САУРАН: ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
Сауран ауданының аумағында 52 тарихи-мәдени нысандар бар. Оның барлығы Мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде тіркелген. Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелері бар. Қазір көптеген дамыған мемлекеттер туризм саласына барынша дамыту арқылы, сервистік қызмет түрлерін жақсарту, жаңғырту арқылы мол пайдаға кенеліп отыр. Сауран ауданында туризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан.
Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның құрамына қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ кіреді.
Одан бөлек Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесінен жоба құны 97 млн.теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді.
Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға 2022 жылы 72 мың турист келген болса, 2023 қорытындысымен 85 579 мың турист табан тіреген.
Жылдың қорытындысымен 1,157 млрд.теңгеге орындалып, жалпы құны 802,1 млн.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 76 жаңа жұмыс орны ашылды. «Ақжол» жол бойындағы қызмет көрсету орталығына 97 млн.теңге бөлінді. Жүсіп ата кесенесі аумағындағы Сапар орталығы 97 млн.теңге Үшқайық ауылдық округіндегі спорт кешеніне 151 млн.теңге, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 85,7 млн теңге, Ескі Иқан ауылдық округінде тамақтану орнына 173 млн теңге, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орнына 96,9 млн теңге, Иассы ауылдық округіндегі «Ozen» демалыс аймағына 101,5 млн.теңге жұмсау көзделіп отыр.
Сауран ауданына саяхатшылардың көптеп келуіне байланысты жергілікті халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Оның ішінде тамақтандыру орындары, қонақүйлер, такси қызметін атқарушылар туристердің алғысына бөленетіні даусыз. Сөз соңында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасымен мақаламызды аяқтауды жөн көріп отырмыз.
«Маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет. Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет. Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелерін мұқият талқылау қажет».
Кәсіпкерлерге, орта және шағын бизнес өкілдеріне Мемлекет барынша қолайлы жағдайлар жасаса, елдің дамуына іскер қауымның сіңіретін еңбегі зор. Мұны небәрі үш жылда ғана Сауран ауданы кәсіпкерлерінің атқарып жатқан қыруар жұмыстарынан көруге болады.