатқан мәдениет саласының майталмандарын, сала үздіктеріне арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табыс етті.
🗣️ — Сауран өңірі ежелден өзіндік мәдениеті қалыптасқан, тарих тереңіне тамыр тартқан өнер тарландарына бай өлке. Сауран топырағында дүниеге келіп, бүгінгі таңда республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген таланттарымыз өрісімізді кеңейтіп, туған жеріміздің мерейін арттырып жүр. Ауданнан шыққан талантты жас өнерпаздарымыз да халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, аудан абыройын асқақтатып келеді. Бүгінде мәдениет қызметкерлері ұлттық өнерімізді дәріптеп, халықты өнерімен сусындатып, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Атаулы мереке қарсаңында барша мәдениет саласы қызметкерлерін, сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын — деді аудан әкімінің орынбасары.
🔹Мерекелік шара аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Онда «Күлдіре білу – өнер» тақырыбында өнерпаздар түрлі топтарға бөлініп, сатиралық қойлымдар орындап, халықтың қошеметіне бөленді.

Leave a reply