Thursday, November 21

САУРАН СЕКТОРЫНДАҒЫ САН АЛУАН ТІРЛІКТЕР

0
106

Түркістан қаласындағы Сауран секторының тұрғындарымен кездесуін шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков жаңа мектептердің құрылысынан бастады. Оның айтуынша, биылғы жылы екі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар Төле би №19 және М.Пошанов №21 мектептері. Алдағы уақытта қала аумағында он бір мектептің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде Сауран секторында 600 орынды құрайтын бір мектеп құрылысын бастау көзделуде. Сауран секторында үш нысанның құрылысы аяқталып, жеті мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, бір нысанның құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындардың жасаған өтініштеріне сәйкес, Жұбанов, Мыңбасы, Бәйсейітов, Ыбырайұлы және Балақаев көшелеріне бес трансформатор орнатылды. Сауран мөлтек ауданы аумағында жаңадан қоныстанған аумақтарды және ауыз су жүргізілмеген көшелерді су құбырымен қамту жобасы іске асырылуда. №1, 2- мөлтек аудандар және мақта зауытының шағын ауданының ауыз су желілерін жаңа полиэтиленді құбырға жаңалау, қысымдылығын арттыру, кіші диаметрлік құбырларды үлкен диаметрлік құбырларға қайта ауыстыру және орталық су магистральдеріне біріктіру мақсатында екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, бір нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30% дан 10%-ға дейін төмендейтін болады. Сауран секторында 175 шақырым құрайтын 156 көше бар. Оның ішінде 39 көше асфальт жол, 109 көше тас жол, сегіз көше топырақ жол. Ағымдағы жылы 1,38 шақырым құрайтын үш көше орташа жөндеуден өтті. 21,7 шақырым құрайтын 34 көшеге тас төселді. 9,1 шақырым құрайтын он көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Жангелдин көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Баянауыл аумағына қарасты 16 көшеде жарықтандыру жүйесінің құрылысы іске асырылуда. Түркістан қаласы, №1-2 мөлтек ауданын абаттандыру нәтижесінде аула арасына сегіз гектарға асфальт төселді. 2,5 гектар аумақ көгалдандырылды. 35 дана ойын алаңшалары мен воркаут, бес жерге спорт алаңшасы орнатылды.

-Қаланың барлық тұрғындары, мемлекеттік құрылымдары мен қоғамдық ұйымдары, құқық қорғау қызметкерлері биылғы жылы екі мәрте өздерінің ортақ мақсат, мүддеге бағытталған ынтымағы мен бірлігін дәлелдеді. Біріншісі, Референдум өткізу кезінде және екіншісі кезектен тыс президенттік сайлауға үлкен белсенділікпен қатысуы. Сіздердің осы екі бірдей саяси науқанда ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсеткендеріңіз үлін алғысымды білдеремін. «Бақ қайда барасың дегенде, бірлікке барамын» деген екен. Бірлігіміз бен ынтымағымыз уақыт тезінде шыңдала берсін. Ауызбіршілігіміз болса, алар асуымыз әлі алда ,-деп қорытындылады сөзін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

 

Leave a reply