Thursday, November 21

САУРАН: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ҚОС ДИІРМЕН

0
62


Оранғай елді мекен тұрғындары Абдувохабов Тайыржан, Мадазимов Хакимжан, Бабажанов Маматкаримқажы, Сатыбалдиев Атахан, Абдувохабов Розбай бастаған ауыл ақсақалдары XIX ғасыр аяғында пайдалануға берілген «Қос диірмен» тарихынан сыр шертті. Аймақ тарихында аты аңызға айналған «Қос диірмен» қазіргі Сауран ауданы, Оранғай елдімекенінде орналасқан, бұл диірмен шамамен 1800 -1900 жылдар арасында құрылған. Жергілікті халық, Қаратау бөктерінен ағысын бастайтын Қарашық өзенінің қатты ағысымен келетін мол судың төменгі арнасын ұтымды пайда-ланып, ыңғайлы жеріне қолдан жасалған үлкен екі жалпақ дөңгелек тәрізді тас-тарды бір-біріне беттестіріп құралған қос диірмен тұрғызылған. Бұл қасиетті диір-мендер жұмыстарына қолданылған тас-тары мен тіреуіш ағаштары, өзеннен келе-тін су арналары осы күнге дейін сақталған. Диірмендер шамамен тәулігіне үш, төрт тонна бидайды өңдеп екі тоннадай таза ұн өнімін шығарып отырған. Сондай-ақ, 1930-1933 жылдарғы ашаршылық кезең-дерінде көптеген халықтар осы диірмен маңына ағыла келіп, өздерінің қолдарында бар дәнді дақылдарын (бидай, жүгері) ұн жасатқан. Яғни, бұл диірмендер қазіргі Түркістан, Қызылорда облыстарының Созақ, Кентау, Түркістан, Жаңақорған, Шиелі қалалары мен аудандарының сол кезеңдегі тұрғындарына қызмет атқарған. Диірмендер жұмысы 1973 жылға дейін жұмыс істеп келген. Бұл тарихи әңгімелерді диірменді 1973 жылға дейін жұмысын істеп, бас көз болып келген соңғы диірменші болған марқұм 1900 жылы туылған Абдувохабұлы Тажимухаммад атамыздың ұлы 1956 жылы туылған Абдувохабов Тайыр ағамыз көзіне жас ала айтып берді.
Д.ОМАРОВ,
Сауран ауданы әкімдігінің «Оранғай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-сі әкім орынбасарының м.а бас маманы.

Leave a reply