Thursday, November 21

САУРАН: ОРАНҒАЙДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛІП, 50 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

0
56

Бүгін Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында 250-ден аса адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округінен азаматтар қатысып, округтің орталық, басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округтерінде тұрақты жалғасын тауып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы науқандық емес, тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 9 техника жұмылдырылды. Маңызы бар орталық автожолының бойы қоқыстардан тазаланып, шөп ору, ретсіз өскен ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары қатар жүргізілді. Нәтижесінде 50 тонна қоқыс шығарылып, тазартылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар күннің аптап ыстығына қарамай сенбілік жұмыстарын тұрақты жалғастырып келеді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында өңірдегі 275 саябақ пен аллея және 192 балалар мен спорт алаңшалары тазаланды. Бұл іс-шараларға 279 техника мен 15 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 2025 жылдың соңына дейін облыстағы 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет егу көзделіп отыр.

Leave a reply